Аптаның 7 жазбасы: блогосферадағы азаматтық бұлқыныс
Интернет7 пікір
Жанталасып жүгіріп жүріп, “Жаңаеуразияның” қазақша нұсқасының дүниеге келгеніне бір жылдан асып кеткенін естеріңізге салуды ұмытып кетіппін. Бұл тақырып қазақ блогосферасында талқыланып жатқан тақырыптардан сонша маңызды емес те болуы мүмкін. Ең бастысы бір жылдың ішінде блогшылардың саны өсіп келе жатқаны, саннан сапаға қарай ойысқанымыз қуантады.
Бақытгүл бастаған топ Уордпрестті қазақшалағалы бері қазақ тілінде жарық көрген жазбалардың бір жерге шоғырланып, оңай табуға көмектесіп жүргенін аңғарған боларсыз.
Алайда бүгін айналамыздағы оқиғаларға азаматтық көзқарасын танытқан 7 жазбаға тоқталып кетуді жөн санап отырмын.
1. Ақтөбелік Алтынайдың блогын біреу білер, біреу блімес. Ақтөбедегі тренингтен соң дүниеге келген Алтынайдың блогында шынымен де өткір, өзекті мәселелер жарияланып жүр. Мәселен, “Көлеңкелі машинаның ішінде кімдер отыр” атты жазбасын оқып, блог арқылы қоғамдағы әділетсіздікті әшкерелеуге тырысқанын көрдім.
Осыдан кейін әкімшіліктен қоңырау шалып, облыс әкімінің орынбасары Жеткерген Оралмағанбетовке келіп кетуін сұрағандар көбейбі. 001 RK нөмірлі машина облыс әкімі Елеусін Сағындықовтыкі боп шықты. Ертеңіне таңертең қабылдаған орынбасар:
“Сен өзі неше жыл жұмыс жасаған баласын? Бір жылдан асса жас екенсің. Енді мен қате жазыппын деп мақала жаз. Түсірген суретің болмағасын дәлелің де жоқ. Әкім жай адам емес. Сотқа берсек сен ештеңені дәлелдей алмайсың. Тіпті журналистикада жұмыс жасай алмай қалуың да мүмкін”
деп қоқан-лоққы жасаған. Қазір үлкен шу туып жатыр. Блогқа газетке жарияланған мақаланы көшіріп басудың қажеті жоқ десек те, өте қысқа, әрі маңызды деп табылған дүниені блогында көрсетіп, айтылмай қалған ойын толықтырғаны жақсы болған.
2. Бекжан да “Айқын” газетінде жарық көрген мақаланы өз блогында жариялаған. Ең бастысы дереккөзін көрсетуде ұмытпағаны жақсы. Бекжан бұл жағынан сауатты ғой. “Мыналардың бәріне не болған?” атты мақалада Нұртөре Жүсіп
“Екі өңірдегі облыстық және қалалық мәслихаттар дереу Елбасы ұсынысын құптап, Петропавл және Павлодар қалаларын тиісінше Қызылжар және Кереку деп атау туралы шешім қабылдаса, Елбасының туған күніне тамаша тарту болмас па еді!”
деген журналистің ойы блогшыға ұнаса керек. Блогқа пікір қалдырған оқырмандардың да көптігі бұл тақырып көпшілікті бей-жай қалдырмағанын көрсетеді. Мәселен, Техносиндром осы жазбаға орай:
“Елбасы қуанышы – елдің қуанышы емес пе? Логиктер мұндайды жалған предикаттар деп атайды. “Мысық пілдің ауырлығынан қаншалықты ұзын?”
деген есеп сияқты”деп пікір қалдырыпты.
3. Нұркеннің “Сыбайлас жемқорлық деген не, онымен күрес қағидалары атты” сауат ашуға арналған жазбасын Алтынайдың блогындағы кейіпкерлеріне көрсетсе дұрыс болатын шығар. Сыбайлас-жемқорлықпен күресуге ықпал жасаған адамдардың қауіпсіздігіне кепілдік деген тақырыпшасында
Сыбайлас-жемқорлықпен келіскісі келмейтін азаматтардың белсенді іс-әрекеттері өз нәтижелерін беруде. Мысал ретінде нақты болған жағдайды айтуға болады: кәсіпкер өзіне шабуыл жасаған адамдардың қатыстылығын анықтауға ықпал жасау үшін криминалдық полиция бастығына жүгінді
деп жазыпты. Қайдам, менің ойымша бұл жемқорлықпен күрес ЕҚЫҰ төрағалық етуді желеу етумен ғана көтеріліп жүрген тәрізді. Бірақ кім білген, бірте-бірте қоғамдағы жемқорлықтың азаюына біз де бір күні үлес қосармыз…
4. Қарақыздың АҚШ тағы күндерін бейнелейтін блогы Америкадағы оқу жүйесіне қатысты жаңа жазбамен толыққан. “Оқу жайлы 2″ атты жазбасында студенттердің білімін бағалаудағы ерекшеліктерге, сондай ақ студенттердің өздері білім жүйесінің жақсаруына үлес қосатынын әдемі суреттепті. Мәселен, студенттер мұғалімнің сабағы қалай өткендігі турасында өз ой пікрілерін бөлек қағазға толтырып өткізеді екен.
