Қажылық қорлары
Білім, Экономика5 пікір
Өткен апталарда көршілес блогтан ислам банкингіне қатысты семинар өтетінін оқыған едім. Сәті туып, Fattah finance ұйымдастырған семинарға қатыстым.
Бұған дейін ислам қаржы құралдары туралы там-тұмдап жинап жүрген деректер Бекжан Толыбайдың (сол компанияда басшылық қызметтердің бірінде еңбек етуде) семинарынан соң, “Қажылық қорлар” деген тың мәліметпен толықты. Бәлкім, біреулеріңіз бұдан хабардар боларсыз. Сондықтан алып-қосарыңыз болса, қуаныштымын.
Малайзия мен Біріккен Араб Әмірлігінде ислами қаржы құралдарының дамуына мұсылмандардың сандарының көбейгендігі түрткі болған. Олар мұсылмандар ақшаны ислами құралдарға құймайтынын байқады. Сөйтіп олар “Қажылық қорларын” дүниеге әкелді.
Қазақстанда ақша сақтайтын қаржы құралдары тапшы. Бар болғаны депозиттер мен сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары бар. Сондықтан ислам қаржы нарығын дамытқысы келетіндер халқымыздың 60 %-ы мұсылман екенін ескере отырып, Қажылық қорларға (Eng, Hajj fund) баса мән бермек.
“Қажылық қорлар” аты айтып тұрғандай қажылыққа баруға ниеттенгендерге жәрдемдеседі. Олардың бастапқы ақшасын алып, нарыққа жұмсайды. Мәселен, еліміздегі бір компания қажылыққа барғысы келетіндердің ақшасына халал ет өндірісіне құймақшы. Ол жердегі халал етті сыртқа экпорттап, табысты қажылыққа барғысы келетіндергі қайтарады.
Әрбір амал ниетке байланысты деген түсінік бар. Соған сәйкес қажылыққа баруға ниет еткен адамның амалы сол “Қажылық қорына” қатынасынан да білінетін тәрізді. Малайзияда егер қажылыққа бару нәсіп етпесе, ол ақшаны туысқандарына береді екен. Немесе мұрагерлік салт бойынша бөлінеді.
Сурет СС рұқсаты негізінде transposition есімді Flickr қолданушысының мұрағатынан алынды



Бұл жерде қазақстандық мұсылмандардың Исламды күнделікті өмірде практикаға айналдыру бағытындағы білімі аса керек болып тұр.
Екіншіден, мұсылмандар үшін немқұрайдылықтан арылып, өздерінің тапқан табыстарынан артылған қаржылық қорларды Ислам рұқсат етпейтін депозит, акцияларға емес, /оларда болған болса, алып/ осы тәрізді ислам құралдарына салуы керек.
Сіз “Қажылық қорына” ақша құю арқылы нәсіп етсе, бес парыздың бірін орындайсыз.Нәсіп болмаса, ниетіңіз үшін сауап аласыз, иншАллаһ!
Жөн сөз, Rakhat! Мұсылмандардың қоғамдағы белсенділігі жетіспей жатыр. Бірақ жыл өткен сайын мұсылманшылық қоғамдық өмірде жиі байқала бастады.
Қызық мәлімет естідім. Мұсылмандарға депозиттегі сыйақыларын қайырымдылық қорларына аударуға рұқсат деген. Хабарыңыз бар ма?
[...] арналған қор екен. Толығырақ білемін десеңіз neweurasia қазақшасына жарияладым. Сол жерден оқуға [...]
Қазақстанның 60% этникалық тұрғыдан мұсылман болғанымен, Қазақстанды мұсылман елдеп айту үлкен қателік деп санаймын. Ислами практикасы болмаған елде мұсылман елдер қатарына жатпайды. Рахаттың айтқандарының жаны бар.
Депозиттің өсімі болса, онда харам. Ол даусыз мәселе. Ал оның өсімін қайырымдылық мақсатында жұмсау жайлы айтқаныңыз пәтуә ма сонда?
Пәтуа дей алмаймын. Мәліметтің анығын тексере алмай жатырмын. Алпыс пайызға қатысты айтқаныңыз орынды. Егер нақтылықты қаласақ, онда тұрғындарының басым көпшілігі мұсылман болып саналатын ел деп қабылдаңыз