Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Интернет, үнхабарлар

Үнхабар: Қазақстанға барғым келеді

Алғашқы подкастингті сынап көріп жатырмын. Егер бәрі ойдағыдай болса, Германияда туып өскен қазақ қызымен болған сұхбатты тыңдай аласыздар. Алғашқы поткаст болғандықтан әлсіздеу шыққанын мойындаймын. Подкастингті жақсы меңгерген соң, сапалы радиохабарлар ұсынармын деген үміттемін.

Өзгежанмен Прагадағы Блогшыларға арналған семинарда кездестік. Ол “Жаңаеуразия” блогына ағылшын тілінде хабарлар жазып тұрады екен. Қазақ тілінде де блог ашылғанын естіп қатты қуанды. Еуропада тұрып жатқан қазақ жастары ана тілін ұмытып, еуропа мәдениетінің ықпалында кетіп бара жатыр дегенді көп еститінмін. Өзгежанды бұл жастардың санатына қосуға болмайды және ол секілді ұлтжанды жастар Еуропада көп пе деп қалдым. Еуропадағы білімді жастар секілді Өзгежан да ана тілімен қатар неміс, ағылшын, түрік, француз тілдерін еркін меңгерген. Өзінің ғылыми жұмысына Орта Азиядағы саяси өзгерістерді тақырып етіп таңдап алуды ойластырып жүр. Өзгежанның алар асуы алда деп білемін!
Сұхбаттың аудионұсқасын тыңдау үшін мәтіндегі қызылмен боялған “алғашқы подкастингті” деген сөз тіркесін шертіңіз.

Play

19 пікір »

  • Bakytgul says:

    “Алғашқы подкастингті” деген сөз тіркесін шертсем, келесі сөйлем шығады:

    The shared file is not currently available.
    The computer which holds the shared file is not currently connected to our service. You may want to contact the person who sent you this link and ask them to turn on their computer.

  • Еlkor says:

    Ал, мен мынадай мәтінге тап болдым:

    Добро пожаловать в среду совместного использования файлов
    “Совместный доступ к файлам” – это удобный инструмент, входящий в состав службы удаленного доступа LogMeIn, который позволяет получать совместный одноранговый доступ к файлам. Чтобы приступить к безопасной загрузке указанного файла непосредственно с компьютера отправителя, просто щелкните команду Загрузить файл. Это легко и безопасно.

    Совместно используемый файл сейчас не доступен.
    Компьютер, на котором находился совместно используемый файл, сейчас недоступен для наших служб. Можно обратиться к тому, кто прислал эту ссылку, и попросить включить компьютер.

    Бірак Асекені мына хабары куанышка толы екен! Озгежан озге емес, казактын ози гой!
    Ебропалык казак жастарын брктрген бр клуб бар ма екен? Болмаса куру керек кой.

    Озгежан Казакстанга келсе карсы аламын. Астананы аралатамын, хабарлассын. Асеке, жеткз карындаска, сосын казакстандык жаксы кыз-жгттермен таныстыруга тырысамын.

  • Askhat says:

    Достар! Мындай техникалық кедергі болады деп ойламап едім. Кешірім өтінемін. Шамасы URLді өзгертуім керек болғаны ғой… Таяу арада жөндеуге тырысамын. Тағы да кешірім өтінемін.

  • Arshat says:

    Асеке, аудиофайлыңды басқа жерге жүктеп көрші немесе маған жібер. мен жүктеп берейін. depositfiles.ru sendspace.com осы сайттарға жүктеуіңе болады. Өзгежанның толық аты жөнін жаза аласың ба? интернеттен түрікше Özge Can деп жазып іздеп таба алмадым.

  • Askhat says:

    Аршат, көмегіңізге көп рахмет.
    Білмеген жолдың ой қыртысы көп дегендей, подкасты орнату жолында көп нәрсеге көзім ашылып жатқандай.
    Өзгежанның жеке поштасын таяу арада Сізге жолдаймын.
    Сіздерге қиындық тудырғаным үшін тағы да кешірім сұраймын.

  • Bakha says:

    Estidim!

    Ozgejan baska jerde jurip, kazaksha bilemin dep uirenip, talpynyp jurgenin kuantady!

    Kazaksha soilemeitin jerde, mektep jok jerde, akparat kurali jok jerde kazak tili kandai bolatynyn jaksy bilemin!

    Kazakstanga kelsen jaksy!

  • Askhat says:

    Көпшілікті алдағандай болып, ыңғайсызданып жүр едім. Тыңдай алсаңыздар жақсы болған екен. Аршатқа тағы да алғысымды білдіремін.

  • Arshat says:

    мен де жаңа тыңдап шықтым. Асхат, фон қылып музыка қоспағаның дұрыс болатын сияқты. қиын естіледі сөздер. Өзгежанға жақсы оқулық немесе мұғалім керек екені көрініп тұр. Түрікше ойлап, түрікшеден бірден аударып сөйлеп тұрғаны көрініп тұр. Скайп арқылы да болса қазақша сөйлетіп практика істетсе үйреніп кетеді.

  • Askhat says:

    Рахмет, Аршат! Келесі жолғысында ескертпелеріңді ескеремін.

  • Arshat says:

    Сендспейс тек қысқа мерзімді файл бөлісу қызметі. біраз уақыттан кейін жүктеген файлыңды өшіріп тастайды. ал негізі интернетте көп қой ондай қызметтер, бірақ көбісі ақылы. ең дұрысы өзің бір хостинг сатып алып, өз сайтыңды сол жерге қойып, файлдарыңды да сонда жүктеу.

  • Askhat says:

    Аршат, көп рахмет. Бұл жағын білмеген едім. Үнхабардың жыры көп екен. Бірақ осы арқылы көп жайтқа көзім ашылып жатыр. Көмегіңе көп-көп рахмет.

  • huanysh says:

    Ozge elde tuiligan, ozge elde osip omir surip jatkan Kazakh kizining kazahkcha soileuine katti kuanishti boladi ekensin!
    Ashat aga sizge kop rahmet!

  • Азаматсын, Асхат! Прагада журуп, Озгежандан интервью алып жибергенге жетишкен жакшы баласын го, ыя? :) )). А биз ал жерде, ойноп, мындай озубуздун блогубуз учун бир нерсе кылууну ойлобой эле жургонбуз, тилекке каршы.

    Баракелде. Бир гана, алгачкы подкачтында интершум абдан эле кучтуу болуп калган экен. Ийгилик!

  • Askhat says:

    Рахмет, Мирсулжан!
    Сапалы микрофон мен тәжірибе жетіспей тұрғаны анық байқалады. Дұрыс айтасың.
    Камышска көшесінің бойында кетіп бара жатып әңгімелескен едік. Көшенің шумы мен тоғайдағы торғайлардың әні ғой ар жақта естіліп тұрған.

  • [...] 26, 2007 by baqytgul Қазақ тілінде бірінші үнхабарды Асхат Жаңаеуразия блогында [...]

  • Symbat says:

    Minau Ozgecan Kesici goy :)

Leave a comment!

Add your comment below, or trackback from your own site. You can also subscribe to these comments via RSS.

Be nice. Keep it clean. Stay on topic. No spam.

You can use these tags:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

This is a Gravatar-enabled weblog. To get your own globally-recognized-avatar, please register at Gravatar.