Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Саясат

The Guardian: “Қазақстанға жету керек”

Авторы on Wednesday, 16 September 2009
Саясат
1 пікір

Еуропа баспасөзінің көңілге қонатын бір тұсы әрқашан қарама-қайшы пікірді жариялаудан қашпайды. Бір апта бұрын ғана The Guardian басылымы Қазақстандағы адам құқы аяққа тапталып жатқанын, демократиландыру жөніндегі уәделер орындалмай жатыр деп айғайласа, осы аптада Қазақстанға іссапармен келіп кеткен британдық журналист «Біздің Қазақстаннан үйренеріміз мол» деп, «Қазақстанға жету керек» деген атпен мақаласын жариялады.

Журналист Гленис Киннок өз мақаласында көргендерін көңілге түйіп, жеке көзқарастарымен бөліседі.

«Мен үкіметтегі министрліктің жұмыстары жоспарлы түрде жүріп жатпағанын аңғардым. Өткен аптада мен Қазақстанға тұңғыш сапарымды жасадым. Көлемі Еуропадай болатын ғажайып өлке. Студенттерімен, азаматтық қоғам белсенділерімен, саясаткерлері мен журналистерімен және мұнай мен уран индустриясының өкілдерімен жүздестім. Алайда мен көкейімдегі дидарлассам деген екі азаматпен кездесе алмадым. Біріншісі – Марат Тәжин. Қазақстанға табаным тиген күннен біраз бұрын ол Сыртқы Істер министрлігінен ауыстырылды. Саяси рокироваканың орын алуы, бұл елде саясаттың көрігі қайнап тұрғанын айғақтайды. Екінші азамат Қазақстанда адам құқығын қорғаушы танымал адвокат Евгений Жовтис еді. Мен онымен қоғамдағы либералдық өзгерістер хақында тілдессем деп едім. Бірақ бір апта бұрын, ол көлігімен кісіні қағып кетіп, сот төрт жылға бас бостандығынан айырылсын деген үкім шығарды. Евгенийдің соты әділ өтпеді деушілер де бар»

деп басталған мақалада журналист Қазақстанда жүріп жатқан ішкі саяси дамудың тамырын басқысы келгенін аңғартады.

Азаматтық қоғамды дамытуда бірден бір маңызды рөл ойнайтын аталған екі тұлғамен кездесе алмауының себебіне үңілге ол «Бір қызығы, менің Тәжинде немесе Жовтиспен кездесе алмауым Қазақстанның ішінде болып жатқан құбылыстарға ойлы көзбен үңіле түсуіме түрткі болды» деп әрбір өзгерістердің артынан бір жаңалық табуға болатынын көрсетеді. «Аталған екі кісінің арасында көрер көзге көрінбес маңызды байланыс бар. Сыртқы Істер министрі ретінде Тәжин келер жылы Қазақстанның Еуропаның Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуіне бірден бір ат салысты. Тәжиннің есімі Қазақстанның ЕҚЫҰ-ның алдында берген міндеттемелерін орындаушы тұлға ретінде аталады. Ал Жовтис болса, өз ісіне адал берілген, азаматтық қоғамды сараптаушы маман ретінде аталған міндеттемелердің қалай орындалып жатқанын жіті бақылап отыратын».

The Guardian басылымының тілшісі өз оқырмандарына мынадай ой айтады: «Британдық ретінде Қазақстанға менің айтар кеңесім мынау. Бірінші кезекте адамдардың жеке көзқарастарының болғаны маңызды. Сарап барысымда кездестіріп, пікірлескен студенттердің, қоғамда айрықша маңызға ие айыпталып жатқан заңгерлер мен журналистердің пікірлері мен ойлары осы елдің болашағы».

1 пікір »

Leave a comment!

Add your comment below, or trackback from your own site. You can also subscribe to these comments via RSS.

Be nice. Keep it clean. Stay on topic. No spam.

You can use these tags:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

This is a Gravatar-enabled weblog. To get your own globally-recognized-avatar, please register at Gravatar.