Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Білім, Интернет

Гуглдың толқыны

Авторы on Saturday, 7 November 2009
Білім, Интернет
Пікір жоқ

«Гуглдың» айтуынша, жаңа сервис Google Wave технологияларға бұрын ешкім естімеген жаңалық әкелуі тиіс. Бүгінде Гуглдың «Толқыны» өткен айдың ең көп талқыланған тақырыбы болып саналады. «Твиттер» мен блогтарда Google Wave-ке кіру үшін шақыруларды беру-алу рәсімдері жиі болып жатты және әлі де болып жатыр. Сонымен, Google Wave деген не және оны онлайндық байланысудың революциясы деп неге атайды?

Google Wave — кеңейтілген мүмкіндіктері бар ұжымдық чат. Бүгінде пайдаланушыларға ұсынылып отырған жобаны (әзірге бета-нұсқа) революциялық немесе электронды почтаны өзгерте алатын сервис түрінде қарастырады.

«Инвайтқа» қолы жеткендер басты бетті ашып, Gmail-ге ұқсастау интерфейсті көре алады. Сол жақта бөлім-папкалар, төменде — байланыстар тізімі. Бұл тізімге Толқынға кіре алатын «Гугл мейлдағы» байланыстарыңыз кіреді.

Google Wave тек қана екі адамның ақпарат алмасуын емес, көптеген адамдардың хабарлама алмасуына жағдай жасайды. Егер бір адаммен жеке сөйлесемін десеңіз, ол үшін де арнайы опция бар, ондай хабарласуды «толқын асты» деп атайды. Бір-бірініздің хабарламаларыңызды редакциялауға, ұжымдық жоспар, құжат құруға арналған мүмкіндіктер бар. Сервистің концепциясы пайдаланушыларға түрлі мәселелерді шешуге арналған бағдарламалар – роботтармен хабарласуға да жағдай жасайды, мысалы, Polly арқылы дауыс беруді ұйымдастыруға болады, ал Rosy әлемнің кез келген нүктесінде орналасқан ағылшын тілін білмейтін пайдаланушылар үшін жақсы, ол реалды уақытта мәтінді аударып отырады. Google Wave-ты сайттар мен блогтарға қосып қоюға болады. Осылайша пайдаланушылар сайттың иесімен тікелей хабарласа алады. Келешекте ол үшін арнайы плагиндердің (тәуелсіз компиляцияланатын бағдарлама модулі) қажеті болмайды, себебі Google Wave HTML 5 жаңа стандартын толықтай қолдайды. Қазір Google Wave “preview” (“алдын ала көрсетілім”) статусында, қателер жиі шығып тұрмаса да, кейбір базалық функциялар жұмыс істемейді немесе жоспарлануда.

Дәл қазір Google Wave сынақ мерзімінен өтуде. Оған тек арнайы шақырту арқылы қосылуға болады. Осындай шақыртуға ие болған бір топ қазақстандық ақпараттық технология саласының мамандары мен журналистері бірнеше конференция ашып үлгерді, солардың ішінде «Қазақша чат» та бар. Бұл талқылаудың тақырыбын қазір Санкт Петерборда оқып жүрген Александр Ким есімді қапшағайлық студент ашқан болатын. Ақпараттық технология саласының болашақ маманы «Wave»-ке қазан айында тіркеліпті. Біз Александрға осы чатқа байланысты бірнеше сұрағымызды қойған болатынбыз.
- Саша, осы  «Қазақша чат» атты конференцияны не мақсатпен аштың?
- Мен қазір Қазақстан территориясында емеспін және де қасымда қазақ тілінде сөйлейтін адам жоқтың қасы. Сонымен қатар, қазақ тілін үйретемін және үйренемін деп қызығушылық танытқандар аз. Тілді оқу мен үшін қызықты, әрі теориялық жағынан қарасақ, қажет. Тез жауап беретін ауқымды аудиториясы бар – Гугл Уейв – тіл үйренудің ең қарапайым әдісі.
- Гугл Вейв арқылы қазақ тілін үйренуде қаншалықты көмектесе алады және ол үшін не қажет?
- Ең бастысы – екі жақтың тарапынан құлшыныс болу қажет, нақтылай айтатын болсам, зор құлшыныс, қалғаны өзі-ақ келер.
Қарап отырсақ, осындай конференцияның мақсаты – қазақ тілін жетілдіру, қазақ тілінде еркін сөйлейтіндермен ақпарат алмасу, байланыс орнату, сондай-ақ ғаламтордағы қазақ тіліндегі жобаларды талқыға салу, қателерін көрсетіп, оларды дұрыстау. Осы жылдың аяғында Google-дың сервисі барша пайдаланушыларға қол жетімді болады деген болжам бар және оның мүмкіндіктерін әркім сынай алады

Leave a comment!

Add your comment below, or trackback from your own site. You can also subscribe to these comments via RSS.

Be nice. Keep it clean. Stay on topic. No spam.

You can use these tags:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

This is a Gravatar-enabled weblog. To get your own globally-recognized-avatar, please register at Gravatar.