Балқаш көлінен бір айда 350 USD пайда тауып жүр
Авторы Askhat Yerkimbay on Saturday, 21 March 2009
видеоблог, Саясат1 пікір
видеоблог, Саясат1 пікір
Өткен айларда немере інім Балқаштағы нағашыларына барып қайтқан. Көлдің жағасындағы бір ауылда тұрады екен. Тұрғындардың бәрі дерлік балық шаруашылығымен айналысады.
Жазға қарағанда қыста балық аулаған оңай екен. Себебі ауды мұздың астына құрады да, теріп алады. Балықтың бір келісін 250 теңгеден сатады. Күніне кем дегенде он келі балық түседі. Бір айда орта есеппен, шамамен $ 350 табыс көреді екен.
Мәліметпен Қалтафонмен түсірген видеосымен бөліскен Медет бауырыма алғысымды білдіремін.



[...] тауып жүріпті. Бұнысын тіпті қалтафонға түсіріпті. Видеосы мына жерде. Үш күндік демалыс қарсаңында көптеген әріптестерім [...]