“І” әрпінің хикаясы
Экономика, Қоғам2 пікір
Өткен жылы да сөйткен. Зейнетақы қорыма ақша аударылмай қойғаны бар. Банктердегі компьютерлер “і” әрпіне жарымай қойды ғой.
Neweurasia-да осыған арнап, үнхабар жасаған едік. Бірақ сол мәселе жылы орнынан әлі де қозғалмаған сыңайлы.
Желтоқсаннан бері карточкама ақша түспей жүрген. Бар сабырымды жиып, мәсәленің мәнісін білеуге барсам, менің фамилиямдағы “і” әрпін, «и» әрпіне ауыстырып, орысша жазыпты. Осы уақытқа дейін дін аман қызмет көрсетіп келе жатқан оларды қандай түлен түрткенін жөнді түсіне алмадым.
Ата-тегім тұтастай қазақша жазылып келген еді. Еш қиындықсыз ақша да түсіп тұрған. Енді міне, сол “і” әрпін сылтауратып, ақша түспепті.
Онысын хабарлап, себебін түсіндіріп айтса бір сәрі ғой…
Өткенде ғана: «Халық банкіндегілерге» құжаттарыңның қазақшасын беріңдер дегенде, «комптағы бағдарлама орысша, сондықтан бәрі орысша шығады» деп ақталған. Енді комптағы бағдарлама орысша екен деп, менің де орыс болуым керек болғаны ма?
Себебіне сәл үңіліп көрсем, мәселенің мәнісі мынада екен. Жоғары оқу орындарына қатысы бар, сол жақта ақша аударылатын жандарға арнап банк жаңа бір бағдарлама түзіпті. Сол бағдарлама қазақ қаріптерін танымайды-мыс. Сөйтіп, барлығын орысша аударған. Кімнің аты-жөні қазақша жазылған болса, оған ақша түспеген. Өз тілдерінде оны пингования ма, соған ұқсас бірнәрсе деп атайды екен.
Мен тәрізді оқиға басқа да біреудің басынан өткен болар. Бөлісе отырсаңыздар. Әлде “і” әрпінің хикаясы тек менің басымнан өтіп отыр ма?
Сурет СС рұқсаты негізінде Mag3737 есімді flickr қолданушысының мұрағатынан алынды



[...] редактора: перевод поста Askhat с казахского [...]
[...] of Askhat’s post (KAZ, [...]