Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Интернет

Қазақ блогосферасы батыс әлеміне не үшін қажет?

Авторы on Tuesday, 13 November 2007
Интернет
2 пікір

Бішкек сапарынан соң, осы бір сауалдың маза бермей жүргенін жасыра алмаймын. Қазақ тілінде блог жүргізу жұмыстарын насихаттай жүріп, қоғамға таратып жатқан тың дүниенің салдарын жиі ойлаймын. Қазақ үнінің құмығып шығуын тілегендер қалай болғанда да жеңіліс тапты. Орталық Азияда жаңа медияны (ағыл.) дамытуға күш салып, қыруар қаржы бөліп жатқан шетелдік ұйымдардың (соның бірі ТОЛ) соңғы кездегі әсіре белсенділігі көзге бірден түседі. Мәселен:

  1. Бішкектегі блогшылар семинары
  2. BBC радиотілшісінің Алматыға арнайы келіп, зерттеу хабар жасауы
  3. Азаттық радиосының да блогқа деген қызығушылық танытуы

тәрізді шаралар соңғы үш аптаның ішінде орын алды. Ақпарат әлемін жіті бақыламай отырғандықтан шектеулі мәлімет беріп отырған болармын. Әйтпесе қазақ даласында пікір еркіндігінің белсенділік танытуына өзге шетелдік ұйымдардың да септесіп отырғаны анық. Қосымша бір жайт ТМД елдерінде енді блогжиындар қарқын ала бастады. Әлемдегі күллі блогтың басын қосып хабар тарататын GVO да Қазақстан хабарларын таратуда.

Қазақ қоғамының сыртында әрекет етіп жатқан жаңа медияға деген біздің көзқарас қандай болуы керек? Біз қорғануымыз керек пе? Әлде қол созып, бірлесе дамытуымыз керек пе?

Жаңа медия – қазақ БАҚ-тары үшін соңы ұғым. Қазақ журналистикасының қоғамдық ғылымдар ішінде кенже дамып келе жатқаны жасырын емес. Жаңамедия – жаңа ақпараттық технологиялар негізінде бұқарамен қарым-қатынас жасайтын (блог, үнхабарлар, әлеуметтік желілер, Веб2 т.б.), технологиялар негізінде кез келген адамға ақпаратты жинаушы, таратушы әрі өзгертуші болуға мүмкіндік беретін сала.

Батыс ұйымдары осы жаңамедияға күш салып келеді. Себебі аузын айға білеген АҚШ-та қоғам белсенділігін арттыруда бұның жәрдемі зор болып отыр. Америкада “блогшы” мамандық атауына ие болып қоймай, олардың құқын қорғайтын арнайы заң да жазылуда. Ал университеттерде жаңамедия пәні әлдеқашан негізгі сабақтардың қатарына енген.

Ақпарат заманында батыс әлемінің қазба байлықтарына бай, территориясы жөнінен әлемде 9 орынға ие елдегі ішкі мәселелердің ашық талқыға түсуін бақылап отырудан ұтары мол болары сөзсіз. Себебі

  • әлемтор кез-келген ақпаратқа оңай қол жеткізуге (мәселен, мұнай компаниялары)
  • қаржы институттарындағы ішкі жағдайды тікелей тұтунышылардың өз аузынан (кемшілігі, артықшылығы) естіп-білуге
  • арандатушылық сипаттағы ақпаратты қоғамның санасына тықпалауға (бірнеше диаспора тұратын елде іріткі тудырудың таптырмас құралы)
  • егер интернетті шектесе, адам құқы аяққа тапталды деп байбалам салуға
  • жаңамедия арқылы қалаған адамына бұрақалық пікір тудырып, қысым көрсетуге т.с.с. болады.

Бұл мәселеге қатысты Жанарбектің пікірі мынадай:

Ал батыс әлемі демократия атын жамылып ҚЗ дегі медиаға ықпалдау. Оларғада блог арқылы жол бермеу керек. Керісінше, олардан бұрын, сендер КЗ блог әлеміне көп қазақ жастарды әкелу керек.

Соңында, блогтан қаша алмаймыз. Сондықтан пайдасыз жақтарын көзге ала отырып өзімізге пайдалы болғызу жақтарын ойлау керек.

Жөн сөз. Жаңамедияны қазақ тілінде дамыту арқылы біз

  • әлемторда қазақ тілінде дерекқордың молаюына
  • жастардың қазақ тілінде өз білімдерін көтеруіне
  • қоғамдағы мәселелерді жасырмай, ашық талқылап шешуге
  • электроны үкімет жобасының қазақ халқы үшін тиімді қызмет етуіне
  • азаматтық қоғамның белсенділігін арттыруға

септесеміз. Бақытнұрдың:

“Жаңа медиа берген еркіндік салдарынан қоғамда ұлтараздық, дінараздық мәселелер туады деп ойламайсыңдар ма?” деген сұраққа
“Әр адам әртүрлі жазады, ал оны әрбір адам әрқилы қабылдайды”.

деуінде де шындық бар. Енді қазақ үнінің жарқын да, ашық шығуына ешкім кедергі бола алмайды.

mediamektep.blogspot.com


Батыс әлемінің қазақ даласында жүргізіп отырған саясатынан үріккеннен жағдай өзгермес. Қазақ қоғамы жаңамедияны өз қажеттілігіне қарай бейімдеп жұмыс істете білгені жөн. Қазіргі қазақ блогосферасындағы дәстүр мен ұлттық құндылықтарды дәріптейтін мазмұндағы блогтардың көбеюі – қазақ жастары арасында ұлттық негізді іздеу, ғаламдасу дәуірінде өздеріне лайықты орындарын табуға ұмтылу тенденциясы байқалады. Бір кездері тосындау көрінген техникалық сала да қазақ блогшыларының есебінен қазақшаланып келеді. Қазақ жастарының осы таза ниеті батыстық пәлсәпамен былғанбаса, жаңамедиядан ұтарымыз мол болары сөзсіз.

Өз өзімді “Адамзат қашан да жаңа нәрсені аса сақтықпен қабылдаған. Сондықтан көкеймде күдікті ойлардың тууы заңды”, – деп өз-өзімді жұбатамын. Асылында, “Қазақ блогосфеарасы қазақ еліне пайда келтіруі үшін не тындырдым?” деген сұраққа жауап іздегенім жөн болар.

2 пікір »

  • Дулат says:

    Қазір бүкіл әлемде ақпарат соғысының жүріп жатқаны белгілі. Біз батыстың, Ресейдің ақпарат соғысына төтеп беруіміз шарт. Бұған тек журналистердің шамасы жетпей жатқаны белгілі. Және оны еститін құлақ аз. Сол себепті қазақ жастарының техниканы, ақпараттық технологияны барынша жетік меңгергені жөн. Алла разы болсын.

  • Askhat says:

    Өшіп бара жатқан жазбаға пікір қалдырғаныңызға рахмет, Дулат!

Leave a comment!

Add your comment below, or trackback from your own site. You can also subscribe to these comments via RSS.

Be nice. Keep it clean. Stay on topic. No spam.

You can use these tags:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

This is a Gravatar-enabled weblog. To get your own globally-recognized-avatar, please register at Gravatar.