Ақ үй сыртқы саясатын түзуде жаңа медиаға күш салмақ
Интернет, Саясат, Қоғам1 пікір
Жаңа медиа технологиялар саясаттың бір құралына айналмақ. АҚШ үкіметі енді блогтар мен әлеуметтік желілерді сыртқы саясаты үшін де пайдаланады. Сайлау алды кампания тұсында WEB 2.0 ішкі саясатты реттеуде жақсы құрал екені, енді оны сыртқы саясат үшін де пайдалануға болатыны анықталды.
Алек Рос – Ақ үйге келген жас демократтардың бірі. Барак Обаманың сайлау кампаниясында жаңа медиа құралдардың стратегиясын әзірлеген жан. Қазіргі таңда технологиялық өзгерісті күллі мемлекет үшін тиімді пайдалану үшін еңбек етуде. Ресми лауазымы – Мемлекеттік Хатшының Инновация бөлімінің жетекші маманы.
Әлеуметтік желіні қолдану тәжірибесімен бөлісу үшін шақырылған әлемнің 33 елінен келген журналистер алдында Алек Росс технология көмегімен Гаити тұрғындарына америкалықтар ақша жинап бергенін, Мексикадағы қылмыстың алдын алу үшін пайдаланып жатқанын мысалға келтірді.
“Қарапайым америкалықтар арасында смартфон қолданушылар саны өскен сайын, кешкі жаңалықтардан гөрі қалтафон видеосы ел ішінде танымал. Сондықтан да біз Оңтүстік Коралина электоратымен қалтафон арқылы байланыс орнаттық” дейді Барак Обаманың сайлау алды кампаниясында жаңа медия үшін жауапты болған Джереми Бэрд.
2007 жылғы өткен Президент сайлауы күллі әлемге технология әлеуетінің артқанын танытты. Әрі Барак Обама АҚШ-тағы ең жас, әрі техниканың құлағында ойнайтын тұңғыш президент атанды. “Ендігі кезекте келесі сайауда оппозиция өкілдері осы құралды дұрыс пайдалану үшін қазірден қамданып жатқаны аян” дейді Джереми.
Ақ Үйге келген демократтар арасында әлемдегі ең танымал микроблог – twitter-ді қолданатындар саны көп. 2009 жылдың 30 қыркүйегіндегі мәліметтер бойынша Конгрестің 205 өкілі Twitter-ге тіркелген. Оның 39-ы сенаторлар. 166 конгрес өкілдері. 60 пайызы республикашылдар болса, 40 пайызы демократтар.
Мемлекеттік Хатшы Хиллари Клинтонның өзі 12-15 жастағы жасөспірімдерден жасақталған Жаңа медия технологияны сынап көру бөлімінің қызметкерлерімен кездесіп тұрады.
Бұл жайттың барлығы алдағы уақытта АҚШ үкіметі жаңа медианы өзінің саясатын жүргізу үшін де пайдаланатынын танытады. Өз кезегінде сыртқы елдің “демократиясынан” қорғану үшін дамушы елдердің билігі қорғанысқа көшеді деуге негіз бар. Қазірдің өзінде Қазақстанда Интернет кеңістікті реттеуге бағытталған арнайы заң қабылданған. Батыс әлемі жаңа медианың белсенді қолданған сайын, өзге елдерде интернеттегі бостандық үшін күресуші қайраткерлердің жапа шегуі ұлғая түседі деп болжам жасауға болады.



[...] жалғасы 43.255058 76.912628 [...]