Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Интернет

Оразамыз қандай?

Авторы on Friday, 13 August 2010
Интернет
1 пікір

Рамазан айындағы оразаға арналған мәліметтер топтастырылған oraza.info сайтындағы жазбаға пікір қалдырушылар көп екен. Өмірінде алғашқы оразасын ұстап жатқан жанның ниеті сүйсінтеді. Себебі қоятын сұрақтарының ар жағынан шын ықыласты көресің.

“Жігітіммен сүйіссем бола ма?”, “Шашымды боясам бола ма?”, “Түкірік жұтуға бола ма?” т.с.с. сұрақтар жиі қайталаныпты. Бұл сауалдардың барлығынан елімізде дінге деген құштарлықтың артып келе жатқанын, алайда діни сауатсыздық мәселесі өршіп тұрғанын байқаймын. Сонымен қатар, интернеттен діни мәлімет іздейтіндердің көп уақытты білімді кеңейтуге емес, тек қана білуге арнайтындай болып көрінді.

Жаңа медиа саласын арнайы сарапшылармен саралағанда уақыт өте келе адамдар үшін мәліметті оқу емес, жай ғана біліп жүру маңызды болады дегені бар еді. Қазір тура соны көріп отырмын. Бұл жақсы, яки жаман деуден аулақпын. Бар болғаны қазіргі ақпараттандыру тасқынында мәлімет адамға ой салу үшін емес, тек қоғамнан қалып қоймау үшін ғана керек болып тұр. Бірақ діни сауаттылықта адам әлдебір кеңеске құлақ асса, оны түсініп қабылдағаны жөн.

Мәселен, түкірік жұт мәселесін алайық. Оразада түкірік жұтуға болады, тек жинап жұтуға болмайды. Себебі түкірік ол ауыз қуысында үнемі бөлініп тұратын сөл екені аян. Яғни жаратылысымыздағы бар нәрсе. Табиғи жаратылысымыздағы бар нәрсені біз шектеп, яки оны алып тастай алмаймыз. Бар болғаны дұрыс реттей білуіміз керек. Ашу, жақсы көру сезімдері де сол іспеттес.

Интернетте қазір қазақ тілінде көптеген форумдардағы негізгі тақырыптың бірі ораза екен. Бірақ ауыз бекітушілер өзара сәресіге тұра алмағанын, яки ауызашарға не істейтінін бөліседі. Құптарлық деуге болады. Бірақ пікіралмасулардан байқағаным, ораза тек тамақ ішпеу деп қана түсініледі екен. Көз оразасы, құлақ оразасы жайлы өте аз айтылады. Қайтпек керек?

Әрине, бір ай ішінде дұрыс мұсылман болып қалыптасамыз демеймін. Әйткенмен, исламның парызы саналатын білім іздеуді доғармасақ, діни құлшылығымыз да дұрысталып, шынайы мұсылманшылықтың рахатын сезінер едік дегім келеді. Сонымен, сіздің “Оразаңыз қандай?” деген сауалға қалай жауап берер едіңіз?

1 пікір »

Leave a comment!

Add your comment below, or trackback from your own site. You can also subscribe to these comments via RSS.

Be nice. Keep it clean. Stay on topic. No spam.

You can use these tags:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

This is a Gravatar-enabled weblog. To get your own globally-recognized-avatar, please register at Gravatar.