Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Саясат

Шетелдіктер дін даурықпасын өршітіп отыр

Авторы on Thursday, 19 February 2009
Саясат
Пікір жоқ

Шетелдіктер Қазақстанды діни алауыздықтың ошағы деп тануда. Өткен аптада шетелдің бірқатар басылымдарында «Қазақстанда діни наным-сенімге құрмет жоқ» деген сарында бірнеше мақалалар жарық көрді.

Конституциялық кеңес депутаттардың ұсынған «Діни наным сенім мен діни бірлестіктер туралы» заң жобасын халықаралық нормаға сай емес деген желеумен қайтарып берген. Сол кезде батыстың діни қайраткерлері: «Қазақстан ерлік танытты. Билік заңды қабылдамады» деп бөріктерін аспанға ата қуанғаны есімізді. Апта өтпей жатып, олар райларынан қайтып: «Қазақстан діни сенімі үшін адамдарды қамауға алуда» деп Қазақстанның жағымсыз бейнесін сомдауға кірісті. «Қарағанды соты Саентология діни ұйымы заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, өткен жылы 200 мың АҚШ долларына тең пайда тауыпты».

Біле білсек, дәл осы саентология діни ұйымы көптеген еуропа елдерінде, Ресейде де секта ретінде танылып, оларға жұмыс істеуге тыйым салынған. Қазақстан тәуелсіздігінің таңы атқан апақ-сапақ мезгілде еніп кеткен күдікті ұйымдар қазір күш алып осылайша тістерін көрсетуде.

«Қарағандылық саентология шіркеуінің жұмысының тоқталуы қазақ топырағында адам құқығы аяқ асты етіліп жатанының айқын көрінісі»

деп жазады. 
Біріккен ұлттар ұйымының Адам құқығына қатысты декларациясының 18-бабында кез келген адамның өзінің діни көзқарасын ашық түрде және қоғам алдында танытуға құқығы бар деп жазылған. Қазақстан 1993 жылы аталған Халықаралық Ұйымға мүше болғандықтан осы бапты ұстануы керек. Адамдары діни сенімі үшін түрмеге қамамауы тиіс дейді шетелдіктер. Шетелдік басылымдар көп ретте ресейлік дін уағызшысы Дреничеваның атын жиі атайды. Қазақстандық ақпарат көздеріне сәйкес бұл келіншек Ресейдің азаматшасы екен. Қазақстанға өзінің діни көзқарасын тарату үшін келген. Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінің баспасөз хатшысы Жанболат Үсенов бұл ханымның адамдарды күнәһар және күнәһар емес деп екі топқа бөлетінін айтқан. Дреничева тәрізді көсемдерге жол беретін болсақ, дүниенің түкпір-түкпірінен діни “ұстаздар” келіп, әрбір адамды істеген күнәсіне қарай бөліп алатын болар.    
The Washington Times газетінде Халырақалық Дін еркіндігі коалициясының атқарушы директоры Дан Феввман Қазақстандағы дін еркіндігіне қатысты жазған мақаласында Дреничеваның қазіргі жайын былай сипаттаған:

«Дреничева қазір ерлік танытып отыр. Халын сұрағандарға: «Менде бәрі жақсы» деп жауап беретін көрінеді. Оған тіпті тамақ та беріліп жатқан жоқ. Достарының әкеп бергенін талғажау қылып отыр. Мен күнді көрсем қуанам дейді»

«Қазақтар дәл қазір діни шоқтың үстінде отырмыз» дейді. Себебі тұрғындар жалпылай алғанда мұсылмандар мен христиандар болып бөлінген. Кішкене бөлігін протестанттықтар мен өзге діни ұйымдар құрайды. Евангелистердің уағыздарының әсерінен протестанттықтар саны соңғы жылдар ішінде күрт өсіп кетті.

Leave a comment!

Add your comment below, or trackback from your own site. You can also subscribe to these comments via RSS.

Be nice. Keep it clean. Stay on topic. No spam.

You can use these tags:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

This is a Gravatar-enabled weblog. To get your own globally-recognized-avatar, please register at Gravatar.