Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Экономика

Ескене-Құрық “Шевронның” назарында

Авторы on Saturday, 14 June 2008
Экономика
4 пікір

Осыдан бір апта бұрынғы Қарағандыда бас қосқан әлем кәсіпкерлерінің жиналысының жаңғырығы бізге енді жетіп жатыр. Қазақстанның жетекші индустриялық кәсіпорындары шоғырланған аймаққа әлемнің түкпір-түкпірінен бай-манаптар келіп, Қазақстанның қай саласына ақша құйып, пайдаға кенелуге болатынын талқылаған. Кездесуден қоржыны толып қайтқандардың бірі ирандықтар екен.

Бұл туралы Тегеранның экономикалық басылымы tehrantimes.com «Иран Қазақстандағы тұңғыш магистральді салуға қатысады» атты мақаласында жазады.

«Астана мен Щучинскті жалғайтын ұзындығы 224 км. болатын жол Қазақстан үшін ерекше маңызды болып отыр. Жаңа магистрал арқылы күніне 40 мың көлік жүретін болады».

Бұл жолдың жұмысын үш Қазақстандық және екі шетелдік компания бірлесіп атқармақ.

Каспийдегі мұнай барлау жұмысына қатысы бар шетелдік компаниялардың бұған дейінгі Қазақ үкіметі жүргізіп отырған ойын ережелеріне наразы екендіктерін ашық білдірген болатын. Үкіметтің жаңа қаулысы ҚазМұнайГазға мұнайды барлау жұмысында белгілі бір артықшылықтар жасаған. Осы уақытқа дейін Қашағандағы жұмысты бастау жөніндегі жаңа келісім-шарттарға қол қоймай отырған компаниялар осы аптада Шевронның жаңа мұнай құбырын салу жөніндегі Қазақстанмен келісімінен соң тіріліп кетті. Мәселе, Каспийдегі мұнайды енді Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбырына қосатын Ескене-Құрық Каспийдің оңтүстік құбырының салынуында болып отыр.

«Қазақстан Каспий арқылы мұнай экспорттайтын мұнай құбырының құрылысын бастамақшы» атты мақалада Әзірбайжандық capital.trendaz.com сайтының журналисті

«Жалпы құны 1,5 млрд. АҚШ долларына бағаланған құбыр келешекте 23 млн. тонна қазақ мұнайын тасымалдайтын болады. Нәтижесінде «Қашаған» кенішіндегі мұнай құбырының өнімділігі 56 млн. тоннаға дейін артады»

деп жазыпты.
Аталған тақырыты өрбіткен келесі chron.com сайтының экономикалық жаңалықтар бөлімі «Шеврон Қазақстанға өз мұнайын Ресейді айналып өтіп тасымалдайтын құбыр салып беруге жәрдемдеседі» деген сарында сараптамалық мақала жариялаған.
Мақалада

Ендігі жаңа көпір Қашағанға Құрық арқылы Әзірбайжанға тасымалдауға мүмкіндік береді. Кейін БТЖ (Баку-Тбилси-Джейхан) арқылы мұнай танкермен Түркияға жөнелтілмек»

деген сөйлемдер жазылған.
Батыс инвесторларының аталған құбырға ерекше мән беріп отырғандарын түсіну оңай. Себебі бұған дейін қазақтың мұнайын Ресей өз уысында ұстап, күллі Орталық Азия елдеріне өзінің билігін жүргізгісі келетін. Ендігі кезекте Шеврон компаниясы қазақ мұнайын Еуропаға тасымалдаудың төте жолын салуға күш салып отыр.

4 пікір »

  • Қашаған ашылғанда, Елбасыдан бастап, қутың-қутың еткен жайдары министрлерге қарап, мен де қараптан-қарап қуанған болатынмын. Енді, бұлар қуанса, бір сыры бар-ау деп…
    Бірақ жабулы қазан – әлі жабулы: Жәмила апайым әлі күнге дейін облыстағы инсулин қорын уайымдайды (саясатпен айналысуға мәжбүрлік деп осыны айт!), жолдар – Алдардың тонынан бетер әлі шұрқ-тесік, құрылыстар тоқтап тұр (айтпақшы, кәдімгідей-ақ жұмысты жарты жолда тоқтап қалған крандарды көрдім, керемет кадрлар, құтты бір “ақша бітті, стоп!” деген командамен жұмысшы да, кран да қатып қалған сияқты!), ауыл жұрты – жарықсыз отыр…
    Ұсыныс: билік өздеріне арнайы толқын алсын да, өздеріне шын мәнінде қуанышты болатын хабар таратсын, және ол толқын – халықтан жасырын ұсталсын. Нәтижесінде: өздеріне бәрі жақсы ждеген иллюзия да, ал маған – нерв үнем…

  • Askhat says:

    Тәке, Сізді түсінемін.
    Бізде солай ғой. Қызығын шетелдіктер көреді, біз сол байлыққа қызығып қана қараймыз да өзіміздің күйбең тіршілігімізбен жүре береміз. Құдды бір сол мұнай біздікі емес тәрізді. Шынында да біздікі емес қой… Мұнай жырынан соң, енді уран жыры басталғалы тұр. Қызылорда жақта тұрмағаныңыз жақсы болды. Нервіңізден түк қалмас еді.

  • ШенTV болса деймін де мысалы. Өзара корпоративті каналдары болсын. Жатып келіп, халықты жамандасын, жақсылыққа түсінбейді деп. Кім президентке жақсын деген рейтингтер көрсетсін. Таң ата позитив алып, рахатты көрмей ме екен, түсінбеймін…

  • [...] Ескене-Құрық “Шевронның” назарында (Шетелдік басылымдар негізінде әзірленген жазбада инвесторлардың қазақ даласындағы мүддесі сөз болады) [...]

Leave a comment!

Add your comment below, or trackback from your own site. You can also subscribe to these comments via RSS.

Be nice. Keep it clean. Stay on topic. No spam.

You can use these tags:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

This is a Gravatar-enabled weblog. To get your own globally-recognized-avatar, please register at Gravatar.