Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Саясат

Конференцияға шақыру

Авторы on Friday, 1 February 2008
Саясат
Пікір жоқ

Сіздердің назарларыңызға мына хабарландыруды ұсынып отырмын. 

Қазақ- Неміс Университеті Фридрех Эберт қорының қолдауымен 2008 жылдың 13-14 наурызында «Орта Азия: модернизация жолдары» атты Халықаралық ғылыми конференция өткізеді. 

Ресми ашылудан кейін жұмыс үш секцияда жүргізіледі деп жоспарлануда:

1 секция: «Экологиялық проблемалардың экономикалық және әлеуметтік-саяси аспектілері»  2 секция: «Саяси модернизацияның үрдістері» 

3 секция: «Ғылым, білім және бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық сананың трансформациясындағы рөлі» Конференцияға экономистер, саясаттанушылар, философтар, экологтар, заңгерлер, социологтар, психологтар, тарихшылар, білім саласының мамандары және т.б. мамандар қатысады деп күтілуде. 

Ғылыми қызметкерлерді, жоғарғы оқу орындарының ұстаздарын, аспиранттар мен студенттерді серіктестікке шақырамыз.  

Конференцияның жұмыс тілі: ағылшын, қазақ, орыс, неміс тілдері. 

Конференцияға қатысу туралы мәліметтерді 2008 жылдың 15 ақпанына дейін мына поштаға жіберіңіздер: conference-dku@yandex.ru  

Конференцияға қатысу туралы өтініште келесі мәліметтер болуы қажет: баяндаманың тақырыбы, 1 беттік тезис түрінде мазмұны (14 қаріп, Times New Roman), қатысушының аты жөні, жұмыс немесе оқу орны, ғылыми атағы, телефон, e-mail.  

Мекен жайымыз: Пушкин көшесі, 111/ 113, 050010 Алматы, Қазақстан. Тел./факс: (727) 293 90 01   e-mail: conference-dku@yandex.ru   

Leave a comment!

Add your comment below, or trackback from your own site. You can also subscribe to these comments via RSS.

Be nice. Keep it clean. Stay on topic. No spam.

You can use these tags:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

This is a Gravatar-enabled weblog. To get your own globally-recognized-avatar, please register at Gravatar.