Букит-Бинтаң келбеті
видеоблог, Саясат12 пікір
Бес минут уақытыңды бөліп, менімен бірге Букит Бинтаң көшесін аралап қайтуға шақырамын.
Ескерту: Букит Бинтаң – туристік орталық. Бұған қарап, күллі Малайзия осындай екен деген ой тумағаны жөн.
Бұл видеоны жариялауымның тағы бір себебі бар. Бүгін кешкі 20.30-21.30 аралығында осы көше әлемнің басқа да қалалары тәрізді қараңғылық құшағына енбек. Дүние жүзінің көптеген қалалары “Жер сағаты” акциясы аясында бір сағатқа жарықты өшірмек. Бұған қатысты қазақ блогшыларының да айтар өз ойлары бар. Мәселен, Нұрғиса осы тақырыпқа қатысты өзінің жазбасында:
Астанамыздан соң іле-шала бұл бастаманы басқа кенттер де іліп әкететін ұқсайды. Майшам жағып отырып бір мезгіл экожүйенің біртұтастығы хақында толғанып көру, әлбетте, игі іс. Басқасын былай қойғанда, мұнай өндірісінің өзіндегі атмосфералық ауаны ластағыш заттектердің шығарындысы мен төгіндісі айтыла-айтыла жауыр боп, бірталай «Жамал апайды қартайтып» жіберген де шығар.
десе, бұған пікір қалдырған Аршат:
өз басым мұндай флешмобтарға қатысқым келмейді. себеп: Қазақстанда өмір сүріп жатуым. бізден бәрібір эффект болмайды. өйткені бұқараны ақпараттандыратын құралдарымыз тупой және интернетке қолжетімдік өте аз. бұл хабарды блоггерлерден басқа ешкім естімейді де. сонда мен ақымақ болып үйде сібетсіз отыруым керек пе ойбай әлемді құтақарамын деп.
дейді. Осындай пікірге Айко да қосылады:
кетщварь, бүйткен флеші құрсын, итак қаланың қақ ортасында тұрып атқан жұрттар жарыққа жете алмай атр(алматта), мүмкін дамыған елдерде романтика шығар
ал бізге не до романтика, шаңыраққа ағайындарыма бара қалсаң свет жоқ, осылай экономит етед деп отырад
, әлгі шет ел белгілеген дата, біздің жақта күніге бов тұрад
)).
дейді. Арсенал өз кезегінде:
Жер сағатын парафин шамының 1 сағатына айырбастамаймын.
депті. Менің ойымша, бұл жерде мәселе жарықты бір сағатқа Аллаһ ризалығы үшін сөндіруде емес, адамдардың қоршаған ортаға, әлемдік жағдайға қатысты ниетін түзетуге тырысу жатыр. Бұл акцияны “Ысырапшылдықты доғарайық!” деп атаса да болатын сияқты. Техносиндромның да осыған орай
Біздің науқаншылардан қорқып отырмын мен…
Ертеңіне “Хабардан”, әлдебір аурухананың жан сақтау бөлімінің меңгерушісі: “осы акцияны қолдау мақсатымен – түнде реанимациялық қондырғыларды сөндіріп қойдық!” деуі әбен мүмкін…
депті. Әліпті таяқ деп білмейтіндер халықтың есебінен үнемдемесе жақсы болар еді.



[...] Неге екенін, wordpress-ке қондыра алмадым. Бейнеүзік “Жаңаеуразияда” мына сілтемеде. [...]
қымбат машиналар шынымен де көп екен. кадрдың әр жағында қандай ән ойнап тұр? жалпы видео тамаша шықты
Рахмет, Әлия!
Бұл малайлық “Райхан” атты топтың әуені еді. Малай тілінде орындап жатыр. Атын өкінішке қарай білмедім. Бірақ діни әуен.
Аз уақыт болса да, менімен бірге көшені аралап қайтқаныңа, уақыт бөлгеніңе рахмет. Ертең бұл көше қараңғылық құшағына енбек.
Ой рахмет, Асхат! кызык екен
Нагыз журналистсин гой, окуга кетсен де репортаж жиберип жатырсын. Мен болсам дукендери мен музейлерин аралааааап журе беретин ем.
менімен бірге көша аралап келгеніңе рахмет, Анар! Мүмкін бір күні “Балық базарын” да аралап қайтармыз
Кеше найзағай ойнғананын көрсең ғой. Күннің былайша қатты күркірігененін алғаш рет естідім. Қорыққанымнан “Астағфираллаһ!” деп айтқанымды өзім де білмей қалыппын. Бірінен соң бірі қатты күркіреген кезде, соғыс кезіндегі бомбалардың жарылғанындай естіледі екен. Сосын барлық жер жап-жарық болып кетеді. Қазір жаңбырлы маусым ғой. Күн райы осылай құбылып тұрады.
Бірінші рет дауысыңызды естіп жатырмыз… )))
Жалғасы болар деген үміттеміз ))
Керемет гид екенсіз, тура Букит- Битаңда жүргендей болдық
Жаңбыры жылы секілді. Халқы да алаңсыз сияқты екен.
Қытай раушаны — әдемі гүл. Оны үйге де отырғызуға болады, гүлдері әдемі.
Жанболат, бұл жолы даусы сәл тұнық шықпады. Келесісінде дұрыстауға тырысамын.
Баян, тілегіңізге рахмет. Енді сіздерді Егіздер мұнарасына апарсам деп ойлап жүрмін. Инш!
Шамамен елестетіп отырмын күннің күркірі қандай болатынын… Шааарқ, шұұұрқ етіп… Көшеде табличка ұстап, “массаж, массаж” деп еліктіретін персоналды аяу керек пе? Олар енді судың астында қап қалады ғой…
Нұрғиса, олардың жаңбыр өтіп кеткенше тығылып, отыра тұратын күшті жерлері бар.
Айтпақшы, кеше сібетті өшірдіңдіре ме, неғылдыңдар?
[...] Күнделікті жүретін көшемнің қандай екенін видеоға түсіріп, блогқа қойып қойып едім. Менің қазіргі көріп жүргенім шынайы Малайзия емес. [...]
[...] Бейнеүзікті “Жаңаеуразиядан” да көре аласыз. [...]