Қазақ министрлері онлайнда өмір сүре ме?
Техно-билік күн сайын кәріне міне түскен ғаламтор ғасырында халықпен қоян-қолтық жұмыс істеудің қолайы да өз икемімізге бейімделе түскені анық. Дей тұрсақ та, осы мүмкіндікті жете пайдалана алып жатырмыз ба? Төменде біз қазақ үкіметі мен министрлерінің блогтарына шолу жасап көрсек.
ҚР Премьер-Министрiнің блогына ең алғашқы жазба 2008 жылы 30 қарашада қосылған. Блог жүргізіле бастағаннан 26 қазанға дейін 56 жазба жарық көріп, 2010 жылы 24 қыркүйекке дейінгі жолданған сауалдарға жауап қайтарылған. К.Мәсімовтың блогындағы сұрақтар мен жауаптар 100% орыс тілінде.
Премьер-Министрдің ресми блогы мемлекеттік тілді толыққанды қолданбаған, жаңалануы тым жедел болмаса да, басқа блогтармен салыстырмалы түрде жүргізілуі жағынан “жылымықтық” байқалады.
ҚР Ішкі істер министрінің блогы:
ҚР Ішкі істер министрі Баймағанбетов Серік Нұртайұлының блогына шолу жасаған Ботакөз өз пікір былайша жеткізеді:
Министрдің алғы сөзден басқа айтары жоқ па деп қаласыз. Министр тарапынан жазылған жалғыз жазбаны көріп, оқырман осындай ойда қалуы мүмкін.
Қараша айында келіп түскен 188 жазбаның 68-і жарияланған. Соңғы аптадағы 57 жазбаның 24-і, бүгінгі(19-қараша күнгі) 9 хаттың 4-еуі “жарыққа шығу бақытына” ие болыпты. Өтініштер өте көп. Ішкі істер министрлігіне ісі түсетіндердің бәрі орыстілділер ме деп қаласыз, жазбалардың барлығы дерлік орыс тілінде. “Өзекті сұрақтардың” “тым өзектілеріне” ғана жауап беріліпті, соңғы өтініштердің көбісі жауап күтіп, “жыламсырап тұр”.
Экономикалық даму және сауда министрінің блогы:
Министр Жанар Айтжанованың блогындағы жағдай көңіл қуантарлық. 160 жазба жарияланып, 90 өтініш пен сұраққа жауап қайтарылған. Жазба санының көп болуы мен қойылған сауалдарға жауаптары жағындағы артықшылығы бірден көзге түсіп жатса, ал, бүкіл жазбаның тек бесеуі ғана қазақ тілінде болуы тым көңілге су себеді.
Блог туралы тоқталған Айжан өз жазбасында былай дейді:
“Алғыс сөз” деген тақырыптағы жазбадан басқа ҚР Қорғаныс министрі Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлының блогында блогтың ашылған мерзімінен, яғни осы жылдың 13 қаңтарынан бастап өзге жазбалар енгізілмеген. Сондай-ақ “Өзекті сұрақтар” категориясы да бос тұр.Бірақ та “Өтініш білдіру” категориясы өтініштерге толы. Барлығы 365 өтініш тіркелген. Сұрақтарға дер кезінде жауап жазылмаса да, кейбір өтініштерге жауап жазылып, тиесілі шешімдер қабылданып жатады. Соңғы жауап 15 қарашада жазылған.
Алайда блогтың ілгері қарқыны, динамикасы сезілмейді. Өтініштердің барлығы жарияланбайды. Мысалы, апта ішінде келіп түскен өтініштер 16 болса, оның 10-ы жарияланған, ал бір ай ішінде келіп түскен өтініштер саны 52, оның жарияланғаны – 40. Сондай-ақ, К.Қ Мәсімовтың блогындағыдай видео, суреттерді айтпағанда, қарапайым жазбалардың жазылмауы ыңғайсыздық тудырады.
Егер де бұл өтініштерді қабылдайтын бұрыш болғанда, ол жұмысын жақсы орындап жатыр дер едік. Алайда бұл жер блог болғаннан кейін қабылданған заңдар, Қорғаныс министрлігіндегі жаңалықтарды оқырмандар біліп отырғысы келеді. Ең болмаса Көлік және коммуникация министрі сияқты мерекелермен құттықтайтын құттықтау жазбалар жазылып тұрса, министрдің блогты өзі қызығып жазатыны сезіліп қана қоймай, мұндай үрдіс блогқа кіруші қонақтардың да көңілін сүйсіндірер деп ойлаймыз.
