Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Интернет, Қоғам

“Осы уордпресте не бар, түсінбедім…”

Авторы on Monday, 18 July 2011
Интернет, Қоғам
2 пікір

Wordrpess.com-ның екінші тынысы ашылды. Қазақ билігі өзі жапқан блогтұғырды қайта ашты. Бір жарым ай ішінде блогтарына ойларын жазып, оқырмандарымен қауыша алмай ішқұса болған 500 блогтың иелерінен кешірім де сұрамады. Осы уақыт ішінде кейбір блогшылар өзге блогтұғырға көшіп те үлгерді. Бәлкім бұл жолы құрсаулауды жүзеге асырғандардың пиғылы да сол болған болуы мүмкін. Себебі Livejournal бір жабылып, бір ашылған соң, блогшылар қолдарын бір сілтеп, үнемі ашық тұратын отандық блогтұғырға көшкен еді.

WP құрсауланған күннің өзінде оған деген қызығушылық бәсеңдей қоймады. Өткен айда WP тұғырында 12 жаңа блог тіркелген. Арасында танымал әнші Құрмаш Махановтың блогынан бастап, қазақ ертегісіне және қазақ тіліне арналған да арнайы блогтар баршылық.

Әйткенмен qazaqblogger.com тұғырының авторы timurrr twitter-дағы пікірінде: “Осы уордпрессте не бар? Түсінбеймін” деген екен. Бұл жазбада осы сұраққа өзімше жауап беруге тырысамын.

  1. WordPress.com қазақ тіліндегі блогшылардың басын қосқан алғашқы виртуалды алаң. Akzere айтпақшы, келіннің бетін бірінші болып ашқан адам – ыстық.
  2. Wordrpess.com-да қазақ блогшылары алғашқы болып қазақ тіліне өз еріктерімен аударуды қолға алды.
  3. Wordrpess.com өзге (kazjur, yvision, qazaqblogger) тәрізді бір тілдің немесе идеяның шеңберінде шектелмеген. Әлемнің 50-ден аса тілінде қызмет етеді. Әрі оның қызметтері үнемі жаңаланып, жетіліп отырады.
  4. Wordrpess.com-дағы блогшы блогының баптауларын өзі реттестіруі арқылы блогына тек өзі ғана иелік етеді. Мәселен өзге блогтардағы қосымша қызметтер қолданушының құзырында емес.
  5. WordPress.com бар болғаны үшін ешкімді бұлдамайды, ақы сұрамайды. Әр қолданушының өзіндік даралығына мүмкіндік береді. Жазба бірінші бетке шығып, көрінуі үшін дауыс жинаудың қажеті жоқ. Әлемнің танымал әлеуметтік желілерімен ынтымақтастықта істейтін қызмет түрлері (google docs, facebook, slideshare, twitter, youtube etc) күн сайын кеңейіп келеді.
  6. WordPress.com  тек қана блог емес, сонымен қатар сайт жасауға да болатын платформа. Сондықтан осы блогтұғырда еркін жұмыс істейтін блогшының кейін осының негізінде жеке сайт ашу мүмкіндігі мол.

Дәл қазір осы бір ерекшеліктер есіме түсіп отыр. Әрине, блогшы ешқашан бір платформаға байланып қалмауы тиіс. Әйткемен WP блогшыларға жаңа медианың қыр-сырына бойлауға мүмкіндік беретінін ұмытпайық.

2 пікір »

Leave a comment!

Add your comment below, or trackback from your own site. You can also subscribe to these comments via RSS.

Be nice. Keep it clean. Stay on topic. No spam.

You can use these tags:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

This is a Gravatar-enabled weblog. To get your own globally-recognized-avatar, please register at Gravatar.