Startup Weekend [стартап уикенд] – идеясын бизнеске айналдырғысы келетін жандарға арналған үлкен мүмкіндік. Ақпан айының 10-12 күндері Астанада ұйымдастырылып отырған шараға технологияға қатысты идеясын бизнеске айналдырғысы келетін кез-келген адам қатыса алады. Жалғасын оқыңыз »
Анасы – қазақ, әкесі – америкалық. Ларамидегі Уайоминг Университетінен қазақтарды іздегенде жұрттың бәрі Жаннаны ауызға алатын. Бірінші курсты енді бастап жатқан қызылордалық қыздың белсенділігі мен ақкөңілділігі шынымен де кампустағылардың бәрін баурап алған екен.
Жанна туралы жеке блогымдағы Шетелдік студенттерге тақиям жетпей қалдыЖаннамен сұхбат деген жазбамда жазған едім.
Бұл үнхабардан Жаннаның Америка мен Қазақстанда білім алуға қатысты ойларын тыңдай аласыз. Қазақ пен америкалық дәстүр-танымның арасында өскен адамның қандай болатынын шамамен енді болжауға болатын сияқты.
Podcast: Play in new window | Download (0.0KB)
Өткен аптада Нью Йоркқа жолым түскен. Уол Стриттегі мына бір көріністі көрдім. Нью Йорк жастары Санта Клаус, эльф болып киініп алып, елдің назарын өздеріне қаратып жүр екен. Содан түсірген видеоны ұсынып отырмын.
Америкада әрбір …
Электронды поштама жолданған дінтанушы, мәдениеттанушы Мұртаза Бұлұтайдың пікірлерін өзге басылымдар жариялар, жарияламасын білмедім. Сондықтан “Тәуелсіздік күндері жазылған күнделіктерім” деген атпен өрнектелген ойларын сол қалпында жариялап отырмын.
Мұртаза БҰЛҰТАЙ
ф.ғ.к., дінтанушы, мәдениеттанушы
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНДЕРІ ЖАЗЫЛҒАН КҮНДЕЛІКТЕРІМ
16-20 желтоқсан, 2011
(20 …
Крисмас мейрамы қарсаңында америкалық келіншек Қазақстанның Солтүстігіндегі жетімдер үйіне сыйлықтарын алып бармақ. Төрт баласын Ақкөл қаласындағы жетімдер үйінен асырап алған Ненси Габбардқа қызының “қыста бәріміз тоңатынбыз” деген сөзі түрткі болған.
Жаңаөзендегі оқиға арнайы ұйымдастырылды дегенге сенімім көптеу еді. Әділ Нұрмақовтың “Жаңаөзен” оқиғасы жайлы ақпараттың қалай таралғанына жасаған сараптамасы біраз жайттың бетін ашты.
Әділ Нұрмақовтың Yvison.kz блогында орыс тілінде жариялаған жазбасындағы ойларды түйіндеп ұсынып отырмын:
Жаңаөзендегі оқиға …
Мына видеоны таяуда ғана Қазақстанда волонтер болған Алекс Уайт түсірді. Қазақстанның тәуелсіздік күнінде Колорадо штатындағы өз жиендерінің бастауыш мектептеріне барып, Қазақстан туралы арнайы баяндама жасап, дәстүрін таныстырған екен.
Тәуелсіздік күнімен достарымды құттықтайын деп, әлеуметтік желіні ашқаным сол еді, Жаңаөзен жайлы хабарлар көңілімді су сепкендей басты. Толық түсінікті болуы үшін әуелі ресми дереккөзден бастайын.
Ашхабадты көру көптен бергі арманым. Алматыда түркімен студенттермен таныстығым болып, олардың әңгімелерін естігендіктен болар немесе көршілес елдердің арасында тұйықталғандығынан ба, онысын білмедім. Әйтеуір Түркіменстан десе, құлағым елеңдейтін болыпты.
Қазақстанда ұлттық саясатқа жөнді көңіл бөлінбей отырғаны аян. Көбіне бұл тақырыпты қазақ журналистері қозғайды. Қазақ хандары мен батырларына арналған ескеркіштер де сын тезіне жиі ілінеді.
Тұрмыс-салты ортақ болған ұлыстардың тағамдарында да ұқсастықтар көп. Тұрсынжан әзірлеген ұйғырша наның дәмін татып көрсем де, қалай әзірленетінін білмеген екенмін. Бұл жолы Тұрсынжанның нанды қалай пісіргенін бірге көре аламыз.
Жобалап алғанда осындай сұраққа жауап таптым. Әлгінде қазақстандықтардың интернетті қолдануына орай жүргізілген зерттеудің нәтижесін көрдім. Бәрінен де төмендегі кестедегі мәліметтер қызық көрінді (үстінен шертсеңіз көлемі ұлғаяды)
соңғы пікірлер