Денис Тен – Қазақстаннан шыққан “феномен”
видеоблог, Саясат9 пікір
Шетелде адамның болмысы ұлтына емес, азаматтағына қарай анықталады. Мәселен, Қазақстаннан барған азаматтардың барлығын америкалықтар “қазақ” деп қабылдайды. Бұл жерде олар ұлтын емес, азаматтығын айтып отыр. Баспасөзі де солай жазады.
Әдетте “Қазақстандағы өзге ұлт өкілдері азаматтық қоғамның дамуына ат салыспайды, сылбыр қарайды. Қазақ тіліне құрметпен қарамайды” дегенімізбен, олардың шетелдегі жеңісі де, жеңілісі Қазақстанға қатысты айтылады. Санаулы ай бұрын Лос-Анжелесті таңқалдырған 15 жастағы алматылық Денис Теннің [орыс.т]өнері осыған мысал бола алады.
Наурыз айында АҚШ-тың Лос-Анжелес қаласында өткен жасөспірімдер арасында мұзда мәнерлеп сырғанаудың әлемдік жарысында жүлдегер атанған баланы «феноменге» балаған журналистер «Денис Қазақстанның атын әлемге танытты» деп жар салуда. [ағыл.т] Goldenskate.com сайтындағы «Денис Тен – Қазақстаннан келген “керемет”» деп аталатын көлемді мақалада Денистің спортқа келудегі алғашқы қадамдары суреттеледі.
Қаршадайынан спортқа құмартып өскен бала мұзда сырғанап жаттығуды Алматының гипермаркетіндегі мұз айдынында бастапты. Бұдан соң жарыстырға қатысып жүріп, ресейлік жаттықтырушылардың назарына іліккен. Содан бері Ресейлік спортсмендердің бақылауында жүрген өспірім ұдайы жақсы нәтижелер көрсетуде.
«Небәрі он бес жастағы өспірім қазірдің өзінде өте күрделі қимылдарды оңай игерген»
дейді шетелдік басылым. Қазақстандағы кәрістердің үшінші ұрпағына жататын Денистің алдағы олипиада ойындары қатысу үміті де бар.
Қазақстан бұрын-соңды бұл жарыс түрінен тек 1996 жылы спортсменін үкілеп қосқан болатын. Бұған дейін жасөспірімдер арасындағы жарыста Абзал Рақымғалиев [ағыл.т] есімді жерлесіміз де үздіктер қатарынан көрінген. [video] Шетелдің ақпарат құралдарының мұзда мәнерлеп сырғанаудың Қазақстанда да дамып жатқанын таңданыс білдіріп жатқанын осыдан ұғуға болады.
Әрине Денистің әрі қарайғы спорттағы ғұмыры қалай қалыптастары белгісіз. Қазір ол Мәскеуде жаттығып жатыр.




Бұл — болайын деп тұрған бала. Ресейліктер осы мәнерлеп сырғанаудан алдына жан салмай, үлгі көрсетіп келе жатқан елдің бірі екенін ескерсек, сол жақта Плексей Ягудиндей Олимпиада чемпионын тәрбиелеген Татьяна Тарасованың өзі Денистен үлкен үміт күтетінін айтқан. Ал Тарасовадан “мақтау” еститіндер өте аз.
Оның рас, Баян! Мен де өнерін көріп, аузым ашылып қалды! Дәйім осы спорт түріне де ден қойылып, жақсы насихаттала бастаса екен деймін. Айтпақшы, Абзал туралы көп мәлімет таба алмадым. Абзал туралы не ойлайсың? Ол Мәскеуде емес, Қазақстанда жаттығып жатыр ғой деймін, ә?
Абзал қазір қай жақта жаттығып жатқандығын білмедім, бірақ бұрын ол да Ресейде, Ольга Макаровада жаттығып жүрген бұрын. Оның кумирі — Евгений Плющенко екен.
Осы Астанада керемет мұз айдынын салып еді ғой. Жыл сайын Астанаға Илья Авербух пен Жулин “Ледниковый периодтың” командасын алып келеді. Енді қызығушылық артатын болар.
Бізге мүмкін, сондай “шоу” қажет шығар.
Асхат, коньки тебе аласың ба?
Димадай кезімде есік алдындағы мұз айдынынан шықпайтын едім. Себебі үйде свет жоқ болатын. Ауыда светті кешке бір сағатқа ғана беретін. Сондықтан сабақтан келген соң, конькиімді қайрап, мұз айдынына шығатынмын. Соңғы рет Нью-Йоркта тептім ғой деймін.
Менің де аузым ашылып қалды. Құлап қалмаса екен деп отырдым.
Қазақстанда аранайы мектеп пен жақсы мамандар юолмағандықтан, ары қарайғы жаттығулары сәтті болады дегенге сені қиын. Мысалы, Әлия Юсупова секілді Ресейде не болмаса басқа елде жаттыққаны жақсы болар.
Кезінде, қарап отырсаң…қазір Ресейдің аузын айға білеген конькишілері (дәл сол Ягудин, Плющенко, Жулин, Навкалар)де Америкада жаттыққан ғой.
Сондықтан, егер мемлекеттің өз жағдайы келмесе, спортшылардың өзге елдерде жаттығуына көмек көрсеткені жақсы ғой.
Меніңше, белгілі бір белесті бағындыру үшін баланың табиғи икемділігі болу керек секілді.
Иә, спортсмендердің шетелде шыңдалуы қалыпты құбылыс.
Айтқандарың дұрыс,Ресейде,Америкада жаттығу керек және бір де бір әлемдік жарыстардан қалмай рейтинг жинауы керек.Қосайын дегенім,ары қарай алып кету үшін қаражат көп керек….
Бақытгүл тәте, осы Өскеменде қыстық спорт түрлері жақсы дамыған ғой деймін. Өскеменде мәнерлеп сырғанауға балаларын беріп жатқан ата-атаналар көп пе? Әлде хоккей көп сұранысқа ие ме?