Орталық Азиядағы журналистика болашағы тұманды…
Авторы Askhat Yerkimbay on Saturday, 17 October 2009
Саясат1 пікір
Саясат1 пікір
Орталық Азия журналистері авторитарлық режимнің қолшоқпарына айналып барады. Журналистика өзінің негізгі бағытынан ауытқып кетті. Дәл осындай ойлар Бішкек қаласында өткен Орталық Азиядағы журналистиканың оқыту мәселелері атты дөңгелек үстелде айтылды.
Отырысқа қатысқандар әрине әркім өз шындығын айтумен әлек болды. Университет ұстаздары академиялық білім қажет десе, журналистік тренингтермен айналысатындар: “Сіздерде бүгінгі нарыққа қажетті мамандарды дайындап жатқан жоқсыздар” деп өз уәждерін келтірді.
Көптің сөзін тыңдап отырып, өзім үшін мынадай бір түйіндер жасап алдым:
- Кеңес Одағынан бері алғаш рет Орталық Азияның журналистері бір үстел басында жиналды.
- Қазіргі Орталық Азиядағы журналистиканың келбеті алдағы болар плюрализмнің бастауы.
- Қазақстандағы Интернетті реттеуге қатысты қабылданған соңғы өзгерістер күллі аймаққа әсер етуі мүмкін.
- Ресейде 140-150 мың журналист бар
- Журналистің кәсіби білігінің төмендігі бұл мамандыққа деген жұрттың көзқарасын өзгертіп жіберді.
- Ресми мәлімет бойынша (www.akorda.kz) kz доменінде 9000 сайт тіркелген.
- Қазақстанға келген Ресей медия нарығы (31 телеарнаны Ресейдің СТС медиахолдингі алуы) еліміздегі масс медияға жаңа леп алып келген жоқ. Керісінше, тұщымды бағдарламалардан айырылып қалдық.
- Тәжікстанда тәуелсіз ақпарат құралдарының қырық пайызы жабылу алдында тұр.
- Тәжкістанда 148 газет бар, 96 журнал, 7 ақпарат агенттігі, 5 телеарна, 3 радиоарна бар. Соңғы рет бақтың бәрі тіркеуден өтпегендіктен нақты санын айту қиындау.
- Орталық Азия елдеріндегі журналистика факультеттерінде кәсіби маманды емес, белгілі бір идеологияны халықта насихаттайытын “әскер” дайындап жатыр деген пікірлер жиі естілді.
- Түркменстанда қырыққа жуық шетелдік журналистер жұмыс істеуде.
- Түркменстанда қоғамда ептеген өзгерістер байқалуда. Бірақ биылғы жылдың басында Қырғызстандағы Орталық Азия Америка университетінде оқып жүрген түркменстандық студенттердің не себепті оқуларын әрі қарай жалғастыра алмағанына қатысты сауалға жауап табылмады.
- Соңғы жылдардың ішінде Қырғызстанда екі журналист қаза тапты. Бұны көбіне саяси тапсырыс пен кісі қолынан тапқан құрбандар қатарына жатқызуда.
- Орталық Азияда журналистерге төтенше жағдайларда өз-өзін қалай қорғау қажеттігін үйретудің өзектілігі де күн тәртібінен түспей тұр.
- Қырғызстанда Қоғамдық Телеарнаны құру мәселесі сәтті аяқталмады.



[...] аптада Бішкекте болдым. Тәжікстаннан, Өзбекстаннан, Түркменстаннан [...]