Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Саясат, Қоғам

Душанбе жайлы ойлар

Авторы on Wednesday, 22 December 2010
Саясат, Қоғам
6 пікір

Шетелдің жастары басқа елге барса, бірінші кезекте түнгі клубына барып, билегісі келтіндері болады екен. Қала жастарының деңгейі содан білінеді-мыс. Душанбеге барғанда өзім үшін сондай жаңалық аштым. Амал жоқ, көпшілікпен бірге баруға тура келді. Негізі үнемі солай. Шетелге шыққанда жұртты мұражайға барайық деп ертіп кету қиындау. Олардың дискотекасына барып, сырттан бақылап отыру да қызық екен.

Қала орталығындағы бір дискотекаға бардық. Опера ғой деймін аты. Фейсконтроль дегенің денеңді тінтіп шығатын күзетші жігіттер екен. Алдыңғы күні бір қыз бала ұзын етекті көйлек кигені үшін кіргізбей қойыпты дегенді естіп қалдым. Бәріміздің бұтымызда – шалбар болғандықтан кіргізген болар деп топшыладым.

Сырт киімімізді алып қалды. Ішіне кіріп қалсақ… қап-қараңғы залда, 2 секунд жиілікпен шамдар жарқ-жұрқ етеді. Би алаңыңда билеп жүргендер бар. Түнгі клубта тақия киген жігіттер көп. Тақияларына Istiqlol (тәжік тілінде Тәуелсіздік) деген жазу жазып қойған. Жаңылыспасам, қойған әндерінің бәрі тәжік тілінде. Арасында орысшадан гөрі, ағылшынша әндерді көбірек ойнатты.

Түсінгенім, Istiqlol атты Тәжікстан жастарының футбол құрамасы жеңімпаз атанып, соны атап өтіп жатыр екен. Бұған дейін қала ішінде біраз такистермен әңгімелескенімде: “Өзбекстанмен шекараның жабылуы жағдайды қиындатқанын”, “Энергостанция үшін ақша жинағанын”, “Қыс келсе, елдің еңсесі түсетінін”, “Елдің оңтүстігінде бүлікшілер қылаң бере бастағанын” т.с.с. жағдайлардың ұшын шығарған. Қарап отырсақ, әр елдің өз ішкі мәселелері ғой. Десе де бір жайт ойлантты:

“Біздің буын 90-жылдардың басындағы соғысты көрді. Сондықтан жағдай қандай қиын болса да, бастысы тыныштықтың қымбат екенін білеміз” дегені есімде.

Жастарға да соны өсиет ететіндері түсінікті. Түнгі клубта билеп жүрген жастардың биінен бәрібір де еркіндік көре алмайсың. Үлкен бір сақтық бар сияқты көрінеді. Мүмкін бұл футбол тобының ойыншылары да мен тәрізді алғаш рет түнгі клубқа бас сұққан болар. Бірақ дүние оларға теріс айналып, күйесін жағып қаралап жатса да, қылышын сүйретіп қыс келе жатса да, оқу жүйесіндегі келеңсіздіктер ушықса да бәрін ысырып қойып, бар жанымен “Тәуелсіздік” деп айғайлағандары ұнады. Сол кезде басыма әдемі бір ой келіп, туиттеп жіберіп едім:

Пы.сы. Түнгі бірдің шамасы болуы керек. Самони алаңы маңынан бір өзім кетіп барамын. Ескерткішті әудем жерден күзетіп тұрған сақшы айғайлап шақырды. Мән бермегендей болып едім “уважаемый” деп айғайлаған соң еріксіз тоқтадым. Әрі маңайда менен басқа ешкім жоқ еді. Қасыма таянды. “Кімсің? Қайдансың? т.с.с.” сұрақтар қойды. “Қазақстаннанмын. Туристпін” дегенім сол еді, жүзінен бір жылылық көрдім. “Пасспортың қайда?” дейді. “Қонақ үйде” деймін. Қолымнан қысты да: “Бәрі жақсы ма, мында абайлап жүр” деді. Шыны керек  мұндай қамқорлықты күтпедім. “Бәрі жақсы. Қалаңыз тап-тұйнақтай керемет екен” дедім. Далада сәл ызғар бар-етін. Тонғаны білініп тұр. “Темекіге ештеңең жоқ па?” дейді. “Шекпеймін” дедім де жөнімен жүре бердім.

6 пікір »

Leave a comment!

Add your comment below, or trackback from your own site. You can also subscribe to these comments via RSS.

Be nice. Keep it clean. Stay on topic. No spam.

You can use these tags:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

This is a Gravatar-enabled weblog. To get your own globally-recognized-avatar, please register at Gravatar.