Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Интернет, үнхабарлар

Үнхабар: қазақ және орыстілді блогшылардың ұқсастығы қайсы?

Авторы on Tuesday, 29 September 2009
Интернет, үнхабарлар
17 пікір
Кезекті үнхабар Қарағанды қаласында әзірленді. Әлия Сембаймен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамын. Әлиямен Қарағандыдағы қазақтар туралы сөйлесеміз деп едік. Бірақ тақырыптар төмендегідей болып кетті.

  1. Қарағандыда не себепті қазақтілді блогшылар аз?
  2. Интернетте «өз-өзіне қол жұмсау» тақырыбына қызығушылар көп.
  3.  Қазақтілді блогшы мен орыстілді блогшының айырмасы мен ұқсастығы (Ақзере, Айко, Салтанат, Айконаға үлкен сәлем!)
  4.  Қазақ тіліндегі әдепсіз блогтар туралы
  5.  Қарағандыға қыдырып бара қалсаңыз…
Play

17 пікір »

  • Зәуре says:

    Ұсыныс. Қозғалған төрт тақырыптың әрқайсысы жеке талдауды қажет ететін тақырыптар. Бірақ, әсіресе, қазақша айтқанда іштей налып, ішқұсалыққа беріліп, өзіне қол салу туралы ойға жол беріп алған адамдарға ақыл кеңес беретін мақалалар, сайттар керек деген пікір маған орынды көрінді. Әрине, бізде жалпы практикалық психология қажетті дәрежеде қалыптаспағандықтан, адамның мінез құлқы туралы кәсіби мақалалар табу қиын болар. Жеке басым New Yokr Times газетіндегі “денсаулық” бөлімінің “зерттеу” айдарынан көп пайдалы мақалалар көремін. Мысалы, ағылшын тілін жетік білетін блокшылар сондай мақалаларды аударып блоктарына қоюға болады. Америкада оқыған студенттер сөзімді құптайтын шығарсыздар, онда университеттердің барлығында студенттерге сондай қызмет тегін көрсетіледі және пайдасы зор

  • Асқар says:

    Карагандыга баргым келип кетти. Бирак ол ушин алдымен блоггер болып алуым керек….

  • Асқар says:

    Сухбат карапайым, тартымды шыккан. Жасыратыны жок, мен де бир кезде кызыгушылыкпен бастап, кейин бираз уакытка дейин блогыма бет бурмай калдым. Уакытым аз деп те акталмаймын. Бирак неге екенин билмедим, айтеур бир кызыксам бирнеше кун катарынан кирип, сосын арага айлар салып барып, кайта есиме тусиремин…

  • Askhat says:

    Зәуре: пікірің орынды. Нью Йорк таймсты қарап көретін екен. Өткенде ауылға барып едім, өз өзіне қол жұмсаушылар саны толастар емес.
    Асқар: Журналистер блогты өздерінің кәсібилігін арттыру тұрғысынан бастаса, блог оларға көп көмек бола алады д.о. Әдетте блогқа бұрын шыққан мақаланы қайта жариялау арқылы блог жүргізіп жүрмін дей айту кішкене дұрыс емес сияқты. Блогта біз сол мақаланың қалай жазылғанын, газетке не шығып, не шықпай қалғанын, неге шықпай қалғанын т.с.с өзге жерде шықпайтын, өзің жариялай алмайтын жазбаларыңды оқығымыз келеді :)
    Әлия шынымен де сұхбат беруді меңгеріп алған ;)

  • Ansar says:

    Керемет шығыпты! Рахмет екеуіңізге де!

    Бұрындары бір қыз блогшы бар еді ғой Қарағандыдан, Әлия ханымның құрбысы.

  • Ansar says:

    Қарағандыға жол түссе уайым жоқ енді :)

  • Arsik says:

    менің құрбым қазір Астанада) әзірге блог жүргізуге қолы тимейді

  • Askhat says:

    Тыңдап шыққаныңа қуаныштымын. Жүйкеңе кері әсер етпеді деген ойдамын :)

  • Arsik says:

    ой, Асхат аға, тыңдамай да, қалай жазылғанын білемін ;) )

  • Ansar says:

    Arsik, Әлия ханымның үнхабарының жақсы шыққандығына күмәніңыз бар ма? :)

  • Aizhan says:

    Keremet dialog bolgan eken! ote unady… ote aukymdy takyryptar kozgalgany ras, alaia ari karai damytu kerek sekildi… :)
    Maselen, suicid ote ote kurdeli takyryp… Zauremen kelisemin, kazakh tiline audarma jasap saluga bolady arine, birak bul kanwalykty zandy bolady eken?

  • Arsik says:

    үнхабар Асхат ағанікі болғасын, сәтті шықты деп ойлаймын, бірақ Әлия ханымыңыз үшін күмәнім бар)))

  • Қосақ says:

    Сұхбат жақсы жүргізіліпті, ойлары шынайы. Осындай сұхбаттар бола берсін.

  • Zabira says:

    Асхат жақсы жүргізе алады екенсіз.

  • Askhat says:

    Қосақ, көп рахмет!
    Забира, Сізге де! :)

  • Askhat says:

    Айжан, блогыңызға қарап, бір күні Сізбен де сұхбат жасайтын күн туады деген ойдамын :)

  • Айжан says:

    жақсы сұхбат болып шыққан)) әсіресе, әуені көңілді екен) бейәдеби блогтар демекші, бірде сондайдың біреуіне кіріп қалып, қазақша соншалықты әдепсіз сөйлеуге болтынына қатты таңырқадым. Ол қазақ блогосферасының дамуы ма құлдырауы ма әлі мен үшін екіұшты сұрақ

Leave a comment!

Add your comment below, or trackback from your own site. You can also subscribe to these comments via RSS.

Be nice. Keep it clean. Stay on topic. No spam.

You can use these tags:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

This is a Gravatar-enabled weblog. To get your own globally-recognized-avatar, please register at Gravatar.