Күлкі терапиясы
Қоғам3 пікір
Редактордан: “Алдараспан” театры ел ішінде аса танымал. Қалжыңдары саяси болмаса да қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғайды. Жазба авторы Айнұр Ракишева осы сықақ театрларына қатысты өзінің ойымен бөліседі.
Бүгінде әзіл-ысқақ театрлары өте көп. Санап айтатын болсан нақты санын да шығара алмаспыз. Әр театрдың өзінің көрермендері бар. Бірі “Шан-шарды” көрсе, екіншісі “Нысананы”, үшіншісі “Алдараспанды” шын ықыласысмен ұйып көреді. Осы арада “Неге халық осы әзіл-ысқақ отауларын көргенді ұнатады?” деген сұрақтың туу орынды.
Менің ойымша, телеарналарды қарап отырсаң “Қазақстан” мен “Хабар” арналары еліміздің жағдайын 100 пайыз күштіііііііііііііііііі қылып көрсетсе, “КТК”-ны көріп өмірден түңіліп кету де алыс емес. Газет-журналдарда да сол бірнеше бағытқа бөлініп кеткен. Адамдарға ешқандай оғаш ойы жоқ , жәй әзілмен жеткізілген өмір шындығы әлдеқайда сенімді және қызықты. Әзіл театрларын көре отырып, адам өзін көргендей болғандықтан қай заманның адамы болмасын қашанда осы сатиралық театрларды көруге құмар болған.
“Бүгінгі театрлардың қойылымдарындағы күлкі арзан болып бара жатыр. Өйткені әзіл театрлары күлкіні бизнестің бір көзіне айналдырған. Бүгінгі театрларда бұрыңғы “Тамашаның” күлкісі жоқ!” деген өкпені сол заманның адамдарынан жиі естиміз. Алайда, театрлар заман талабына сай әзілдерін өзгертіп жатқан жоқ па, соны неге ескермейміз. Егер, “Базар жоқ” әзіл театры шығып алап бұрыңғы Совет заманың әзілін қойып тұрса сахнада, Совет заманын көрмеген адам оған күледі ме? Қалай ойлайсыз? Менің ойымша ол орынсыз әзіл болар еді. Не болса да “Халық-сарапшы, халық-сыншы”!
Ал,сатира театрларының басты мақсаты халыққа шынайы өмірді көрсететін шын әзіл, өмірдің көлеңке беттерін әзіл арқылы халыққа ой салып, көзін ашу деп білемін.



Маған “Шаншардың” әзілдері мүлде ұнамайды, тым анайы беретін тұстары бар. Ал “Базар жоқты” басқаратын Тұрсынбек Қабаевтың әзілдері өз орнымен берілген, онда бүгінгі қазақ қоғамындағы шындық айтылады. Күліп отырып, ойландырады. Ал бұрынғы театрлар “Тамаша”, “Бауыржан шоудың” әзілдерін неге күлмейді десек, олар әзілдері бүгінгі заманға сай келмейді.
Келісемін
)
[...] редактора: перевод поста Askhat с казахского [...]