Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Интернет, Экономика, Қоғам

Жапондар iPod шығаруға қазақтың металын пайдаланбақ

Азия елдерінің арасындағы текетіресте қазақ экономикасы ұтты

Азия елдерінің арасындағы текетіресте қазақ экономикасы ұтты

Жапония мен Қытай арасында Сенкаку аралына қатысты дау-дамай қазақ экономикасын да шарпып өтті. The Nation атты шетел басылымы Жапонияның компаниялары Қытайлар уысында ұстап отырған сирек металдарды Қазақстаннан алуды көздейтін жобаларды қарастырып жатқанын хабарлады [ағыл.т]

Қытай Жапонияға неге өкпелі?

Қытайда білім алып жүрген қазақ студенттерінің бірі өз блогында Сенкаку аралына қатысты болып жатқан шерулер туралы жазған еді. Блог авторы Ертай Нүсіпжан: «Жақын күндері Қытайдың Сычуань провинциясында Шығыс-Қытай теңізінің «Сенкаку» (Дяоюйдао) аралы төңірегіндегі дау-дамайға қатысты қарапайым халық арасында күшті наразылық шаралары өтті. Осы айдың 16-17 күндері қытай студенттері бастаған мыңдаған адам қолдарына «Дяоюйдаоды қорғаймыз!», «Жапон тауарларына байкот!», «Жапонияға соққы береміз!» деген сияқты жазулары бар ұранды сөздер ұстап қала көшелерін аралады. Кейбір басылымдар бұл наразылық шараға 2 мыңдай адамның қатысқаны туралы жазды» деп хабарлайды.

Өз кезегінде Жапонияда білім алып жүрген қазақ студенті оқиғаны жапондар тарапынан түсіндіруге тырысқан. Жанна Қарашығанова: «Былтырғы Қытайдағы Шыңжаңдағы ұлт аралық қақтығыстар, сосын Тибет ол бар, соңғы кезде Қытайда көтерілістер көп. Бұл оқиғалар Қытай қоғамындағы дағдарысын көрсетеді. Сол сияқты осы жолғы демонстрацияға шыққандар көбісі жастар. Универ бітірсе де дені дұрыс жұмысы жоқ көбісінің. Мындағы қытай құрбым айтады, “соған қатысып жүргендер өңкей еріккен біреулер, жұмысы жоқ далада жүрген біреулер ғой. Үйтіп қырып жоямыз деген демоға қатысқанша, жұмыс істемей ма одан да бос уақыты болса” -дейді.

Жапондар не дейді?

«Қытайлар арасында қазір қайтадан Мао Цзе Дунның танымалдылығы арта бастапты. Олардың айтуынша “иә Маоның жүргізген саясаты көп адамға қиын болды, кедей болдық, ал қазір Қытай жылдан жылға баю үстінде, бірақ Мао кезінде бәріміз бірдей едік, бай кедей деген болмап еді” деген сөздерінен экономикалық дамудан тысқары қалғандардың қазіргі үкіметке наразылығын көруге болады. Қытайда наразылықтың күшеюіне Чилидегі 33 шахтерді бүкіл әлем боп құтқару оқиғасы да түрткі болған. Кей интернет сайттарда Қытайда жыл сайын жүздеген шахтерлер өледі, біздің елде ондайға қарап жатқан ешкім жоқ, адам жанының біздің елде құны болмағаны ма? Біздің басшылар дым да жасамайды ғой ондай жағдайда деген пікірлерді қытай интернет қолданушылары жазған» дейді жапонияда қытай азаматтармен пікірлескен блогшы Жанна.

Сурет drspam есімді flickr қолданушысына тиесілі.

3 пікір »

Leave a comment!

Add your comment below, or trackback from your own site. You can also subscribe to these comments via RSS.

Be nice. Keep it clean. Stay on topic. No spam.

You can use these tags:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

This is a Gravatar-enabled weblog. To get your own globally-recognized-avatar, please register at Gravatar.