Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Саясат

“Қазақстан Республикасының” атауын кім өзгерткелі жатыр?

Авторы on Thursday, 12 November 2009
Саясат
4 пікір

Орыстілді ресурстар “Қазақстан елінің атауы өзгеруі мүмкін” деген ақпарат таратуда. Әзірге бұл мәліметтің анығын тексере алмай отырмын. Бұл жайлы мәліметті Мақпал да өз блогында түртіп өтіпті.

Жоғары жақта қазір Қазақстан Республикасының атауын өзгерту туралы мәселе көтерілуде деп жазады ii-news.kz сайты. Мемлекетіміздің атауын өзгертуге ұсынылып отырған атаулардың бірі – “Қазақия”. Мемлекет атауын өзгретудегі себептердің бірі ретінде ондағылар шетелдіктердің Қазақстан атауын “стан” жұрнағы бар Ауғанстан, Пәкістан сияқты елдермен шатыстыруын алға тартады

дейді Мақпал.  Аталған сайт өз кезегінде ресейдік Rambler.ru ресурсына сілтеме көрсеткен. Жеке өз басым, ресми мәлімет жарық көрмейінше, бұл әлдебір орыстілді ресурс тарапынан болып жатқан қитұрқы ойын деп ойлаймын. Себебі, мемлекеттің атауын ауыстыру бір күннің, әрі бір қауымның жұмысы емес қой. Референдум болмастан бұрын халықтың пікірі қалыптасуы керек.

Айтпақшы, бір жерлерде елдің атын “Дешті Қыпшаққа” ауыстырғысы келетіндер бар дегенді де естігенмін.

4 пікір »

Leave a comment!

Add your comment below, or trackback from your own site. You can also subscribe to these comments via RSS.

Be nice. Keep it clean. Stay on topic. No spam.

You can use these tags:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

This is a Gravatar-enabled weblog. To get your own globally-recognized-avatar, please register at Gravatar.