Қазақ блогшылары мәжіліс депутаттарының шешіміне наразы
Интернет8 пікір
Өткен аптада мәжіліс депутаттары мақұлдаған “Ақпараттық-коммуникациялық желілер” туралы Заң жобасы” қазақ блогшыларының белсенділігін оятты. Бір күннің ішінде бірнеше блогшылар заң жобасының Қазнеттің болашағына тигізер әсер ықпалын сараптауға тырысты. Қазақ блогшыларының пікірі бір жерден шықты деуге келмейді. Кейбіреулері бұл заң жобасына ашық қарсылығын білдірсе, енді біреулері “шетелдік тәжірибеге сүйеніп, бұған таңданудың қажеті жоқ ” деген пікірде.
“Мәссаған” ұлттық порталының іргетасын қалаушылардың бірі Жанарбек Матай өз блогында интернеттің мемлекет тарапынан қадағалануы дұрыс дей отыра, депуттардың қабылдаған заңын “шала піскен” заң деп бағалады:
Бұл заң менің ойымдағы заңға сәйкес келмейді. Бұл заң интернетте бір ауыз сөз айтуға мүмкіндік берген үшін бір үлкен сайт немесе блогқа тосқауыл қойады, ал халқымызға нағгыз қатерлі сайттарға тосқауыл қойа ала ма оған күмәнім бар. Бізге осы нағыз қәтерлі сайттарды қадағалайтын заң керек. Порно сайттарын, пираттық сайттарды қадағалайтын заң керек!
“Блогымызды бір оқпен атып өлтіретін болды” деп алаңдаушылығын білдірген Өрімталың блогына пікір қалдырған Symbat есімді блогшы:
Мен осыны күтіп едім… Сезіп едім.. Интернетті шектеу керек деп айтып жүрген блогшылардың өзі емес пе еді? Еш қарсы емеспіз, қадағалау керек деп! Енді армандарына жетіпті…
деп пікір қалдырған.
Бұған дейін өз блогында қазақ блогшыларының бірнешеуімен сұхбат жүргізген Нұрғиса блогында блогшылар қабылданғалы жатқан заңға қатысты өз ойларын білдірген еді. Алайда олардың дені: “Интернет қадағаланғанымен бірінші кезекте анайылыққа үндейтін ресурстарды тезге салу керек” деген ой айтқан. Осы тақырыпқа қатысты өзінің ойымен бөліскен қазақ жастарының танымал порталы “Мәссаған” сайтының админі Бақытнұр:
Реттейтін болса қазақтардың намысына тиетін пікірлері бар, нацистік, шовинистік сайттарды бірінші кезекте ретке келтіру керек. Қазақ сайттарына Үкімет тарапынан жасырын демеу керек
Мәжілістен Сенатқа өткен заң жобасында өкінішке қарай мұндай баптар көрсетілмеген. Блогшылардың негізгі алаңдаушылығын заң жобасында “блог, сайт, чат” ұғымдары ақпараттық ресурс деген ұғым аясында қарастырылатыны болып тұр. Осыған орай Arsenal777:
Жоғарыдағылар «қажетсіз» сайт пен блогтарға бан қойып, әуреленбейді, енді бәрі ЗАҢ ЖҮЗІНДЕ болмақ! Осыған қарап, Біз (блогшы/юзер/ азаматтар/ журналистер) және Олардың арасында қаншалықты алшақтық бар екеніне көзіміз жетті. Бұл алшақтық барда ешкім де ұтпайтыны анық!
деп тұжырым жасайды.
Arsenal777 пікірімен келіскен Аңсар:
Мәжілістен неше түрлі сандырақтар шығады екен. Сондай құзырлы орындарда көзі ашық, көкірегі ояу жандардың өте аз болғандығы өкінішті
Сайт пен блогтың парқына бара алмайтындарға қалайша елдің сенімін артуға болады?
деген сауал тастайды.
Аталған заң жобасына қатысты пікірлер әлі де жариялануда. Кейбір интернет сарапшылар [орыс. тілінде] бұл заң жобасына Елбасы соңғы сәтте қол қоймай кері қайтаруы мүмкін деген болжам жасауда. Алайда мәжілістегілер заң жобасы тұтастай алғанда жақсы деген пікірден танбай отыр. Заң жобасы қабылдана қалса, бұның соңы неге ұрындыруы мүмкін?
