Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Саясат, Қоғам

«Қытайлармен ойнауға болмайды»

Авторы on Wednesday, 9 March 2011
Саясат, Қоғам
2 пікір

Ғалымдар қытай экономикасының Қазақстанға қаупін байқауда. Қазақстан Батыспен темір жол жобасын қолға алып, көлік өндірісін іске қоспақшы. Қазақстан арқылы өтетін қытайдың темір жолдары қазақ экономикасы үшін аса қауіпті болуы ықтимал.

Бүгінде Қазақстан – Қытайдың бірінші стратегиялық әріптесі. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымында, 174 мемлекет мүше болып табылатын Бүкіләлемдік сауда ұйымында да Қытаймен әріптеспіз әрі шекараласпыз. Демек, бірінші болып базарымызға көршіміз әрі досымыз келеді.

Қытай экономикасы – көшірумен айналысатын, сапаға емес санға басты назар аударатын экономика. Дайын нәрсені миллиондаған тиражбен тарата береді.

Адам денсаулығына зиянды, улы заттардан қорғану үшін АҚШ, Жапония, Малайзия секілді елдер Қытайдың көптеген тауарларына тиым салған. Мамандардың зерттеуінше, Қытайдан келетін киім-кешек, ойыншықтардың әсерінен ауру ұрпақтар өсуде.

Бүлдіршіндер арасында сколиоз, артроз науқасына шалдыққандар саны көбейді. Ол омыртқаның дұрыс бітпеуінен болады. Қытай аяқ-киімінен жастар майтабан ауруына ұшырап, Отан алдында борышын өтеу құқығынан айрылды. Жарылғыш, аталғыштарды айтпағанда, қытайлық қызылды-жасыл улы ойыншықтар бөбектер үшін өте қауіпті. Қытайда жасалатын ыдыс-аяқтарға салынған тағам тез-ақ уға айналады. Себебі, бізде құрылыста пайдалануға тиым салынған асбекттен жасалады. Кейбір ұялы телефондар маркасы басқа елдердікі болғанымен Қытайдан шығады. Оларда радиация мөлшері шектен тыс.

Осыларды ескеріп, Қытайдан келген тауарларды зерттеп, Қазақстанға кіргізуге тиым салынған заттар тізімін жасау қажет. Шыны керек, Қытай бұйымынсыз күнімізді елестете алмайтын жағдайға жеттік. Елімізде, киім-кешек тігетін өндіріс орындары жоқтың қасы. Шағын ательелерде тігілетін киімдер құны қытай киімінен 4-5 есе қымбат.

Мәселен, Тараз қаласындағы тері шикізаттарын өңдеу және қайта өңдеу комбинаты кезінде бүкіл Кеңес Одағын аяқ киіммен қамтамасыз етіп отырған. Ал қазір қытай аяқ киімінен көріндей қалды. Бұл мыңнан бір ғана мысал.

Қытайдың экономикалық дамуы ХХ ғасырдың 70-80 жылдары басталған. Кеңес одағының тарауы да үлкен серпіліске жол ашып берді. Қиын қыстау заманда Қытай посткеңістік елдеріне арзан тауарын тарата бастады. Сол кезде мемлекет шағын өнеркәсіпті жылдам дамыту саясатын қолға алған.Тіптен, әр отбасы өз цехын ашуға мүмкіндік болды. Нәтижесінде, 80-жылдары 1∕4 аш жүрген қытай, 80-жылдардың екінші жартысында 95% өз жағдайын тұрақтандырып үлгерді. Мұндағы Жоғары экономикалық өсімнің басты қуаты арзан жұмыс күші. Қытай халқының еңбекқорлығы, жылдамдығы, жұмыс талдамайтындығы, пысықтығының әсері зор, әрине.

Тарихты ақтарсақ, Қытай ешқашан күшпен жаулап алмаған. Бірінші тауарын кіргізіп, соған тәуелді етіп, халықты соғыссыз жойып жіберу – қытайға ғана тән саясат. Махатма Ганди «ағылшындарға қарсы күресудің бір жолы ағылшын тауарларын еш сатып алмау» депті. Нәтижесінде, саудасы тоқтаған ағылшындар үнді жерін тастап еліне оралған. Осы кеңеске толықтай жүгінбесек те, алатынымыз көп-ақ.

Мысалы, Жапонияда қытай азаматының тұрақты қалуына мүмкіндік жоқ. Жапон азаматына үйленсе, елден шығарып жібереді. Біздегідей, қыздарын алса, азаматтығын қоса беріп қарап отырмайды.

Бүкіл әлем қауіптеніп отырған қытайлықтар тауарымен қоса елімізде еркін кіріп, еркін шығады. Ресми деректерге қарағанда, жылына шекарадан 50-60 мың Қытай келсе, 20-30 мыңы ғана еліне қайтады екен. Маңғыстау, Атыраудағы ірі мұнай компанияларында еден жуушыға дейін қытай. Тіптен, аспазшыларын жылан, шаянымен қоса ала келеді. Сол үшін, Қазақстанға кірген әрқайсын қатаң бақылауға алып, сервис бағаларын олар үшін өсіру қажет.

Сурет СС рұқсаты бойынша steve_easterbrook есімді flickr қолданушысының мұрағатынан алынды

2 пікір »

Leave a comment!

Add your comment below, or trackback from your own site. You can also subscribe to these comments via RSS.

Be nice. Keep it clean. Stay on topic. No spam.

You can use these tags:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

This is a Gravatar-enabled weblog. To get your own globally-recognized-avatar, please register at Gravatar.