Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Білім, видеоблог, Қоғам

Қалтафон қазақ тілін үйретеді

Авторы on Monday, 27 September 2010
Білім, видеоблог, Қоғам
1 пікір

“Digital Communication 2010″ көрмесінде қазақ тілін мобильді телефон көмегімен үйрететін әдістеме авторымен кездескен едім. Әдістеме авторы Карл Хофсо:«Біздің елімізде швед тілін білмейтін мигранттар саны көпшілік. Олар бірінші кезекте тіл үйренуде көптеген қиындықтарға ұрынады. Бұл бағдарлама алғашқы болып осыдан үш жыл бұрын соларға лайықталды», – деді.

Қазақстанға «So to Speak» деген тіл үйрететін өнімді “Informator атты швед компаниясы алып келді. Әдістемені «тыңда, қайтала, салыстыр» деп атапты.

Тоғыз деңгейден тұратын бағдарламаны қалтафонына жүктеп алған адам, оның ішіндегі сөздерді қайталауға күніне бір-екі сағат уақытын жұмсаса жеткілікті. Нәтижесінде сөздерді, бірте-бірте сөйлемдерді дұрыс айтуды үйренеді. Яғни, жұрт оның айтқанын түсіне бастайды. Телефон ішіндегі тапсырмаларда сонымен қатар адамның өзінің айтқанын, телефон ішіндегі диктордың айтқанымен салыстыру, орны бос әріптердің, сөздердің орнын толтыру тәрізді қысқа тапсырмалар бар.

Әртүрлі мобильді телефондарға лайықталу үшін бағдарлама Java, HTML, Flash модульдарын қолдайтын кез-келген телефонға сәйкестендірілген. Телефонға жүктелген бағдарламаны іске қосқанда телефон дисплейінде арнайы суреттер пайда болады. Ер және әйел адамның дауысы қазақша (немесе басқа тілдегі) сөздерді дыбыстайды. Қолданушы арнайы түймені басып, олардың айтқанын қайталап, салыстырады. Бір деңгейді аяқтап болған соң, қолданушы интернеттен өз телефонына басқа деңгейін жүктеп алады. Еуропада төлемақыны SMS көмегімен өтейді.

Еуропада телефон көмегімен тіл үйрететін 9 деңгейден тұратын бағдарламаның бір деңгейінің бағдарламасы 10 мың теңге маңайында. Бір курс өз ішінен тоғыз бөлімге бөлінеді. Қазақстандықтар үшін бұл өнімнің құны қандай болатыны әзірге нақты емес.

1 пікір »

Leave a comment!

Add your comment below, or trackback from your own site. You can also subscribe to these comments via RSS.

Be nice. Keep it clean. Stay on topic. No spam.

You can use these tags:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

This is a Gravatar-enabled weblog. To get your own globally-recognized-avatar, please register at Gravatar.