Бір топ Қытай қазақтары Астанада құл болуда
Қытайдың арнайы техникалық орта мектебін бітірген 25 қазақ жігіті әлдебір делдалдың айтуымен Қазақстанға жұмыс істеуге келген. Оларға жатын орын мен жұмыс, жалақы уәде беріледі. Бұлардан басқа кезекте тағы 75 адам шақыру күтіп, Қытайда қалады. Тарихи отанына жұмысқа келген жігіттер 5 күннен кейін Астанадағы «Сармат» аталатын тұрғын үй құрылысына жұмысқа тартылыпты. Қалт етпей, 20 күн істеген олар, жалақы туралы сөз қозғаса, бұған дейінгі еңбекақылары тек қана ішкен тамақтары мен жатын орындарын өтейді екен. Қытайда мұндай құлдық көрмеген олар Қазақстанға келіп, құл болғандарын сонда түсініпті. Содан одан әрі жұмысқа шығуды 30 шілдеден бастап доғарған олар құқықтарын қорғау үшін әркімге жолығуда. Олар Көші-қон полициясының бұлардың келгенін тіркейтінін, Көші-қон комитетінің уақытша куәлік беретінін білмей дағдаруда. Тіпті, делдал азамат алтауының төлқұжатын бермей жүрген көрінеді. Қысқасы, өркениетсіз елге тән жағдай тәртібі сақадай сай қытайлық қазақтарды біршама тұйыққа тіреуде.
Бір қызығы, шетелдік гастербайтерлер үкіметтің 2015 жылын күтпестен-ақ, мына түрімен 1 миллион адамдық мөлшерін толтыратын түрі бар. Алайда, бұл жұмыс күшін реттеп, үйлестіріп отырған мемлекеттік органдар әзір өз міндеттеріне кірісіп отырған жоқ. Әдеттегідей жеке кәсіпкерлер өз пайдасына шұғыл кірісіп отырғаны байқалады. Басқа жағынан қарағанда, Қазақстанның демографиялық саясаты осындай жолмен шетелдік дайын мамандарды тартумен орындалуы әбден орынды болар еді. Бірақ оның кәзірден бастап мынадай сыйпат алуы көп күдікті туындатуда.



Koreada Kazakstannan kelgen jumysshylar az emes. Kazakstan shetelden jumyssha tartkansha oz elinin azamattaryn birinshi kolga alsa.
Ekinshi kezekte sheteldegi kazaktardy kanymdasa.. Tipti solarmen ak jumystyk kushti toltyruga bolady. Kytaida Mongoliada jane Ozbekstanda jumyssyz jurgen kazaktar jetedi.
Oilanarlyk jait!
Бұл орайда бірден билікті кінәлай кету әрине оңай. Дегенмен үкімет Чехия үкіметімен екі жақты жұмыспен қамту бағдарламасына қол қойғанда неліктен шетелдегі қазақтар қоныстанған елдермен сондай келсім шарттар жасамайды деген сұрақ туады. Қазір жайлы өмір іздеген қазақстандықтар Чехиядан, Кореядан жұмыс іздеп жүр. Оның орнына өз бетімен Қазақстанға жұмыс істегісі келетін жандарға арнап бағдарлама жасап, алғашқы заңнамалық түсіндіру жұмыстарын жүргізсе дұрыс емес пе?
Елқор, осы мәселені ұдайы назарда ұстап, хабарлап отыруыңызды өтінемін!
Бұл мәселеге екі тараптан қарау керек:
- шетелдегі қазақтар жағдайы ретінде;
- тегіне қарамастан шетелдік гастербайтер ретінде.
Бізде мұның екеуі де реттелмеген. Шетелдік жұмысшылардың 1 миллионнан астамын әкелу енді әңгіме болып жатыр, бірақ кімдерді және қайдан, қалай әкелеміз деген сауалдарға нақты жауап жоқ. Ал, шетелдік маман-қазақтарды 1-кезекте әкелу, әрине, Қазақстанның басты міндеті болар еді. Өкінішке орай, Қазақстанның қазақ елі екендігі күмәнді болып отыр. Сол себепті, бұл жерде билікті кінәләмен уақытты босқа өткізбей, іштегі сырттағы қазақтардың күштерін жұмылдыра мемлекетке ықпал ете отырып, мәселені шешу керек. Өкінішке орай бұған саяси партиялар да, ұлтшыл ұйымдар да нақты назар аудармай отыр. Ең дұрысы, сыртқы қазақтардың әлеуетімен қазақстандағы нақыт жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдарға көмек бере отырып, жобаны жүзеге асыру керек. мысалы, шетелдік маман қазақтарды сол ұйымдар арқылы әкелуді қолға алған жқн. Осы тараптағы нақты ұсыныстарды күтеміз. Астанада бұл бағытта жұмыстанатын ұйымдар барү Хабар күтеміз.
[...] жұмысқа бейресми жолмен келген 25 қазақ жігітінің Астанаға келіп қаңғып қалуы жоғарыдағы пікірімізді растай түседі. Әзірге орташа [...]
Ai osi Kazakhstanindi bilmei kaldik goi. Kazakhstannin tolik kazakh memleket bolu kunin kore almai oletin kusaimin
ras kyin jagday bop jatira,kazakstan kayda??ne bitirip jatir