Армандағы ҚР азаматтығы
Саясат, Қоғам6 пікір
![1205853087_5591c54a6a_m [Blog] 1205853087_5591c54a6a_m [Blog]](http://neweurasia.net/kazakhstan/wp-content/uploads/2010/06/1205853087_5591c54a6a_m-Blog.jpg)
ҚазАқпарат агенттігі Панфилов ауданында 350 оралман Қазақстан Республикасының азаматтығын ала алмай отыр деген мәлімет таратқан еді. Соны достарымның арасынд бөліссем, арасында азаматтық ала алмай жүрген достарым да бар болып шықты.
Интернетте өзінің белсенділігімен көрініп жүрген Мейіржанға осыған қатысты ойларымен бөлісуін өтіндім. Сонымен назарларыңызға Мейіржанның Азаматтықты ала алмауға қатысты ойын ұсынамын:
Қазақстан Республикасының азаматтығы!
Сенің қыр соңыңнан түсіп, қол жеткізу соншама қиын болса да, менің саған деген махаббатым, армандауым ешқашан түгесілмейді.
«Бәлду, бәлду, бәлдубай» деп Мағауин қырттарды мазақтайтын. Баспанам алыс жұртта қалған мен жөнінен азаматтық алуда ең алдымен асатын белім – тұрақты мекен-жайға тіркелу.
Арманға қолым жете бергенде сағымға айналып жоқ болды. Өзге елде жалғыз басты сергелдең қазаққа, еш танысы жоқ маған менен бұрын да өзім сияқты «арман» қуып келген азаматтардан басқа кім көмектеседі? Иә, олар да қолынан келгенін аямайды-ақ. Бірақ, олардың да тұрақты мекені жоқ немесе тұрақты мекеніне тіркелген өзім сияқты «армандаушылардың» саны асып кеткен.
«Мен қайда барамын?» деген сұрақ туындайды. Келген жеріме кетемін бе? Жоқ. Осы елде қаламын. Менің арманым бар емес пе?! Аяндалмас сапардың да өлім мен өмір сынды екі бекет арасындағы пенде ғұмырының шегі тектес бір ұшығы көрініп қалар…
Ақыры, белден де астық дейік.
- Бұл жердің адамдары осындай ма?– Қазақстанға келгініне он жылдан асқан ағамның (туған ағам емес әрине) бетіне қараппын.
- Асықпа бала, түсінесің…
« Енді, түсіндіре салса болды емес пе» ішімнен күңк ете түсім.
Әлгі бала түсінуге асығып жүріп өзінен бір-екі жыл кейін келген інісіне(туған інісі емес әрине) сөйлеп тұр:
- Асықпа інім, түсіне…
Ол селк ете түсті. Тұла бойы – бір ыстық ағынның өрлі-қырлы шапқылап жүргенін сезді.
***
- Ақшаң бар ма?
- Бар, енді… Біраз…
- Бер онда. Мына жерге тіркелесің…
- …
- Қалғанын ана тұрған ағаңа бер. Орысша сөйлесе, орысша білмеймін, қазақша сөйлеңіз деп айт.
- …
- Бетіме қарайсың ғой? Ей, бауырым! … ой, атаңа нәлет, әлі түсінбедің бе? Былай, оған апарып ақшаны бер, егер өз қолыммен бітірем десең далада қаласың. Олар сенен ақша алу үшін сені өздеріне мүдделі етіп қойған. Бермесең, болды кет, қытайыңа, моңғолыңа, өзбегіңе кет. Сенсіз де азаматтықты армандаған адамдар кө-ө-ө-өп. Оның бизнесі тоқтамайды. Амал жоқ. Қайда барсаң да қазанның құлағы төрт. Билік пен қоғамдық режимге сын айта алмайсың. өйткені, сенің «арманың» әлі орындалған жоқ. Айтқан күннің өзіне кім тыңдайды оны? Сен түгіл сенен он есе мықтыларға псқырып та қарамайтын «сарай жақтағылар» тұрса олар.
Делдалдың бізге айтқан сөзі осы. Ал, мен ініме өз сөзімді үшінші жақпен баяндап отырмын. Көз көрген жемқорлық, арсыздық, қансыздық, намыссыздықтың болмауын тілеп, соған өшігіп тұрсаң да сен соған кіріптар екенсің. Сенің тағдырыңды шешіп, қолыңа адам екеніңді, азамат екеніңді анықтайтын құжат беретін де солар. Қалап, сұрап тұрғанын орындамасаң далада қалып, «отан» деген ыстық сезімің адамдар ортасындағы иттердің адалдығы тектес әңгіме болып, ажуалы күлкіге айланып, жігерді жасытып, жасқаншақ етеді.
О, менің «арманым»! Саған жету үшін өз бойымдағы осыншама қымбат құндылықтарды жоғалтамын ба сонда?
«Арман қуған, қиял қуған кезің қайда,
Құрбы қыздар мөлдіреген көзің қайда,
Сол алғашқы алаулаған сезім қайда…»
Мейіржан ӘУЕЛХАНҰЛЫ
Сурет СС рұқсаты негізінде makkeboome есімді flickr қолданушысының мұрағатынан алынды



Иә пара жоқ болса қала бересің, пара берсең бара бересің деген заман ағымы мақаласына саяп тұр го!!!
[...] өзі neweurasia-ға жариялаған жазбасында Қытайдан келген қандастарымызға азаматтық алудың [...]
[...] өзі neweurasia-ға жариялаған жазбасында Қытайдан келген қандастарымызға азаматтық алудың [...]
[...] the difficulties of obtaining citizenship for Kazakhs who want to return from China in his post on Neweurasia [KAZ]. He posted another article on the same topic in his own blog, called “Kazakhstan does not [...]
[...] the difficulties of obtaining citizenship for Kazakhs who want to return from China in his post on Neweurasia [KAZ]. He posted another article on the same topic in his own blog, called “Kazakhstan does not [...]
[...] посте на neweurasia Meirzhan обсуждает сложности с получением гражданства [...]