Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Интернет

Қара дорбаның таңдауы!

Авторы on Tuesday, 12 February 2008
Интернет
18 пікір

Сабырлылық танытып, соңына дейін нәтижені күткендеріңе рахмет! Мына қара дорба, ұзақ уақыт ойланды. Пікірлерің бірінен бірі өтеді. Қайсысын таңдарын білмей біраз әуреге түсті. Сонымен қысқаша алфавиттің реті бойынша келіп түскен пікірлерді қорытындыласақ мынау шығады.

  1. Арсенал:

    Қазақ блогосферасын дамыту үшін қазақ тілді интернет пайдаланушылар мен блогты не үшін бастаймын емес, менің блогым әлі неге жоқ?-

    деп өз-өзінен сұрау керек, әртүрлі байқаулар мен жиналыстар, тренингтер өткізу қажеттігін айтты. Оның сөздері Американың президенті болған Кеннедидің: “Отаным маған не берді деп емес, мен Отаныма не бердім деп сұра” деген сөздерін есіңе түсіргендіктен “Қара дорба” оған Кеннеди идея деп ат қойды. Жарайсың, Арсенал!

  2. Бақытнұр:

    Әрбір блогшы өзіне 10 адам таңдап алып блог жүргізуді үйретсін, яғни қолынан 10 шәкірт блогшы шығарсын.

    (Блогшы болмаса да блог жайлы маглұмат алсын, ішінен бірнешеуі блогшы болады) Сосын жаңа блогшы да соны жасасын… – деп пікір айтты. Өте жақсы, әрі жүзеге асыруға болатын идея болғандықтан Прогрессивті идея деп ат қойды. Енді прогрессия бойынша дамитын болғандықтан ғой. Сөз жоқ, тамаша, Бақытнұр!

  3. Bota:

    menin ainaladagy dostarim blogtyn ne ekenin bilmeidi jane kizikpaidi :( (

    Содан ол Болашағы алда идея атанды. Бәрі де алда, Бота! Прогрессивті идеяны басшылыққа алсаң жақсы болады. Сенің қолыңнан он блогшыны өсіріп шығару келеді деп сенеміз!

  4. Жанарбек:

    “Kazakh ultyng ereksheligin daripteitin blog platformasyn jasau kerek.

    Sondai platformany erteng bir programmisti jasagan kezde. Sizder yagni journalisti kauymy sol platformany da kerektene jurip birgip jumystasak onda Kazakh tilindegi blog damymaganda kaida barady.Student men okushylar arasynda blog jazu seminarlaryn jane saiystaryn uiymdastyru kerek”, – деді. Бірақ “Жанарбек сумка үшін емес, әрі қарай дамыту үшін пікір жазған соң оған үлкен алғысымызды айтқанымыз жөн. Реалистік идея деген атқа лайық пікір Қара дорбаға ұнады. Әрі Жанарбектің платформаны тікелей қазақ тіліне аударуға мұрындық болып жүргенін білеміз. Жанарбек, көпке үлгі боларлық блогшы! Біз Сізді үлгі тұтамыз, Жанарбек! Ақбантикке сәлем ;)

  5. Нұрғиса:

    “БЛОГТЫК САНА” маселесине ден кою керектигин катерден шыгармау керек.

    Одан сон, казахтилди блогшылардын озара хат алмасу торабы бар да, казах блогосферасынан кулагдар болып улгермеген баска “лагерь” бар. “Спаммерлик приемди” басшылыкка ала отырып, компьютербасты интернет-аудиторияны кулактандыру, ол аркылы оларда кызыгушылыкты ояту да бул орайдагы утымды жол болуы мумкин болар ма еди…” – деп пікір қалдырып, саған арнап өлең шығарды. Спам идея спаммерлік тәсілден шықты. Нұреке, қалыс қалмй, пікіріңізбен бөліскеніңізге рахмет! Қара дорбаға өлеңіңіз ұнап, оның сай-сүйегін сықырлатқанымен (оқып беріп едім, көзінің жасын сығып алды. Мені де түсінетін адам бар екен-ау деп бір күрсініп алды мына жерде)

  6. Техносиндром:

    “Блог жургизуди мектеп, колледж жане ЖОО-да ресми емес турде окытса, 2 сагат мысалы”

    деп жөн сөз айтқандықтан пікірін Сауат ашар идея деп бағаланды. Техносиндромның “Сайт жасауға арналған” кітап жазып қойғанын бірі білсе, бірі білмес. Бәлкім, сол кітаптарыңыздың да пайдасы көп болып қалар. Ереке, қаламыңызға Аллаһ қуат берсін. Дәлірек айтқанда саусақтарыңызға!

  7. Томирис:

    “Бойдақ блоггер қыз жігіттер үйленіп жаңа блог жазсын, тойын, бал айын, сосын балалары жайында жазсын…

    Ғашықтар блогын бастаса әрі блоггер үйленіп жатса, сөзсіз қазақ бойдақтардың блогтарын көбейтері анық”. Бір оқпен екі қоянды атқан бірден бір идея. Тек қана қазақ блогшыларын ғана емес, қазақтың санын да көбейтуді ойластырыпты. Томирис Той идеяң, мықты екен! Бірте бірте блог той жасайтын да күнге жететін шығармыз :)

  8. Эльвира: “

    MEGALINE HIT’ti kobirek nasihattau! :) )) kazaktar osinday ingali baylaniska iye bolsa, blog ta, jeke sayttar da, forumdar da, tb’lar da bari damiydi”

    . Эльвира ханымның Мегалайн идеясының жаны бар. Рахмет, Эльвира!

Сонымен идеялардың ішінен қара дорба өзіне лайықтыны таңдады. Өзінің жеңіл қалжыңымен, әрі бір мәселеге екінші бір мәселені байланыстыра білгені еріксіз езу жиғызған “Той идея” Қара дорбаға көбірек ұнады. Онымен келіспеске амалымыз қалмады. Қара дорба Томириске бұйырылды. Бірақ қалған қатысушыларға да Ригадан арнайы сюрприздеріміз бар. Бірақ ол жөнінде сәл кейінірек. Томирис, дорбаң құтты болсын!

18 пікір »

Leave a comment!

Add your comment below, or trackback from your own site. You can also subscribe to these comments via RSS.

Be nice. Keep it clean. Stay on topic. No spam.

You can use these tags:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

This is a Gravatar-enabled weblog. To get your own globally-recognized-avatar, please register at Gravatar.