Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Саясат

Түркияда оқығысы келетіндер қалай іріктеледі?

Авторы on Tuesday, 28 July 2009
Саясат
3 пікір

Facebook-та отыр едім, бір қолданушы байланысқа шықты. Онымен қашан достасып үлгергенім есімде жоқ. Әңгімелесе келе ол Түркияда білім алуға өтініш білдіргенін айтты. Түркияда оқығысы келетін Азизге қазақша шығармау жазу керек екен. Қолымнан келгенше көмектесіп едім. Күні кеше Азиз білім сайысының қалай өткені жайлы өзінің ойларын жазып жіберіпті. Соны жариялап отырмын.

Қазақстан және Түркия елдерінің арасындағы экономикадағы және саясаттағы бір-біріне қолдау көрсетуі білім беру саласында да жалғасын тапты. Түрік елінің жыл сайын қазақстандық студенттерді Түркияда магистратура және докторантурада оқуға жіберілуі білім іздегендер үшін үлкен мүмкіндік. Бұл бағдарлама бойынша бір жыл түрік тілі оқытылады, келесі екі жыл таңдау бойынша, ағылшын немесе түрік тілінде мамандық білім беріледі. Осы жылы да Түркияда оқуға 60 орын бөлініпті.

Бұрын бұл конкурс туралы ақпарат аз таратылатын, бұл жылы «Білім және ғылым министрлігінің» сайтында және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» (“Болашақ”-тың)  сайтында конкурс туралы студенттер хабарландырылды. Кең Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан келген 300 шақты үміткер 18 шілде күні «Білім және ғылым министрлігі» не шақыртырылды.

Орташа бір орынға 5 адамнан таласты, дегенмен қаржы және халықаралық қатынастар мамандықтарына үміткерлер саны өте көп болды. Халықаралық қатынастарға естуімше, 20 дан астам үміткер (2 орын магистратураға және 1 орын доктарантураға), қаржыға 25 тен астам үміткер (2 орын магистратураға және 1 орын доктарантураға) құжаттарын тапсырған.

Менің ойымша іріктеу дұрыс жүргізілмеді. Министрліктегі іріктеу процесі тек студенттердің дипломындағы орташа балды есептеумен ғана жүргізілді. Яғни, студенттің басқа ешқандай жетістіктері және қабілеті бағаланбады. Енді мынадай мысал қарастырып өтейік: Қазақстанда бірнеше ЖОО бар. Олардың ішінді беделді, мықты білім беретіндері, орташа деңгейдегілері және төмен деңгейдегілері де кездесіп тұрады. Осы төменірек деңгейде оқыған студентттің GPA сы, айталық, СДУ (Сулеймен Демирел Университеті) студентінің GPA сынан жоғары. Грант GPA бойынша берілді. Сонда, мынау жақтағы екі үш есе білімді студент гранттан қалып қояды. Дәл осындай жағдайдың куәсі болдым.

Түркиядан көшіп келген қазақ қызы (тек түрікше сөйлеп тұр. Қазақша білем дейді, бірақ онша жақсы емес сияқты) 4 жыл филологияда оқып, түрік тілі маманы болып шыққан. GPA сы төменірек болғаны үшін өте алмай қалды.

Мен өзім менеджмент мамандығына магистратураға тапсырдым. Бөлінген грант саны 3 орын магистратураға және 1 орын доктарантураға. Тізімде мен үшінші болып тұрмын, бірақ үміткерлер аз болғандықтан бір грантты алып тастадық деп хабарлады. Себеп ретінде үміткерлер көп болған (халықаралық қатынастар, қаржы т.б.) салаларға көбірек грант беруге тура келді, деп сілтеме берді.

Жалпы алғанда, бұл конкурсқа қатысушылардың басым бөлігі Алматы, Астана және Шымкент қалалларының студенттері. Түркияға оқуға түскендердің барлығын құттықтаймын және сәттілік тілеймін. (Тізім ресми түрде әлі хабарланбады. Үміттеніп отырмын, мені де алған шығар мүмкін)”

3 пікір »

Leave a comment!

Add your comment below, or trackback from your own site. You can also subscribe to these comments via RSS.

Be nice. Keep it clean. Stay on topic. No spam.

You can use these tags:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

This is a Gravatar-enabled weblog. To get your own globally-recognized-avatar, please register at Gravatar.