“толтырылған бланктер тікелей деканға барады, содан соң келесі семестрде (пікір білдірілген пән туралы бағалар қойылып болған кезде) профессордың өзіне барады, ол өз кезегінде кемшіліктерін айтқан пікірлермен жұмыс жасап, қорытынды шығарып, курсты жаңадан түзейді. Осылайша, мұғалім студентті ғана емес, студенттер мұғалімді де бағалайды. Нәтижесінде екі жақтың қарым-қатынасы көп жағдайда тең дәрежеде”
дейді Қарақыз. .
5. Шетелді жүрген келесі бір блогшымыз Гүлнәрдің “жаңғақ” блогында «Гүржістандағы қазақтың 30 ерекшелігі» жазбасы өте қызық екен. Кейбіреулерін келтіре кететін болсам:
- «Грузиндердің айғайлап сөйлегенін байқап, Қазақстанда адамдар сыбырлап сөйлесетінін түсінеді.
- Грузиндердің тым саясиланғанын таң қалады. Қит етсе болды, парламенттің алдына ереуіл ұйымдастыруға әзір.
- Грузиндер өз президенттерін «Миша» деп атағанын естігенде өз құлағына өзі сенбейді
- Алматыда таза орысша сөйлеп жүрсе де, Гүржістанда жүріп қазақ тілін сағынады.»
6. «Түркістан» газетінің журналисі Есенгүлдің де блог бастағанына біраз болды. Көбіне әдеби стилде өзінің өмірбаянын жазып жүр. Оқып отырып, Моңғолиядағы қазақтардың өмірі көз алдыңда елестейді. Бір жазбасындағы өлеңде қоғамдағы оралмандарға қатысты көзқарас мынадай жыр жолдарымен жеткізіліпті:
Азат емес, әлі сен құл екенсің,
Ұлттық сана, түйсіктен тұл екенсің.
Құл сананың еркінде қалт-құлт етіп,
Тірі жәндік, әйтеуір, жүр екенсің.
Иә, рас, Қалақай, оралманмын,
Бір талымын бір ыңғай қара орманның.
Орыс, қытай жерімді тартып алып,
Отан іздеп Ордаға оралғанмын.
Оралманмын!
Пікір қалдырған Журналист қарындас:
«Иттiн кулы итакайы басынып казакты, халыктын игiлiгiне тиесiлi байлык устаганнын колында, тiстегеннiн аузында кетiп жатыр. Соларды тыюга улес косудын орнына, оралмандардын аузын андимыз. Улт болып уййтын заман алдекашан жеттi. Оралмандар деп озектен тепкенше, казактармыз деп, айрандай уюга ден кою кажет»
депті.
7. «Студенттер, барлығың бірігіңдер!» Азаттық радилсының қызметкері Мақпалдың блогындағы жазба осылай аталады. «Кеше барлық қоғамдық көліктерде студенттік билеттер жарамсыз танылды. “Грантта оқиды” деген қызыл мөр басылу керек екен. Ал ондай мөр болмайды дейді университет басшылықтары. Егер ондай мөр болған күннің өзінде жеңілдік тек грантта оқитындарға ғана емес, барлық студенттерге берілуі тиіс. Мемлекет жастарды қолдаймыз дейді, қолдағаны осы ма?» деп Мақпал студенттердің ынтамақтасып, өз құқықтары үшін күресуге шықырыпты.
Қырқып қой: Студенттер үшін жеңілдік осы айдың соңына дейін сақталатын болды.




Durys Askhat, apta saiyn bolmasa ai saiyn jazyp turshy. Kazirgi jane otken ketken, okymai kalgan jazbalarymyzdy okyp kalady ekenbiz!
Рахмет, Бақытнұр! Сендердің қолдауларыңа ауадай зәрумін. Оқитын оқырман болса, жазамыз ғой
Асхат, блогсфераға менің атымды қосып қойғаның үшін рахмет. Әзірге маңызды ештеңе жазып жүрген жоқпын ғой. Керісінше, қоғамдық пікір мен саяси өмірге деген көзқарастарды көбірек қамту қажет секілді болатын. Бірақ, мен осы жазбам үшін шығармашылығымның екінші қырын танытуды да мақсат тұтып ем. Қалай дегенмен сенің осының бәріне уақыт тауып, назар аударып жүргенің қуантады. Істеріңе сәттілік тілеймін. Ал, өлең менікі емес, Бақытбек Бәмішұлы ағаңдыкі. Мен тек блогыма қойдым.
Есенгүл апай, Сіздің жазбаларыңызды көтерер жүгі мен маңызы өте ауыр. Бұған дейін шеттегі қазақтар өмірін дәл сіздей көркем тілмен жеткізген адамды кездестірген емеспін. Өлең Бақытбек ағанікі екенін білетін едім. Бірақ жариялап, көпшілікке жеткізген сіз ғой
Блогыңыздан қызықты жазбалар күтемін.
Kolenkeli mashinada kokeler otyrady. Olardyn keibireuinin halykka karaityn bet jok sol sebepten kolenkeletip alady.
[...] Аптаның 7 жазбасы: блогосферадағы азаматтық бұлқыныс (Бұл жазбада өткен апта ішіндегі қазақ блогшыларының [...]
Тауып айттың, Шыңғыс! Сөз тапқанға қолқа жоқ. Жүздерін көрсетуге ұялып жүрген соң, қара терезенің ар жағында жасырынып жүр-дағы…