Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Саясат

Қазақстан әлемнің дамыған 50 мемлекетінің қатарына кіре алмайды

Авторы on Tuesday, 15 December 2009
Саясат
1 пікір

Дүниежүзілік Банктің ретингісі бойынша Қазақстанның әлемнің дамыған 50 мемлекетінің қатарына кіруінің мүмкіндігі жоқ. Себебі ол әдістеменің нюансы бар – деді USAID Американың ұйымының сарапшысы. Сауданы либералдандыру мен кедендік реформа жөніндегі АҚШ агенттігінің сарапшысы Мәлика Қоянбаева: «Халықаралық сауда» индикаторы бойынша Қазақстан ең соңындағы Ауғанстаннан сәл озып, екінші орында тұр. Бұл Қазақстан үшін аса қолдануға жарамайды деп есептейміз. Себебі ол әдістеме теңізге шығатын жолы жоқ елдер үшін жарамайды” дейді.
Дүние жүзілік банктің баспасөздері де, мемлекеттік органдары да сілтеме жасап, бет түзейтін зерттеуі бар. Зерттеу нәтижесі жыл сайын Doing Business немесе “Бизнес жүргізу” атты кітап болып басылып шығады.
Теңізден шалғайлығы мен жүкті ең жақын теңіз портына дейін тасымалдаудың қымбаттығы Қазақстанды Doing Business рейтингінің «Халықаралық сауда» индикаторында ең соңғы орындарға қояды. Себебі теңіз Дүниежүзілік Банк Каспийді теңіз деп танымайды. Ал Қазақстаннан теңізге шығатын келесі бір бөлігі Қытай тарапында жатыр.
Сарапшы,

“Егер дүниежүзілік Банк теңізге тіке шығатын жолы жоқ елдердің мүдделерін ескеріп, осы индикаторды есептеу әдістемесін өзгертсе, Қазақстан дамыған 50 ел қатарына кіру мақсатына жеткен болар еді”

деген пікірде.

Doing Business рейтингінде 2009 жылы Қазақстан 183 елдің арасында 64-ші орында тұғын. Рейтинг 10 индикатор бойынша есептеледі: кәсіпорынды тіркеу, құрылысқа рұқсат алу, жұмыс күштерін жалдау, жеке меншікті тіркету, несиелендіру, инвесторларды қорғау, салық салу, халықаралық сауда, келісімшарттардың орындалуын қамтамасыз ету мен кәсіпорынды жою.

1 пікір »

Leave a comment!

Add your comment below, or trackback from your own site. You can also subscribe to these comments via RSS.

Be nice. Keep it clean. Stay on topic. No spam.

You can use these tags:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

This is a Gravatar-enabled weblog. To get your own globally-recognized-avatar, please register at Gravatar.