Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Интернет

WordPress блогтары кей уақытта ашылмайды…

Авторы on Tuesday, 27 October 2009
Интернет
5 пікір

Қазақ тіліндегі блогшылардың дені шоғырланған wordpress блогтары Алматы қаласындағы кейбір мекемелерде ашылмайды. Бұл жайтқа назар аударған бірді-екілі блогшы өзге доменге көшіп те үлгерді. Алғашқыда бұл мәселе санаулы блогшылардың кеңселеріндегі ішкі ережелерге сай орын алған жағдай болар деп топшылағанмын. Бақсам, блогтарымыздың ашылмау себебі провайдерлерде емес екен.

Осыдан бір апта бұрын “Medianet” Халықаралық Журналистика Орталығында “Жаңа медия” бойынша кезекті тренингтерімді өткізу керек болдым. Тренингтің бір мақсаты қатысушыларға қазақ тілінде блог ашудың қыр-сырын көрсету болатын. Қас қылғанда сол жердегі балық ноутбуктен wordpress блогтары ашылмады.

Бір қызығы wordpress-тің негізгі беті ашылып, кейін екінші доменде орналасқан мәліметтердің орнына аппақ бет шығады. Аталған мекеменің қызметкеріне арнайы мамандарды шақыртып, себебін білуін өтіндім. Орталықтың қызметкері үш күн бойы интернет қызметін ұсынған компания өкілдерін шақырып, олардан себебін сұрап еді. Провайдерлер: “Иә, бір жерде қате бар. Бірақ бұл бізден емес” деген жауап айтқан.


Дәл қазіргі уақытта wordpress блогтары ашылмағандықтан белгілі блогшы Ақзере өз блогының мекенін dosym.kz тұғырына ауыстырды. Блогының мекенін ауыстыруды Ақзере былай түсіндіреді:

Блогтың жұмыста ашылмау салдарынан туындаған проблемама байланысты Аршат маған жаңа блог жасап берді. :)

Сондай ақ аталған жайтқа “Азаттық” радиосының тілшісі Мақпал Мұқанқызы да өз блогында жазба арнаған. 

БЛОГЫМ БІР ЖЕРДЕ АШЫЛАДЫ, БІР ЖЕРДЕ АШЫЛМАЙДЫ, СЕБЕБІН БІЛМЕДІМ. МӘСЕЛЕН, РАДИОДАН АШЫЛАДЫ, АЛ КЕЙБІР ОФИСТЕН АШЫЛМАЙДЫ :(

Аталған жазбаға пікір қалдырған Қуаныш

Соңғы кезі wordpress.com(және .org’қа) шектеу жиеленіп кетті

дейді.

Дәл қазіргі уақытта wordpress блогтарының не себепті кейбір уақытта ашылмай қалытыны түсініксіз болып тұр. Интернетте қазақ тілінде пікір алуандығының орнауына үлестерін қосып жүрген блогшылардың барлығын .kz домендеріне күшпен ауыстыру саясаты жатыр ма екен?

Суреттер СС рұқсаты негізінде mathias_poujol_rost, iamperegrino есімді Flickr қолданушыларының мұрағатынан алынды

5 пікір »

Leave a comment!

Add your comment below, or trackback from your own site. You can also subscribe to these comments via RSS.

Be nice. Keep it clean. Stay on topic. No spam.

You can use these tags:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

This is a Gravatar-enabled weblog. To get your own globally-recognized-avatar, please register at Gravatar.