Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Интернет

Аптаның 7 жазбасы: Алматы – табанымның нүктесі

Авторы on Sunday, 22 June 2008
Интернет
3 пікір
Әділбектің фотосы
100 адам жинап алып келсеңiздер, сiздерге Нұрсұлтан Назарбаевтың өзi ұстаған бойтұмарымды ұстатамын.

Бұл аптада барлық блогты түгелдей қарап шықтым дей алмаймын. Алайда, негізінен футболды сүйетіндер мен сүймейтіндердің блогтарындағы жазбалар жұрттың назарын аудартқанын аңғардым. Жазғы демалыстардың есебінен болар, қазір блогосферада бір мимырттық байқалып келеді.

Бірақ Айко сияқты блогшыларымыз интернет тұрғанда демала қоймас. Себебі оның “Евро-2008 тез бітсе екен :( (( “Антифутбол” атты жазбасына қарсы шабуыл жасаушылардың іштей көп болатынын аңғару оңай еді. Қазірдің өзінде жұқалап футболдың маңызын түсіндіріп жатқандар бар.

Баяғыда бір қызық болған футболды түнде беретін болса керек, бір жұмыскер кеш келіп жүрген соң срочна отпуск оформить етіп демасқа кеткен емір-еркін кайфавайт етіп көрейін деп . сосын оның буын ұзаққа дейін айтып жүретін. кейде дәлізден көріп қалып қолымнан жібермей ұстап айта бастағанда. басында қадірлі адам ғой деп тыңдайтын едім. Кейін кешріңіз мен түсінбеймін ғой, сосын маған футбол екі қойың бір-ақ сом дей бергенім сол еді… ұят-ай…. ұрсып ала жөнелді. видмо қатты қорласам керек сенің футболың кімге керек деген мағына сияқты. әкей-жәкей деп жатып ашуын әрең бастық қой.

Футбол әлеміне сүңгіп оның қызығы мен шыжығын қатар жеткізіп жүрген Нұрғисаның блогы ойын матчтарынан жасаған шолуларына толы.

Криштиану, саған бір сырды ашайын: бұл жердегілер сен МЮлік екенсің-ау, атақ-шенің бар екен-ау демейді. Ондайыңды қоюың керек еді. Бұларыңа сенің бұған дейінгі жетістіктеріңнің құны 1,03 тиын. Соншалықты құнсыз. Әлеми дағдарыстың ұшқыны. Сенің барыңды салып ойнайтын дода еді бұл. Бірақ тағдырдың мына соққысы Баллактардың соққысынан да ауырлау болғалы тұр.

Бұл Нұрғисаның “Еуропалық бразилиялықтардың тапталған күні” атты жазбасынан үзінді. Әрине МЮ-дің не екенін мен де түсінбедім, бірақ футболшымен сыр ақтарысып, өзіндік кеңесін беріп жатқанына қарағанда футболды “шемішкеше шағатыны” бірден көрініп тұр . Нұрғисаның блогы “Award’08″ интернет жүлдесіне қатысуда. Уақыттарыңыз болса, дауыс берсеңіздер болады.

Өткен аптада “Қазсаттың” туған күні болып, Мақпал “Аспанға ұшқан қазақтың 65 млн. АҚШ доллары күнімен”құттықтаған екен (Бірақ кімді құттықтады екен? Бізді ме, әлде соны ұшырғандарды ма?) Мақпалға әлеуметтік маңызы бар күнді есінен шығармай, блогына түртіп қойғанына рахмет айтар отырып, қайран, қазақтың ақшасы-ай дейсің… Ысырап қылдық та, ұшырдық… Жоқ. дұрысы ұшырдық та, ысырап қылдық.