Осы заң шыға сала блогтар жабылады деп ойламаймын, қандай заң шығарса да оның әмірі KZ зонасына жүретін болар. Бар болғаны жұрт KZ зонасын тастап кетеді. Мен .com да не .de зонасында бір блог аштым делік кім дәлелдей алады менің Қазақстан азаматы екенімді, қазақша жазғаным ба? блогтың бір бұрышына “мен Америкадағы қазақпын” деп жаза салам. Менің азаматтағымды анықтап, аңдып отыратын өкіметте адам бар деп ойламаймын (егер анық ізіме түссе әрине анықтауға болдаы). Бұл заң саяси блог, сайттарды қадағалау үшін шығып жатқан сияқты, ал қазіргі бар қазақ блогтарда өкіметтің шаруасы шамалы, осы жағдай қазақтың – екі ортада шыбын өледісіне ғана келеді.
дейді Baurzhan есімді қолданушы ЖурналистикА_БлогинГ блогында. Тұтастай алғанда блогшылар интернеттің қадағалануына қарсы еместігін, себебі бұндай үдеріс күллі елде бар екенін ұқтық. Негізгі наразылық заң жобасы әртүрлі сылтаумен блогтарды құрсаулауға мүмкіндік берілетінінде, әрі блогшылардың құқығы қорғалмайтындығында болып отыр.
Менің ойымша, егер заңда “блог, сайт, чат” ұғымдары айтылған болса, онда “Блогшылар туралы”, “Чаттасушылар туралы” немесе “Қазнет қолданушылар туралы”да арнайы заңдар қабылдап, әркімнің құқын тізіп жазу керек болар.



//Аталған заң жобасына қатысты пікірлер әлі де жариялануда. Кейбір интернет сарапшылар [орыс. тілінде] бұл заң жобасына Елбасы соңғы сәтте қол қоймай кері қайтаруы мүмкін деген болжам жасауда.//
Mümkin, sailau aldy kakpan emes pe eken? Osydan biraz jyl buryn tizgini on jakta ornalaskan avtokölikter jaily bir zan jobasy makuldanyp, songy nükte koiylar sätte kabyldanbai kalyp edi.
Мүмкін, бәрі де мүмкін.
[...] “Мәссаған” ұлттық порталының іргетасын қалаушылардың бірі Жанарбек Матай өз блогында интернеттің мемлекет тарапынан қадағалануы дұрыс дей отыра, депуттардың қабылдаған заңын “шала піскен” заң деп бағалады: Бұл заң менің ойымдағы заңға сәйкес келмейді. Бұл заң интернетте бір ауыз сөз айтуға мүмкіндік берген үшін бір үлкен сайт немесе блогқа тосқауыл қойады, ал халқымызға нағгыз қатерлі сайттарға тосқауыл қойа ала ма оған күмәнім бар. Бізге осы нағыз қәтерлі сайттарды қадағалайтын заң керек. Порно сайттарын, пираттық сайттарды қадағалайтын заң керек! Толығырақ “Жаңаеуразияда” [...]
[...] “Мәссаған” ұлттық порталының іргетасын қалаушылардың бірі Жанарбек Матай өз блогында интернеттің мемлекет тарапынан қадағалануы дұрыс дей отыра, депутаттардың қабылдаған заңын “шала піскен” заң деп бағалады: Бұл заң менің ойымдағы заңға сәйкес келмейді. Бұл заң интернетте бір ауыз сөз айтуға мүмкіндік берген үшін бір үлкен сайт немесе блогқа тосқауыл қойады, ал халқымызға нағгыз қатерлі сайттарға тосқауыл қойа ала ма оған күмәнім бар. Бізге осы нағыз қәтерлі сайттарды қадағалайтын заң керек. Порно сайттарын, пираттық сайттарды қадағалайтын заң керек! Толығырақ “Жаңаеуразияда” [...]
[...] жазбама мысал іздеп отырып Асқаттың бір жазбасына көзім түсті: қатерлі сөзін қәтерлі деп жазып қойыпты. [...]
[...] жазбама мысал іздеп отырып Асқаттың бір жазбасына көзім түсті: қәтерлі деп жазып қойыпты. Маңдай алды [...]
[...] мысал іздеп отырып Асқаттың блогындағы мына бір жазбаға көзім түсті. Жандарбек Матай қазақ тілінің [...]
[...] to Kazakh, not because they don’t know the rule. Consider the following example, which I found on Askat’s blog: the word қәтер instead of [...]