Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Саясат, Экономика

Қазақстанға келген Қытай басшысы жалға жер сұраған жоқ

Авторы on Monday, 14 December 2009
Саясат, Экономика
Пікір жоқ

«Астанада өткен келіссөздер барысында Қытай тарапы ауылшаруашылығы мақсатында Қазақ жерін жалға алу мәселесін сөз қылған жоқ» дейді Интерфакс-Қазақстан агенттігі. Бұл сөзді Қазақстан мен қытай басшыларының кездесуіне соң ҚР Ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев айтты. Қытай Халық Республикасының басшысы Қазақстанға іссапармен сенбі күні келді.

Естеріңізде болса, 4 желтоқсан күні шетел инвесторлары кеңесінің отырысында Нұрсұлтан Назарбаев Қытайлық инвесторлар ауылшаруашылығы мақсатында Қазақстаннан жалға 1 млн гектар жер сұрап отыр деген еді.

Ал өткен жұма күні түстен кейін бір топ қазақ белсенділері Қытайдың Алматыдағы бас консулдығының өкілдеріне петиция тапсыруға әрекеттенді. Олар миллион гектар қазақ жері Қытайға жалға берілуі мүмкін деген хабарға өз наразылықтарын білдірді. Бұл туралы «Азаттық» радиосы да хабарлауда.

“Қытайдың бас консулдығының маңына шамамен 20 шақты адам жиналды. Бірақ олардан петицияны алуға консулдықтан ешкім шықпады” дейді «Азаттық» тілшісі.

Айтпақшы, Жер ресурстары агенттігінің мәліметінше, қараша айында үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мал азығын өсіруге қолайлы жерлерді анықтауға тапсырма берген. Яғни, қазіргі кезде Кәрім Мәсімов нұсқауы бойынша Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында толық жер кадастры жасалуда.

Leave a comment!

Add your comment below, or trackback from your own site. You can also subscribe to these comments via RSS.

Be nice. Keep it clean. Stay on topic. No spam.

You can use these tags:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

This is a Gravatar-enabled weblog. To get your own globally-recognized-avatar, please register at Gravatar.