Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Білім, Интернет

Орталық Азия журналистері мен блогшыларына арналған тегін курс

Авторы on Tuesday, 24 August 2010
Білім, Интернет
1 пікір

TOL (Transition Online) Орталық Азия елдерінің блогшылары мен БАҚ қызметкерлеріне арнап «Беспристрастный взгляд: улучшение освещения проблем этнических и других меньшинств» (“Этникалық  және өзге аз ұлттардың мәселелерін қоғамға шынайы жеткізуді жетілдіру)” тақырыбында қашықтықтан тегін журналистика курсын ұйымдастырмақ.

Transitions (TOL) – БАҚ саласындағы кәсіби мамандардың біліктілігін жоғарылату институты және халықаралық баспа “Аз ұлттар мәселесін ақпарат бетінде жариялау” атты тақырыптағы қашықтықтан оқытылатын курс ұсынады. Оқыту курсы Орталық Азия аймағына арнайы лайықталған.

Тегін оқытылатын курсқа Орталық Азия елдерінің (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан) блогшылары мен ақпарат құралдарының қызметкерлері шақырылады. Сондай ақ аталған курсқа қазір шетелде тұрып жатқан аталған елдердің азаматтары қатыса алады.

Бес оқыту модулінен тұратын оқыту курсының әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналған мәтінді зерттеу, оған арналған сауалдар мен жазбаша тапсырмалардан тұрады. Курс барысында тәжірибелі куратор қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, жазбаша тапсырмаларын өңдейді.

Курс орыс тілінде өтеді. Оқу ұзақтығы 5 апта.

Курсты сәтті аяқтаған қатысушыларға TOL сертификаты табысталады. Ең үздік студенттерге TOL ұйымдастыратын халықаралық курстарға қатысудың ақысы төленбек әрі TOL интернет-журналының  (www.tol.org) Орталық Азиядағы штаттан тыс тілшісі болу мүмкіндігі ұсынылмақ.

Бұл жобаны 1983 жылдан бері әлемде демократиялық құндылықтардың орнауына ат салысып келе жатқан The National Endowment for Democracy жеке, коммерциялық емес ұйым қаржыландыруда.

Аталған курсқа қатысу үшін on-line тіркелу керек: Оқыту курсы: «Беспристрастный взгляд: улучшение освещения проблем этнических и других меньшинств»

Сондай ақ тіркелу үшін өзіңіздің жеке түйіндемеңізді түсінік хатпен бірге мына мекенге жолдай аласыз balanovskayal@tol.org

Түсінік хат:

Түсінік хат 600 сөз көлемінде болып, төмендегі сұрақтарға жауап беруі керек:

  1. Неліктен бірнеше үміткердің арасынан сізді лайықты деп тануымыз керектігін түсіндіріңіз?
  2. Курста алатын білімді қалай пайдаланбақшысыз?
  3. Орталық Азияда аз ұлттар мәселесін қамтуда қандай түйткілді мәселелер бар деп ойлайсыз?

Курсқа қатысты қандай да бір сұрақтарыңыз болса, Лариса Балановскаяға мына поштамен хабарласыңыз: balanovskayal@tol.org

Өтініштер 2010 жылдың 20 қыркүйегіне дейін қабылданады

1 пікір »

Leave a comment!

Add your comment below, or trackback from your own site. You can also subscribe to these comments via RSS.

Be nice. Keep it clean. Stay on topic. No spam.

You can use these tags:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

This is a Gravatar-enabled weblog. To get your own globally-recognized-avatar, please register at Gravatar.