Стамбұл әуежайында wordpress ашылмайды
Стамбұл әуежайында ұшағымды күтіп отырмын. Уақыт тезірек өту үшін интернетке қосылып поштамды тексеріп, сайттарды, блогтарды қарап отырмын.
blogspot-тағы барлық қазақша блогтар еш қиындықсыз ашылып, қуанып едім. Ал wordpress-тегі блогтарды ашқым келгенде, жоғарыда көріп отырған суреттегі жазу шыға берді
Басқаларына қосылуда (.kz, .com, .org, .ru, .md, .net т.б. ) еш қиындық туған жоқ.



Шынымен де таңданарлық жағдай екен. Бірақ қателеспесем, Уордпресте түрік тілінде блогтар бар. Бәлкім тек әуежайда ғана ашылмайтын болар.
Sot sheshimi boiynsha saitka kiruge bolmaidy depti goi.. Turkiyanyn kei jerinde wordpress-ti jauip salgan degen..
Birak bar jerinde emes!
Keshe Stambulda turatin dossymen soilestim. Ol wordress turali aitty Turkia yikmeti wordpressti jaupty kurd maselesimen.
Сонымен блогтың ұлтараздық мәселені тудыруға себепші бола алатыны рас болғаны ғой. Өкінішті-ақ…
Бұл жерде мәселенің екі жағы бар деп ойлаймын. Бірінші, блогқа баға беруші кім және қандай критерийлер бойынша бағалайды (оны жабу үшін). Екінші жағы, блогшының жауапкершілігі. Блог арқылы (басқа құралдар арқылы да) араздыққа шақыру, біреудің ар-намысына тию т.б. сияқты нәрселерді жазуға тиым салынады. Қай елде болса да бұл заңға қарсы әрекеттер. Бірақ бір-екі осындай блогтар үшін, бүкіл уордпрестегі блогтарды көруге тиым салу … “қатал” шешім екен