ҚТЖ Қытай вагондарының ылаңы
Авторы Askhat Yerkimbay on Saturday, 21 June 2008
Саясат5 пікір
Саясат5 пікір
Бір топ журналисті “Қазақстан Темір жолы” АҚ Ұлттық компаниясы Алматы-Ақтөбе бағытында жүретін қытайда жасалған пойызға отырғызып, эксперимент жасаған еді. Басты мақсат “Қытай пойыздары денсаулыққа зиянды екен” деген дақпыртты жұртқа таратқан журналистер болғандықтан, журналистердің өздеріне сол пойызға отырып, зерттеу жүргізуіне мүмкіндік беру болатын. Бұл туралы қалта телефонымнан репортаж жасап mobileblog блогыма орнатқан едім. Енді сіздерге менімен бірге саяхаттаған бір топ журналистердің пікірлерін ұсынамын. Бірден айтайын бәріміз Алматыға аман-есен оралдық.



Ойбуй, бұл ылаңның неге шыққаны мен сияқты қарабайырларға бесенеден белгілі болды ғой.
Осыншама ақшаға зат сатып алар алдында, біздің жігіттер әуелі ықыласты адамдардың тізімін жасаушы еді. Сосын үйлерін аралаушы еді. Кімге орамал, кімге шайлық деген сияқты…
Ым-жымсыз, ылаң-ойбайсыз-ақ талай тендерлердің шаруасы осылайша бітіп жүрген жоқ па? Бөлісу деген салтты неге аяқасты еткен, қазақ болмай кеткірлер? Қызық осы ҚТЖ-лықтар. Алуды білетін адамдар беру жағына келгенде не боп қалған? Санитар да адам баласы емес пе?
Менің ойымша бұл жерде санитарлар бөлісіп болған соң: “Қой біз де бұларды үркітіп, өз үлесімізді қарпып қалайық” деген ниеттері болғанға ұқсайды.
Мен бүгінгі күні парақорлықтың қалай дендеп алғанын айтып берейін сіздерге. Студент кезімде, бәленбай теңгеден ақша жинап, сынақ кітабындағы дұрыс баға үшін әлеуметтану мұғаліміне он баланың атынан тапсырып бағасын алғалы отырмыз. Содан не керек, қырсық қуақылығым ұстап қалып, бүкіл топқа естіртіп, былай дедім:
-Айтпақшы жігіттер естітіңдер ме?
Барлығы нені деп сұрап жатыр. Мен:
-Назарбаевтың бүгін жарлығы шығыпты ғой – дедім.
-Қандай?
Мен(дауыстап):
“Барлық шенеуніктер мен мұғалімдерге, әкімдер мен әскерилерге, прапорщиктер мен мичмандарға!. Қазақстан Республикасы атынан қаулы етемін: БҮГІННЕН БАСТАП ПАРА АЛМАҢДАР! Н.Ә. Назарбаев”…
Ана мұғалім байғұстың күйі кетіп қалды! Мені шақырды. Ойладым енді сынақ жоқ бізге деп. Сөйтім қасына жақындасам, маған еңкейіп:”Шын ба?” деп сыбырлап сұрағаны…
[...] шолу блогшылардың жеке қызығушылықтарын көрсетті. 2. ҚТЖ Қытай вагондарының ылаңы – атты бейнехабарда елді дүрліктерген Қытай [...]
Сізге сенемін. Ондай болуы әбден мүмкін. Жемқорлық жегі құрттай жеп барады-ау…
Студент кезімізде мынадай бір сөз болатын: “Алмайтын оқытушы болмайды, бере алмайтын студент болады”. Енді параны дегенім ғой.