Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Интернет

Яндекстің Қазақстандағы қадамдары

Авторы on Monday, 26 October 2009
Интернет
3 пікір

«Салам» деген қазақи емес сәлемдесудің бір түрі бар билбордтар Алматы қаласында күздің ортасына қарай пайда болды. Бірақ бұл ұялы байланыстың жарнамасы емес-тін. Әлемнің ірі іздеу жүйесі «Яндекс» осылайша еліміздің Әлемтор пайдаланушыларымен амандасып, қазан айының ортасында қазақстандық интернет желісінің Контент дамыту және Ақпараттандыру мен Байланыс бойынша агентікпен бірлескен жұмысы арқасында Қазнетке келді.

«Я.Субботник» атты шара Алматы қаласында үш күнге созылды және осы уақыт аралығында компания Қазнет пайдаланушыларды өз жоспарларымен таныстырды. Яндекстің Қазақстан нарығына келу себебі интернет-жарнама мен қазақстандық аудиторияда Яндекстің танымалдылығымен тікелей байланысты екен.

«Яндекс» порталының қазақша нұсқасының тұсау кесерінде yandex.kz адресі бойынша қазақстандық пайдаланушылар үшін интерфейс тілі – қазақ тілі етіп таңдауға болатынын және сұрау салу жүйесі қазақ тілінің морфологиясына сай жасалғандығы жайында айтылды. Егер де сіз Яндекстің іздеу жүйесіне «конституция» деген сөзді енгізсеңіз, ол міндетті түрде Қазақстан Республикасының конституциясына сілтеме береді.

Карталар сервисі ішінде Алматы мен Астана карталары нақтылап жасалған, келешекте республиканың басқа қалаларын электрондық қартаға түсіру жоспарлануда. Порталдың бірінші бетінде қазақстандық жаңалықтарды, Яндекс.Кестелерде қазақстандық пойыз бен ұшақтар, Афишаларда мәдени шаралар кестесін қазір де көруге болады, онымен қоса, біздің интернет пайдаланушылар «kz» доменінде пошта аша алатын болды.

Ал Яндекс.Тығындар сияқты басқа сервистер алдағы уақытта ашылмақ. Порталдың негізгі бетінде еліміздің бірнеше танымал ресурстарына арналған виджеттерді қоса аласыз. Алайда, қазақшалану процессіне әзірге оң баға беру ертерек. Кейбір термин сөздер қазақ тілінен дұрыс және толық аударылмаған.

«Яндекстың» бас директоры Аркадий Волож (Қазақстанда туған және Алматыда оқыған) Қазақстандағы Яндекс үлесі 60% деңгейінде (Яндекстің өзіне 40–45% іздеу салу, ал қалғаны — Яндекстің басқа іздеу технологияларында, мысалы, Mail.ru-да), сұрау салудың қалған 40% компания өкілдерінің пікірінше, іздеу жүйесі Google үлесінде. Интернеттің Қазақстанға енуін Аркадий Волож 18% деңгейде бағалады (Ресейде бұл көрсеткіш 30%).

Ай сайын қазақстандық пайдаланушылар үшін Яндекс 20 млн. іздеу сұрауларын өңдеп шығады. Яндекс.Директтің (контекстті жарнама) аудиторияны қамтуы тәулік ішінде орта есеппен 400 мың. қазақстандық қолданушыны құрайды. Бүгінде қазақстандық трафиктің үлесі, яғни контекстті жарнаманың табысы Яндекстің ортақ көлемінде аз болса да — 2% деңгейде, бірнеше жылдан кейін бұл көрсеткіш 5% жетеді деп болжамдайды компания.

Сонымен қатар, Яндекстің табыс бағамы аудиторияның өсу бағамынан жоғары болады деп күтілуде. Осындай болжамдардың негізі қандай деген сұрақтың жауабы бар – бұл Яндекстің Қазақстандағы интернет-жарнама сату бойынша эксклюзивті серіктесі KazNet Media атты компания.

Осындай серіктестік қатынас арқасында өзара есептесу процедуралары қиындықсыз жүзеге асады: біріншіден, барлық төлемдер ұлттық валюта – теңгеде болады, екіншіден, өткізілетін кампаниялардың минималды бюджеттің бастапқы мәндері қазақстандық агенттіктер үшін төмендейді. KazNet Media бұл нарыққа жақында ғана келген ойыншы және Яндекстің Қазақстанға келуіне орай құрылған компания болса да Қазақстан нарығына контексті интернет-жарнаманың келу процессін жалдамдатады деген үміт бар. Әзірге, Яндекстің sales-маркетинг бөлімінің басшысы Антон Попов айтқандай, Яндекс.Директ желісінде 100–150 қазақстандық сайт ғана бар, ал контексті жарнаманы 10-15 агенттік арқылы пайдаланатындар жүздің шамасында.

Яндекстің алдағы жоспары – орыс тілді аудиториясы бар елдерде локальді нұсқалар жасау. Жақында компания «Арзамас» атты жаңа іздеу тұғырнаманы іске қосты, ол сұрауларға пайдаланушының тұратын аймағы бойынша жауап береді. Бұрында Яндекс Украина және Беларусте домендер ашқан болатын.

фото Profit.kz

3 пікір »

Leave a comment!

Add your comment below, or trackback from your own site. You can also subscribe to these comments via RSS.

Be nice. Keep it clean. Stay on topic. No spam.

You can use these tags:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

This is a Gravatar-enabled weblog. To get your own globally-recognized-avatar, please register at Gravatar.