Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Саясат

Өсек өлімге сүйрейді

Авторы on Monday, 23 February 2009
Саясат
5 пікір

Біреу құл сатып аларда: «Мұның не айыбы бар?» – деп сұрапты сатып алушы. «Сәл өсек айтатын өнері бар» дейді сатушы. «Айыбы ауыр емес екен» деп қабылдайды. Келген соң құл қожасының әйеліне: «Қожайынның саған деген махаббаты кем екен және бір сұлуды алғысы келетінін байқадым. Күйеуің ұйықтап жатқанда сақалының астынан ақырын ұстарамен қыл кесіп алып берсең, мен жады дуасын оқып, саған ғашық етіп қояр едім» дейді. Әйелдің күйеуіне барады да: «Қатыныңыз бір кісіге ғашық болыпты. Сізді өлтірмекші ниетте, сөзіме күмәндансаңыз, ұйықтаған адам сияқты жатыңыз, өзіңіз байқайсыз» депті.
Қожайын жалған ұйықтаған кісі болып жатады. Сөйтсе, әйелі ұстара алып келіп, күйеуінің сақалынан ұстай береді.

Осы кезде «мені өлтірмекші екен» деп ойлаған күйеуі орнынан секіріп тұрып, әйелін табанда мерт етеді.

Ал өсекші әйелдің ағаларына қарындасыңды жазықсыз қара ниет байы өлтірді, сендер де жігер бар ма, оны неге өлтірмейсіңдер деп хабар беріп, қожайынды да өлтіреді. Сөйтіп бір өсекшінің жала сөзінен қанша жазықсық жандар қаза табады.

Сурет flickr.com сурет тарату торабынан алынды.

5 пікір »

Leave a comment!

Add your comment below, or trackback from your own site. You can also subscribe to these comments via RSS.

Be nice. Keep it clean. Stay on topic. No spam.

You can use these tags:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

This is a Gravatar-enabled weblog. To get your own globally-recognized-avatar, please register at Gravatar.