Үнхабар: Посткеңестік елдегі тұңғыш ислам банкі
Авторы Askhat Yerkimbay on Thursday, 10 September 2009
Интернет, үнхабарлар8 пікір
Интернет, үнхабарлар8 пікір
Өткен аптада шығуы тиіс үнхабарды бұл жолы сәл кешіктіріп жариялап отырмын. Негізі Конституция күні мен Білім күніне орайластырғым келген еді. Алайда, белгілі бір себептерге байланысты дер кезінде шығара алмай, алдарыңызда ұятты болып отырмын. Десе де үнхабарды тыңдап, пікір қалдырып жатсаңдар, қуанышты боламын.
Бұл жолғы үнхабарда төмендегідей тақырыптар қамтылады.
- Посткеңестік елдегі алғашқы ислам банкі Қазақстанда ашылмақ
- Констиутция күні қалай тойлануы керек? (шетелдегі қазақ студенттерінің пікір)
- Қонақ бала: Студенттік күннен қалған ең қызық күн. (блогшы Қуаныш Мағзуовтың оқиғасы)
- Түнгі Мелака базарының у-шуы мен Қытай әуендері
Құлақтандыру! Келесі жолғы үнхабарды Бішкекте өткен Баркэмпке арнағалы отырмын.
Podcast: Play in new window | Download (9.5MB)



[...] сөйлеу тәрізді дағдыларды дамытуға болатын тәрізді. Үнхабарды тыңдауда, оған пікір қалдыруда еш кедергі бола қоймас деген [...]
1) Қуаныштың дауысын естідім. Ол айтқан лозунгты мен де естіп едім
;
2) Малайлықтардың түңгі базарының керемет әуендері;
3) Бұл жолғы үнхабар өткендегісінен де жақсырақ;
4) Бас жағындағы (Исламбанкинг жайлыайтылған жерде) әуеннің даусы жоғары екен.
4) Фонды айтамысың? Иә, қатты шығып кеткен болар. Әлі де үйрену үстіндеміз
Құнды пікіріңе рахмет. Сенің кез келген пікірің мен үшін маңызды, Ансар!
Әлі де болса жақсы, сапалы үнхабарларды бірігіп жасармыз, Құдай қаласа.
Қуаныш ағаның суретін көргенде дауысы өте жуан зор шығар деп
(нәзік екен)
ойлап едім мүлде қателесіппінғой
10 мин тез-ақ өте шықты…
Несімен ұнады:
1) фондағы музыка(ұмытып тұрмын, бірдеңе деген аты да бар еді ғой), бірер жерінде қатты қатты шыққанымен, маған жалпы картина ұнады.
2) шынайылық. Студенттер жаттаңқы сөздерсіз, такие какие они есть… ну и Қуаныштың қобалжығаны даж сезіліп тұрды
Ұнамады:
1) базардың ырду-дырдуы, ия білемін ұнхабар авторы ескерткен еді, десе де жағымсыз…
2) өте көп тақырып қамтылған… конституция, студенттік жылдар, Малайзия, студенттер… Өзімнің жеке көзқарасым деп нұқып қояйын.
Бал(д)ырған, рахмет! Бұл жолғы үнхабарға Қуаныштың даусы ерекше өң берген екен
Асхат, әлгі Данамен болған сұхбатыңды тыңдаған едім ғой. Мында мүлдем басқа Асхат секілді
Сөйлеу мәнері емес, дауыс ырғағы секілді, мүмкін, шет жердегі тілдік ассимиляция болар.
Сәттілік тілеймін!
Ал үнхабар маған ұнады.
Әртүрлі тақырыпты қамтыған екен.
Музыкасы әдемі, бірақ, меніңше, Ислам банкі туралы ақпаратқа сай келіңкіремейді. Өйткені, ол жерге маңызды ақпараттық мәндегі (информационного характера) музыка дұрысырақ секілді. Ал мәтінді оқу мәнері жағынан жаңалықтарға келеді темпің (шапшаң оқисың).
Үнхабар деген жақсы дүние екен ғой