Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Саясат

KZ тобы кез келген сұраққа жауап беруге дайын!

Авторы Askhat on Thursday, 19 February 2009
Саясат
21 пікір

Жаным,
Жаным…
Жаным?!
Осы бір сөзді жиі қолданады. Мен емес. Әзірге. Олар ғой. Дәлірек айтқанда сондай әндері бар. SMS туралы. Сол топ «Жаңаеуразия» оқырмандарына сұхбат беруге келісті.

11 наурыз күні Алматы қаласындағы Орталық Концерт залында 18.30-да «Жаным.kz» атты концерттері болады. Ең қызықты сұрақтың иесінің сауалы сол концертте жігіттердің өздеріне тікелей қойлмақ. KZ тобына қатысты көкейде жүрген сауалың болса, жаудыр! Кез келген тақырыпта. 

KZ және Нұрғиса
Белгілі әнші мен белгілі блогшы

Сонымен «Жаңаеуразиядағы» осы жазбаның астына пікір жазатын жерге сауалдарыңды қалдырып кетсең болады. Сұрақтардың жауабы көп кешікпей осы блогта жарияланады, ИншАллаһ!

Сурет Нүрғисаның жазбасынан алынды. Сіздердің де KZ тобымен түскен суреттеріңіз болса, жолдауларыңызды өтінемін.

21 пікір »

  • [...] Ақпан 19, 2009 in UncategorizedTags: Жаңаеуразия, қазақ әндері Діни бір әндері бар екенін білемін. Әрі қателеспесем. екі жігіттің бірі Нұр-Мүбәрәк ислам мәдениеті университетінің студенті. Бәлкім осы жайт әсер етті ме, тәуекелге баруға тура келді. KZ тобы 11-наурыз күні өтетін “Жаным.kz” атты концерттерінің алдында блогшылардың сұрақтарына жауап беруге келісті. Сонымен “Жаңаеуразияға” кішкентай құлақтандыру іліп қойдым. Ең қызықты сұұрақ иелерін қызықты сюрприз күтіп тұр. Толығырақ “Жаңаеуразияда” [...]

  • Arsik says:

    KZ деген кезде маған да сол Жаным мен смс туралы әндері есіме түсіп кетті. Қазақ тілді блогтарды оқи ма, деп сұраңызшы :) оқымаса, бір жарнама жасайсыз ;)

    [Reply]

  • Ansar says:

    Осында сұрақ қоюға бола ма? Әлде концерттеріне бару керек пе екен?

    [Reply]

  • kuralai says:

    Неге концерттерінің атын «Жаным.kz» деп қойды екен?

    [Reply]

  • Akzere says:

    Сіздердің Қазақстан эстрадасындағы жігіттерден тұратын басқа да топтардан қандай айырмашылығымыз бар деп ойлайсыздар?

    [Reply]

  • elvira says:

    Құралай, “Жаным” немесе “соңғы смс” атты өлең хит болғаны үшін концерт те солай аталатыны орынды болар.

    Мен негізі көп музыка тыңдайтын біреу емеспін ;) радионы тек жұмысқа барарда және қайтарда ашып қалатыным бар. бірақ КЗ тобы ұнайды. хехе, өмірімде сатып алынған алғаш қазақ тілді дискім де сол КЗ тобынікі болатын (2-3 жыл бұрын). Бір жаманы дискіде бар жоғы 9 ғана өлең қазақша екен, қалған жартысы – орыс, ағылшын тілдерінде ;) жалпы бұрын біреу айтып кеткен өлеңді басқа біреу айтып жүргенді ұнатпайтығымнан ба, әйтеуір ол “шетелдік” өлеңдерді диск тыңдаған сайын аттап кететін болдым. “Елігай” халық әні өте керемет орындалған – айта кету керекті.

    сұрақ №1: “Аллаға шүкір” өлеңі арнайы КЗ тобы үшін жазылған ба?
    Қазақ эстрадада осындай мазмұнды өлең айтқан алғашқысы болды-ау деймін КЗ. Жалпы осы өлеңнің жазылу/айтылу тарихы жайлы бір-ауыз сөз, плиз. не түрткі болды т.с.с

    сұрақ №2: банально естілсе де – екінші альбом шығару ойда бар ма? бар болса, ішіне көбіне қандай әндер кірмек?

    сұрақ №3: қазақ әндерін орындаушылар жеке интернет сайт неліктен жасап алмайды осы? интернет бір топ үшін әрі ең арзан жарнама, әрі керекті жас категориядағы дерлік барлық аудиторияны қамти алатын бірден бір құрал болары анық сияқты. осы жөнінде де бір-ауыз сөз, плиз

    рахмет!

