Туиттердегі Жаңаөзенге қатысты жазбалар қайшылыққа толы
Интернет, Саясат, Қоғам4 пікір
Тәуелсіздік күнімен достарымды құттықтайын деп, әлеуметтік желіні ашқаным сол еді, Жаңаөзен жайлы хабарлар көңілімді су сепкендей басты. Толық түсінікті болуы үшін әуелі ресми дереккөзден бастайын.
Бүгін (16.12.2011) Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының ресми сайтында Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында Тәуелсіздік күнін тойлау үшін құрылған сахна мен киіз үй құлатылып, екі полиция дене жарақатын алғанын хабарлады.
“Сонымен қатар әлеуметтік желідегі атыстар мен кісі өлімі жөніндегі хабарлар шындыққа жанаспайды” деп жазылған.
Ал әлеуметтік желіде көзіме жиі кездескен видео мынау болды. Бұл видеодан арнайы жұмысшы киімін киген топтың алаңдағы сахнада құрылған колонкаларды лақтырып, сахнадан бір полицейді қуып шыққанын көруге болады. Жалпы, бұқараның тым ашулы екені анық
Ал оппозициялық “Республика” басылымының facebook-тегі хабары мүлдем түңілдіреді: “Әкімдік түгелімен жанып кетті. “Аруана” қонақ үйі қатты күйіп кетті” т.с.с. Туиттерде бастапқыда әртүрлі жазбалар көрінді.
Бірақ олардың бәріне сенім білдіру қиын. Сондықтан бәрін көрсеткім келіп отырған жоқ. Әрі Қазақстанда бірнеше сағатқа тиуттер істемей қалыпты. @armanitto есімді туитші Жаңаөзенге қатысты оқиға арнайы әзірленген деген пікірін жариялаған. Бірақ armanitto-ның өзінің кім екенін тиуттерінде анық жазылмаған. Сондықтан да:
Туиттердегі Жаңаөзенге қатысты жазбалар қайшылыққа толы. Бірі 5 адам қайтыс болды десе, енді шетелдік туитшілер 50 деп жариялапты. Әрі бұл шетелдіктердің оқиғаға зер салып, дүрліктіретін ақпарат таратуы да күдік ұялатады. Құдды бір ақпараттық соғысқа арнайы дайындалған ба дерсің… Әйтпесе, осы оқиғадан соң іле-шала Лондондағы елшілік алдында митинг ұйымдастырғандардың белсенділігі де “тамсандырады”. Бір есептен ресми ақпарат дер кезінде таралмаған соң да оның орны бос тұрмай өзге ақпараттар жайлайтыны сөзсіз.
Лондонда протест жасап тұрғандардың түрлері де қазаққа келмейтінін cubebs сайтындағы бір сөйлем мен суреттің өзі тұтастай оның шын протест екеніне сендірмейді.
Сәлден соң осы оқиғаға байланысты ҚР Бас Прокуратурасы баспасөз мәслихатын өткізбек. Ал оған дейін Азаттық, BBC және өзге де ресейлік бірнеше ақпарат агенттіктері оқиға туралы ақпарат таратып үлгерді.
Бүгін Жаңаөзенде жұмысшылардың ереуілі болғаны анық. 7 айдан бері өз құқықтары үшін күрескен жандардың төзімін сынағандар бұнымен ойнауға болмайтынын түсінді. Әліптің артын бағамыз. Қалай болғанда да тыныштықты қалайтынымыз сөзсіз.





Видео ашылмай тұр. “Қазақстан” арнасы 10 адам қайтыс болды деп хабарлады.
youtube мүлде ашылмай тұр ма, Жаңылай?
youtube ашылып тұр, сіздің видеоңыз ашылмайды. BBC-дің сайтында ашылып тұр.
ресми мәлімет бойынша 15 азамат қайтыс болды, бәрін атып өлтірген, ресми емес мәліметтер одан да көп сандарды айтуда….. Қалай десек те қазақ тағы да қор болды…. К+ жаңалығы мен азаттық таратқан жаңалықты естісеңіз жан түршігеді…..