Байлық туралы кім, қалай ойлайды?
«Байи алатыныңызға сенімдісіз бе?» – бұл менің «Сен-қазақ» әлеуметтік желісін қолданушыларға жүргізген сауалнамам еді. Бес күн ішінде 137 адам сауалнамаға қатысқан. Сауалнама – қойылған 11 сауалдың тек екеуіне ғана билет тастап, көзқарас білдіру түрінде жүргізілді.
Осы арқылы қытайдағы қазақ диаспорасының интернет әлемін жиі пайдаланатын, яғни, орташа интеллегентті тұрғындарының жақын болашақта өзінің байи алатынына сенім дәрежесін анықтауды көзде ұстаған едік. Бір ұлттың келесі 25-50 жыл аралығындағы экономикалық қуаты сол жұрттың басым көп санды жас және орта жас мөлшеріндегі азаматтарының отбасылық әлеуметтік жағдайымен байланысты деп қарастыруға болады.
Сауалнамаға қатысқандардың 30,90 пайызы «Байи аламын, өзіме сенімдімін» десе, 23,60 пайызы «Жаратқанның маңдайға жазғаны болар, кесіп-пішіп айта алмаймын» дейді. Ал, 20,79 пайызы «Ақшам жоқ, қаржы болса баюға болар еді» деген байламға келсе, 14,04 пайызы «Қайдан бастауды білмей жүрмін» деген пікір айтады. «Жалқаумын, бірақ, миым істейді» деушілер мен «Ғылыммен айналысамын, мені үкімет бағады» дейтіндердің салыстырмасы 3 пайыз көлемінде деңгейлес болған. «Қатын-баламды асырасам болды, маған байлықтың не керегі» деп бірден жауап қатқандардың 2,25% көлем иеленген.
Бұл санды мәліметтер бізге не айтады? Қытай қазақтарының жақынғы жалдарда жалпы беттік баюға бет алуы қиын. Үкімет аштан өлірмей, көштен қалдырмай сүйреп жүруі ықтимал, бірақ, үлкен бәсеке мен күн сайын қазақтар жиі қоныстанған аймақтардың қытайлар қолына өтіп, экономикалық кеңістік пен жер жағындағы ығыстырулар бәрібір жалпыхалықтық әл-ауқаттың жақсаруына мүмкіндік бермейді деп айтуға болады.



[...] редактора: перевод поста Meirjan с казахского [...]
[...] of Meirjan’s post (KAZ, [...]