Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Интернет, Қоғам

Астана туған күні: қазақша мақтану қанша тұрады?

Авторы on Monday, 6 June 2011
Интернет, Қоғам
3 пікір

Астананың туған күнінде Sting ән салмақ. Танымал әншінің 2009 жылғы Ташкенттегі концертін адам құқын қорғаушылар қатты сынға алған еді. “Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнінде Sting ән салатын болды” деп Telegraph басылымының хабар таратуының астарында осы бір саясат жатыр. “Демократия деп дабыл қағатын елдердің жарқын өкілдері ақша көрсе, жолынан таяды-мыс…”

Танымал ағылшын әншісінің концерті 4 шілде күні Астанада өтпек.

Sting 2009 жылғы Өзбекстанда концерт қойды. Адам құқығын қорғайтын ұйымдар қатты сынға алған еді. Себебі ол кезде Өзбекстанда адам құқығы аяққа тапталып жатқанда бейбітшілік адамы саналатын әншінің ән салуы ақылға қонымсыз деген пікірлер айтылды. Оның үстіне әншіні Ислам Каримовтың қызы Гүлнар Каримова шақырып, миллион фунт стерлинг  қаламақы төлеген екен. Telegraph басылымы осы жайтты айта келіп, “Қазақстанда да бұған дейін әділ сайлау болған емес” деп шымшып өтіпті.

Өткен жылы Елбасы туған күнімен тұспа тұс келген Астананың туған күнінде италияның опера әншісі Andrea Bocelli ән салған. Бірақ 70 жасқа толған Елбасының туған күн кеші Қазақстандық интернет қолданушылардың есінде Ресей президенті Дмитрий Медведевтің Елбасыны қазақша құттықтауымен есте қалғанға ұқсайды. Төмендегі видео көптеген қазақстандық видео ресурстарда жарияланды.


Sting концертіне билеттің құны £40 және £400 (9 000 мен 90 000 теңге арасы) болмақ, ал ел ішіндегі орташа жалақы айына £500 (120 000 мың теңге) маңайында дейді шетелдік басылым. Шетелдік басылым, қазақтың мақтаны қанша тұратынын әсте білмейтін болғаны ғой…

Сурет ableman есімді flickr қолданушысының мұрағатынан алынды

3 пікір »

Leave a comment!

Add your comment below, or trackback from your own site. You can also subscribe to these comments via RSS.

Be nice. Keep it clean. Stay on topic. No spam.

You can use these tags:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

This is a Gravatar-enabled weblog. To get your own globally-recognized-avatar, please register at Gravatar.