    жаңаеуразияға да үлкен алғыс.

    [Reply]

  • Жігіттер, сәлем! Есікте Алмастың тойында фойеде бірге суретке түсіп едік қой, естеріңде ме? :) Интернетте жеке парақша не сайт орнатуға ниеттерің болса, хабар беріңдер! Шама-шарқымыз бен қал-қадірімізше өнерлеріңнің кеңірек аудиторияға таралуына себепкер болуға дайынбыз. Хабарласу реквизиттері Асхатта бар :)

    Өнерлерің үстей берсін, қазақтың жігіттері!

    [Reply]

  • Askhat says:

    Бәлі, сұрақтар үйіліп қалыпты ғой :)
    Жолдап жүріп, дер кезінде жауап бере алмай қалдым. Аңсар, сұрақтарды осы жерге жаза берсең болады.
    Бұйртса, осы апта ішінде сұрақтарды оларға жолдаймын. Тағы да сауалдарыңыз болса, қысылмаңыз :)

    [Reply]

  • Askhat says:

    Нұреке, еске түсіргенің жақсы болды. Суреттерін таппай отыр едім :)

    [Reply]

  • [...] дейді Сонымен KZ тобына қатысты сауалдарың болса, Жаңаеуразиядағы жазбаның астына пікір ретінде жазып қойсаң [...]

  • [...] дейді Сонымен KZ тобына қатысты сауалдарың болса, Жаңаеуразиядағы жазбаның астына пікір ретінде жазып қойсаң [...]

  • Ansar says:

    Сұрақты бірден әншілерге қойған дұрыс болар, ия?
    Ағалар, сіздердің әндеріңіз кейбірі діні әндер. Ал енді кейбір әндеріңізден шетелдіктердің жеңіл ұйқас өлеңдерінің иісі шығып тұрады (әрине, барлық әндеріңіз емес). Сонда, сіздердің нақты таңдаған сара жолдарыңыз жоқ па? Мысалы, не діни сарындағы өлеңдер не анау-мынау болмашы арзан қол әндер дегендей.
    екінші сұрақ: Сіздердің бір сөздеріңізден білгенім, Жолбарыс Сейфуллин сіздердің продюссерлеріңіз екен. Сіздерді ол кісімен бірге жұмыс істеуге нендей себеп итермеледі? Қазіргі таңда ол кісімен шығармашылықтан басқа да жағынан байланыстарыңыз бар ма? Сәлем айтарсыздар Ол кісіге де!!!!

    [Reply]

  • Асель says:

    Құрметті ағалар! Біріншіден сіздерге тандаған өнер жолында көп табыс, бақыт тілеймін. Қоятын сұрағым: Сонғы кезде көптеген жастардын дінге бетбұрыс алғандығы белгілі. Бұған діни әндер жақсы себепкерлердін бірі болды деп ойлайсыздар ма?

    [Reply]

  • zhanbolat says:

    Сіздердің өлеңдеріңізді тыңдап көрмедім. Неліктен екен?

    [Reply]

  • zhanbolat says:

    Құдай қаласа жақын болашақта қандай пландарыңыз бар?

    [Reply]

  • zhanbolat says:

    Творчестволық табыс тілеймін ! :)

    [Reply]

  • Жігіттер, сіздердің өнерге келулеріңізге не, кім себепкер болды? Соны білгім кеп еді. Арнайы музыкалық мамандандырылудан өттіңіздер ме, әлде табиғи дарынның арқасында болып жатқан несібе ме? Егер мүмкіндік болса, сіздермен қосылып бір ән айтуға бола ма? Бейресми түрде? :) Біздікі әуесқойлық ән айту дәстірі еді. Есіктегі Алмастан гитара үйренгендеріңізді білем, мүмкіндік болса мен домбырамен қосылсам, бір қызық композициялардың тууына дәнекер де болар ма едіңіздер? :) Мүмкіндік болмай жатса ренжімейтінімді айтуым парызым деп санайтынымды біліңіздер :)

    [Reply]

  • zhanbolat says:

    билетті ұтып алдым ғой деймін, Асхат аға сізге берем :D :D :D

    [Reply]

  • zhanbolat says:

    қалжың

    [Reply]

  • Есет says:

    Сіздер айына неше теңге аласыңдар

    [Reply]

Leave a comment!

Add your comment below, or trackback from your own site. You can also subscribe to these comments via RSS.

Be nice. Keep it clean. Stay on topic. No spam.

You can use these tags:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

This is a Gravatar-enabled weblog. To get your own globally-recognized-avatar, please register at Gravatar.