Бұл сараптамалар мен еркін блогерлердің бейресми бақылауынан министрлер блогының блогтық сипатын, ерекшелігін, мемлекеттік тілді жеке ғаламтор бұрышында қаншалықты өреде дәріптеп жатқандығының бір қырын байқауға болатындай. Бір айналып өтуге болмайтын мәселе халық пен биліктегі беделді тұлғалар арасындағы жақындықтық өлшемін осы жеке блогтар айтқызбай-ақ жасап беретіндей. Тілге тиек болған министр блогтары мен өзге де министрлердің блогындағы бір қалыпты үрдіс барлық блогқа тоқталып, жеке-жеке сараптама жасауды қажет етпейді. Себебі, блогтағы қазақ тілінің сын көтермейтін кейпі, қойылған сауалдар мен өтініштердің жаия көрмеуі мен толыққанды жауап қайтарылмауы сынды сарындас бірізділіктің бәрін айтып жату мүмкін емес.
Қорта айтқанда, Электронды Үкіметтің тарамдас бір бөлігіне жауап беретін жоғары билік өкілдерінің ресми блогтарындағы жағдайдың торап ғасырындағы жұтаңданып тұруы тым өкінішті жағдай. «Үкіметті электронды тұрғыдан тұтыну»-дың қарқыны үдей түсуіне орай аталған блогтардың да құр-босқа қарап тұрмайтынана қазірше сенім ұялата тұруға тура келетін шығар.



Иә, дұрыс айтасыз! Менде 2009 жылдың 19 қарашасында ашылған Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің Төрағасы Смайылов Әлихан Асханұлының блогына соңғы үш апта ішінде бақылау жүргіздім. Осы үш аптаның көлемінде айтарлықтай өзгерістер байқалмады.
Министірдің блогына кіріген сәтте бірден өзінін өмірбаяны,оған келіп түскен сұрақтар, оның жазбалары, өзекті сұрақтар, өтініш білдіру сынды негізгі бөлімшелерімен таныс бола аласыз. Сонымен қатар, Төрағадан кеңес алуға жүгінуіңізге болады.
Ал енді, осы бөлімшелер туралы тарқатып айтар болсақ.
Министірдің өмірбаяны жазылған бөлімшеден сіз Әлихан Асханұлының туылғанынан осы күнгі қызметіне дейінгі аралығындағы барлық жетістіктері жайында мәлімет ала аласыз.
Келіп түскен сұрақтар бөлімінен Министірге қойылған сұрақтардың санымен таныса аласыз. Ол өзінің ішінен үшке бөлінеді. Біріншісі, бір апта ішінде келіп түскен сұрақтар. Мұнда дәл қазір ешқандай сұрақ жоқ. Екіншісі, апта ішінде келіп түскен сұрақтар. Осы аптады барлығы екі сұрақ келіп түсіпті. Бірақ, екеуі де жарияланбаған. Үшінші бөлімі, бір ай көлеміндегі сұрақтарға арналған. Бұл айда барлығы 13 сұрақ келіп түскен екен, соның 9-ы жарияланған.
Жазбалар бөлімінде, тек қана үш тілде бірден қаз-қатар тізіліп жазылған алғы сөзді ғана көре аласыз. Блог ашылғалы бір жылдың ішінде одан басқа ешқандай жазба жоқ.
Өзекті сұрақтар бөлімі де суарылмай қалған бақшадай қурап тұр. Әбден кеуіп кеткен бос кеңістік.
Ең соңғысы өтініш білдіру бөлімі. Әлихан мырзаның халқының білдірген өтініштерін жауапсыз қалдырмайтындығын көріп бір қуанып қаласың. Бұл бөлімде барлық жарияланған өтініштерге тиянақты да толыққанды жауп берілген. Төрағаның өтініштерді жауапсыз қалдырмағаны әрине қуантады.Бірақ та Министір, блогтағы өтініштерге жауап жазудан басқа жазбалар да енгізіп тұру керектігін ұмытып кеткен сынды.
Әлихан Асханұлының блогында басқа Министірлердікіндей жазба, видио, құттықтау сөздер болмаса да, оның анда-санда блогына кіріп тұратындығы статистикалық деректерді пайдаланушылардың өтініштерін жауапсыз қалдырмағанынан көрініп тұр.
Ерке қыз, ойларыңмен бөліскеніңе рахмет!!!
[...] редактора: перевод поста Meirjan с казахского [...]
[...] бөлек министрлердің блогтарын сүзіп шықтық. Ойға алған автобустан tweet зерттеу енді [...]