Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Білім, Интернет, Саясат, Қоғам

Қазақ блогосферасындағы ұлттық тақырыптар

Қазақ блогтарында соңғы кездері керемет жазбалар жарық көріп жатыр. Мазмұнды дүниелер көбейіп, интернет қоғам үшін қызмет ете бастағаны қуантады.

Мақпалдың “Алаш зиялыларының Алаш баласына үндеуі” атты дүниесі ерекше әсер етті. Әттең, дереккөзі әзірге белгісіз.

Қалмайық десек, қарап жатпалық. Көп ісіне, көп болып жабылайық…Қолымнан не келеді деп қорынбайық. Ұлтына қызмет етуге ниет болса, жұмыс табылады. Көп жұмыстың ауыры да, жеңілі де болады. Қазақтың бітіп, тынып тұрған нәрсесі жоқ. Әркім әлінен келер жұмысын алсын. Жадымызда болсын, аз нәрсе көпке сеп болмақшы. Сәл демеу зорға сүйеу болады. Ұлы іс ұсақтан ұлғаяды….

Керемет ойлар! Қазір қазақ блогшылары арасында “Жыл қорытындысы” деген эстафета қызу жүріп жатыр. Әзірге кезек маған келмеді. Десе де жылдың үздік дәйексөзі дегенге осыны жатқызар едім.

Әдетте интернетте қазақ тілі мәселесі көтерілгенде көбіне жаттанды да, таптауырынды пікірлер қайталанып айтыла беретін. Десе де, “Тіл ұстарту” блогының иесі бұл тақырыпқа басқа қырынан келген. Блог өзінің салиқалылығымен ұнады.

Менің пікірімше, төрт құбыласы түгел тілімізді ”дамымай қалған тіл” деп менсінбей қаралайтын да, дамып кетті-мыс тілдерге тұра жүгіріп, немесе “мынау сөз жоқ, анау сөз жоқ” деп алалайтын да өзіміз. Қазақ тілді баспалардағы Қазақ тіліне байланысты мақалаларды оқып, оқып, көз алдыма “біреудің босағасында сығалап жүрген бейшара жетім баланың” бейнесі қалыптасты да қалды. Қазақ тілінің бейнесін де мәртебесін өзіміз осы тілді сүю арқылы, қолдану арқылы көтеруіміз керек.

дейді автор “Тілдің құрып кетуі” атты жазбасында.

Келесі бір блог, бірі Қытайда, енді бірі Жапонияда білім алып жүрген жастарға тиесілі. Ертай – кәсіби журналист. “Аламан Айтыс” жобасын жүргізген. Ал Жанна – жас ғалым. Экология саласын меңгеріп жүр. Екеуі де сырт елде көрген-білгенін, көкейге түйгендерін боямасыз жеткізуде. Шетте білім алып жүргендер де осы бір игі іске үлес қосса игі еді.

Соңғы бір “Қазақ тілінің қадірін қытайлар да біледі” жазбасында Ертай қазақ тілін меңгерген қытайлар туралы хабарлайды.

…Менің түйгенім, “түркі сөздігінің” дені қазақ тілінде сақталған екен. Түркі тілдес елдерінің ішінде өзінің түп-тамырынан ажырамағаны – қазақтар екеніне көзім жетті. Демек, қазақ тілінің маңыздылығы тек қазақ ұлтына ғана емес, бүкіл түркі елдері үшін де аса маңыздылығы жоғары болуға тиісті.

дейді Ертайдың жазбасының кейіпкері – түркітанушы ғалым Гың Шымин.

Жаннаның “Әлемді алты градус өзгертеді” деген блогындағы жазбалары арқылы Жапониядағы жетістіктердің кілтін айқын түсінуге болатын тәрізді. Мәселен, соңғы жазбасы жарнамаға арналған. Жарнаманы ұлттық түсінікпен жымдастыра білген жапондықтар ділін қалай да сақтап қалуға тырысады. “Бала бастық. Биылғы Жапониядағы хит” жазбасы еліміздегі идеологияны қалыптастырып жүрмін дегендер үшін үлкен өнеге тәрізді.

… Жарнамаларында Тойотының әртүрлі жақсы жақтарын баланың көзқарасымен түсіндіргені күлкілі болды. Бензинге салық азайады дегенді қалай түсінуге болады деген клиентке, нуу мысалға конкретно мысал келтірсе 1000 балмұздақ алатындай ақшаны экономдауға болады дегендей жолмен түсіндіргені шынымен сүйкімді:)))

дейді Жанна.

Әзірге қысқаша шолу осындай. Келер жылғы қызықтарымыз азаймасын!

4 пікір »

Leave a comment!

Add your comment below, or trackback from your own site. You can also subscribe to these comments via RSS.

Be nice. Keep it clean. Stay on topic. No spam.

You can use these tags:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

This is a Gravatar-enabled weblog. To get your own globally-recognized-avatar, please register at Gravatar.