Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Білім, Интернет

Орталық Азия BarCamp 2010 мәресіне жетті

Авторы on Wednesday, 21 April 2010
Білім, Интернет
1 пікір

16-18 ақпан аралығында Алматы қаласында Орталық Азия Баркемп 2010 Интернет пен Жаңа Медиа саласының мамандарын тағы да жинап, қызықты ақпарат пен идеяларға толы, есте қаларлық шара өткізді. Былтырғыдай шара ұйымдастырушылары Елена Джетпіспаева мен Инесса Шлапак, ал бас серіктестері Сорос-Қазақстан, ҚМЭБИ, Мінбер.кз, техникалық серіктестері IDNet, IDHost, ақпараттық серіктестері Yvision.kz, Nur.kz, Gazeta.kz, Neweurasia және т.б. болды.

Бірінші күн әдеттегідей тіркелу мен танысумен шектелсе, екінші күні сағат 10.00 шараның ресми ашылуы болып, баспасөз конференциясы жасалды. Оған серіктестер мен ұйымдастырушылар қатысып, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Сағат 11.00-де презентациялар басталды. Мобильді интернет-дүкен Ovi мен Internet Explorer 8 шолғышы қатысушыларды өз мүмкіндіктерімен таныстырды. Ал екіге қарай баркемп қатысушыларының презентациялары басталды. Биылғы жылы қазақ тілінде 5 презентация жасалды. Оларды қазақ блогшылары өткізген болатын. Презентациялар: Қазақ тілді сөздік, Жаңа медиа мен Маркетинг, Жаңа Медиа мен Дәстүрлі БАҚ, Әдеби сайттар төңірегінде болды. Тақырыптарды талқылаған кезде түрлі қызықты сұрақтар қойылды, әсіресе баркемпке алғаш рет қатысып отырған ҚазҰУ журфак студенттері үшін Жаңа Медиа мен Интернеттегі құбылыстар жайындағы баяндамалар қызықты болды деген үміттемін.

4537812496_288da184d8_o

Кешке қарай The Best Blog Award жүлдесінің қорытындысы шықты, жеңімпаздар төмендегідей:

  1. Ольга Цепилова – www.bookcase.kz
  2. Асхат Еркімбай – urimtal.wordpress.com
  3. Дарын Кайпбаев – ragazzo.yvision.kz

Баркемптің соңғы күнінде Notamedia мен Opera компаниялары қызықты жобаларымен таныстырып, Сорос-Қазақстан фонды панельді пікір-таластар өткізді. Сағат 4-ке қарай ең қызықтысы басталды – BarCamp Ideas Market. Оған қазақстандық қатысушылар өз жобаларын ұсынып, әділ қазылар алқасы алдында оларды қорғап шығуы тиіс еді. «ҚазақТелеком» АҚ өз таңдауын жасап, жеңімпаздарды төмендегідей таңдады:

  1. Ренат Алимбеков – Priut.kz жобасы
  2. Асет Нурпеисов – Literature.kz әдеби портал
  3. Герман Ильин – Algoprog.kz программистер бірлестігі
  4. Алмас Тилегенов – транслитерацияға қатысты жоба

Сонымен, Баркемп мәресіне жетті және оған қатысқан әр қатысушы өзіне қажет ақпарат алып, идеяларын талқылап, жаңа достар тапты деген сенімдемін.

фото: Нұрайым Рысқұлова

1 пікір »

Leave a comment!

Add your comment below, or trackback from your own site. You can also subscribe to these comments via RSS.

Be nice. Keep it clean. Stay on topic. No spam.

You can use these tags:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

This is a Gravatar-enabled weblog. To get your own globally-recognized-avatar, please register at Gravatar.