Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Интернет, Экономика

Digital Communication 2010

Авторы on Thursday, 23 September 2010
Интернет, Экономика
3 пікір

Сандық бизнес! Шынымен де технологияға қатысты жаңа сөздер сын көтермейді. Ағылшынның Digital business деген сөзін қазақшаласам, “сандық бизнес” болып шығады екен. Аудармағаным жөн болар.

Екі күн бойы Digital Communication Almaty атты керемет көрмеге қатытым. Керемет дейтін себебім, ол жердегі айтылған ақпараттардан, көрген, естіген, түйсінген дүниелерден басың айналады екен. Журналист үшін нарықтағы күллі ойыншыларды бір сәтте бір жерден көру – ең үлкен қызықтардың бірі. Себебі бәсекелес компаниялар әдетте тек біздің газеттегі мақалаларымызда ғана бір бұрышта жиналып тұратын. Өмірде бір сахнада отырып, пікірталастырмайтын. Ал бұл шарада Қазақстанның digital әлеміндегі негізгі ойыншылардың барлығы (үкімет, бизнес, тұтынушы) жиналды.

Екі күндік шараның соңында өзіме мынадай жайттарды түртіп алдым:

  1. Мобильді операторлар әлі де болса, 3G лицензиясын алудан үмітті.
  2. Tele2 (Neo) қазақ нарқына сөзсіз жаңалық әкелмек.
  3. Мобильді төлемдер қызметі қарқын ала бастайды.
  4. Коммерциялы компаниялар әлеуметтік желінің күшін түсінді. Енді олар жаңа медиаға көбірек иек артпақ.
  5. Yandex, mai.ru қазақ нарқына қомақты көлемде ақша құйып отыр. Біздің нарыққа олар тісімен жабысып алған.
  6. Бүгінгілер біз 20 жыл бұрын білмеген нәрсемен жұмыс істеуде.
  7. Аталған көрме барысында 7 келесім-шарт жасалды.
  8. Бір аптадан соң барлық презентацияларды жүктеп алуға болады.

3 пікір »

Leave a comment!

Add your comment below, or trackback from your own site. You can also subscribe to these comments via RSS.

Be nice. Keep it clean. Stay on topic. No spam.

You can use these tags:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

This is a Gravatar-enabled weblog. To get your own globally-recognized-avatar, please register at Gravatar.