Байланыс пен ақпарат алмасу мүмкіндігін арттыруға бағытталған “ҚазСатқа” Қазақстан көп үміт артқан еді. Десек те оның мүмкіндігін осы күнге дейін “Қазақтелеком”, “Хабар”, “Қазақстан” теле радиокорпорациясы, “Каспионет” және т.б қолданып келді. өткен шақта айтуымның себебі маусымның 8- күні жер серігінің жұмысы тоқтап қалған болатын.

дейді Мақпал өзінің “Бүгін “ҚазСаттың” туған күні” жазбасында. Шынымды айтсам, осы оқиғаға орай блогшылар бір дүрлігіп, халықтың ақшасын желге шашқан билікке деген өкпелерін блогтарында білдірер деп ойлағанмын. Әзірге ондай реніш байқамадым. :(

Десе де Алтынайдың “Маған қазақ тілі керек емес” деп мәлімдеме жасаған заңгерге өкпесі қара қазандай. Заңды қатты оқып қойған апайымыз, қазақ тілі мәселесі көтеріле қалса болды:

“Маған қазақ тілі керек емес, оны оқитын уақытым да жоқ. Қазақстан демократиялы ел. Сіздер маған тілді үйрен деп күштей алмайсыздар. Дәл қазір өлтірсең де үйренбеймін”,

деп жар салады. Бұрын орыстар қазақ тілін үйренбейді деп жүруші едік, мына қаракөзіміздің қылығы одан бетер. Қазақстанда жұмыс істейтін Халықаралық Адам құқығын қорғау ұйымы сонда кім үшін жұмыс істеп жүр? деген сұрақ туады. Анасын сыйламаған соң, не дерсін… Отанын да сатудан тайынбайтын шығар пәтшағар!

Ақпараттық технология саласындағы аудармалардың да мәз еместігін Русланның блогынан оқып-білдік.

УҚА (Универсальдi Қатар Аптобус).…”
USB (Universal Serial Bus) – Универсалды қатарлы аптобус болып аударылған екен… Столдың астынан жаңа шықтым, енді-енді жазуға мүмкіндігім болып жатырр.

USB атты терминді осылайша сөзбе сөз аударған кісіні қазір блогшылар қалай жазаларын білмей дауласып жатыр. Қай қоғам болса да, өтірікшіні сүймейді ғой. Әсіресе, дұрыс жолдан тайдырушылар қашан да жазаланып отырған. Әділбектің “Туған күн бе, қуған күн бе” атты жазбасының жазылғанына біраз болды. Жазба өте ұзақ, Ықшамдалып орналастырылса жөн болар еді. Бұған тоқталып отырған себебім, Алматы қаласында өзін пайғамбармын деп жариялап, халықты алдаушылар пайда бола бастады. Әділбек солардың бірі жайлы әңгімелейді.

«Мен мына әлемнiң билеушiсiмiн. Мына Алматы – менiң табанымның бiр нүктесi ғана» деп Қажы баба қолын сермеп кеп қалғанда Алматының асты толған сүйек дейдi. …. «124 пайғамбар болса, сендер соның алғашқысына зиярат қылып отырсыңдар.

Соңында ЖаннұрдыңБлог – достық, туыстық” жазбасына тоқталғым келеді.

Әр блогқа кіресің, әр түрлі жазба оқисың. Әрқайсысы өзінше ерекше, әрқилы тақырып, әрқилы стиль. Біз белгілі бір тақырып аясында әңгіме бөлісеміз, пікір алмасамыз, кейде ойымыз да, мақсатымыз да бір арнада тоғысып жатады. Өзгенің берген пікірі кез келген блогшыға бағалы. Демек оның жазғаны сізді қызықтырады.

Алып қосарым жоқ. Блогосферада кез-келгеннің пікірі бағалы.

3 пікір »

Leave a comment!

Add your comment below, or trackback from your own site. You can also subscribe to these comments via RSS.

Be nice. Keep it clean. Stay on topic. No spam.

You can use these tags:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

This is a Gravatar-enabled weblog. To get your own globally-recognized-avatar, please register at Gravatar.