Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » видеоблог, Қоғам

“Ауырмайды жүрек, ауырмайды”

Авторы on Tuesday, 19 July 2011
видеоблог, Қоғам
3 пікір
Редактордан: Теледидар идеологияны қалыптастыратын мықты құрал. Қазақстанда балаларға арнап, арнайы “Балапан” телеарнасы ашылса да ол өзін ақтамай отыр дейді біздің авторымыз Мәншүк Ахметова. Төмендегі жазба Мәншүктің теледидар арқылы балаларды тәрбиелеу тақырыбына арналған.

Бұл әнді ең бірінші рет 3 жасар інімнен: “Ауырмайды жүрек, ауырмайды” деп айтқанда: “О, Алла, мына өмірге кеше ғана келген баланың мынаусы несі?” деп шошып кеттім. Барып тәтемнен сұрасам: “Ой, ол клип ХитТВ-дан беріліп жатыр. Қайрат Нұртас айтады. Соны жаттап алған ғой”,-деді. Сонда барып түсіндім. Қазір бәрі осы әнді былайша айтқанда “өліп” тыңдайды ғой, ал мен сол інімнің аузынан естігелі бұл әнге деген махаббатым оянбай-ақ қойды. Әнші хит үшін осындай ән таңдап жатса, ал кішкентай балалар бұл әндермен уланып жатыр деп айтуға болады.

Бүгінде балалар көретін телеарналардың аздығынан бүлдіршіндер жоғарыдағы әндерді тыңдап, өсіп, уланып жатыр.

Әрине, биліктегі ағаларымыз балалар үшін деп “Балапан” телеарнасын ашып берді. Әйтсе де, ол республиканың барлық өңіріне тарамайды. Оны спутник арқылы ғана көру мүмкіндігі бар. Спутникті бір осы “Балапан” телеарнасын көруге қосатын болсақ, қалған жүздеген ресейлік телеарналарында балаларға арналған он шақты арна балаларға берілген.

Ал қазақша көргісі келетін балалар бәрібір сол “Балапаннан” гөрі, ресейлік арнадағы “Спандж Бобты”, “Өрмекші адамды” көруге ынталы. Себебі, “Балапан” арнасы тек қайталаумен ғана шектеледі. Ал балалар басқа арнаға ауыспас үшін, біріншіден, “Балапан” арнасын республикаға тарауына мүмкіндік жасау. Екіншіден, сол арнада берілетін мультфильм немесе ойындарды күн сайын жаңалап отыру.

Көп ата-аналар балаларына баланы болашағым деп қарамайды, мынау не деген сұрғына не ұрсып жауап береді, не мүлде жауап бермейді. Көшеде жаттап келген боқтық сөздерге тиым салудың орнына, керісінше соны қайта-қайта айтқызып отырады. Бұл да баланың болашақта қалыптасуына кері ықпалын тигізеді. Ол үшін, ата-аналар балаларына күнде жақсы тақпақтар мен ертегілерді айтып отыру керек.

Осы күні балалар тек жоғарыдағы әндерді ғана емес, шет ел әндерінінің атыс-шабыс, жалаңаш клиптерін көріп өсуде. Бала теледидардағы көрген қимыл-әрекеттерін айна-қатесіз қайталайды. Ондай олқылықтарды болдырмас үшін, музыкалық арналар күндіз дәстүрлі қазақ әндерін, жақсы эстрадалық әндерді беріп, ал кешкісін, не балалар ұйықтаған уақытта барып шет ел әндерінің клиптерін беру керек.

“Бүгінгі балалар бала емес, “бәле” дейтін үлкендердің айтатыны бар. Бала “бәле” болмас үшін, ата-аналар бала тәрбиесін жауапкершілік деп түсіну керек.

3 пікір »

  • Шынымен де қай жаққа барсам да осы өлеңді қоятын болыпты. Мүмкін шынымен де қоғамның жүрегі ауырған соң, өзін жұбату үшін айтатын шығар.

  • Айнұр Ракишева says:

    Шындығында да әннің айтарлықтай ой салатын мәні болмасада, музыкасы өте ұнайды маған. Ол әнге ешқандай қарсылығым жоқ. Бірақ, ХитТВдан шетелдің жартылай жалаңаш әншілерінің клиптерін көрсетіп жатқанда мәні болмасада қайта қайта осы қазақша әндерді қоя берсе ғой деп армандаймын. Өйткені, сөздерін қоя берші бірі түсінсе екіншісі түсінбейтін, бүгінде хит боп жүрген өзге тілді әндердің бейне клипін көрген көз ұялады.

    Ал, “”Балапан” арнасы ашылды дегенде шынымен-ақ қуанды ғой халық. Сол, арна ашылған күні үйге келсем кішкентай сіңілім көрсетіп жатқан мультфилімді тамагалап отыр екен. Осы арнаның қалай аталатынын біледі ме екен деген оймен үш жасар сіңілімнен “Не көріп жатырсың?” деген сұрақ қойдым. Ол мәз болып “”Балапанды” көріп жатрмын қызыыыыыыыыық” деп жауап берді. Сол күні де келесі күні де күндіз туні сол арнаға жабысып көріп отырды. Бір апта өтер өтпес үйге келсем теледидардан баяғы “Никалодиян” қосылып тұр. “Дариға, “Балапаның” қайда?” дедім. Сіңілім, “Оооооооооооой, қойш там мультики повторяются,надоело ” деген жауап естідім. Маншүк, мақалада шынайы ойыңды білдіріпсің көпшілігіміздің ойымыз бір жерден тоғысып тұр. Егер, “Балапан” арнасы бір көрсеткенді қайталап көрсете бермей жаңалап тұрса балаларда көз алмай көрер еді.

  • [...] редактора: перевод поста Askhat с казахского [...]

Leave a comment!

Add your comment below, or trackback from your own site. You can also subscribe to these comments via RSS.

Be nice. Keep it clean. Stay on topic. No spam.

You can use these tags:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

This is a Gravatar-enabled weblog. To get your own globally-recognized-avatar, please register at Gravatar.