Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Экономика

Жапондар қазақ уранына үміт артып отыр

Авторы on Thursday, 29 October 2009
Экономика
Пікір жоқ

Жапонияның өндірісшілері қазақ уранына үміт артып отыр. Осы аптада қаржы әлемінің тынысын бақылап отырған The Financial Times басылымы Toshiba компаниясы сирек кездесетін металдарды алу үшін Қазатомпром компаниясымен жылдың соңына дейін келісім шарт жасасуды көздеп отырғанын жазуда.

Жапонияның қазақтың қойнауына қызығуының басты себебі технология жасауда пайдаланатын элементтерді экспорттауға Қытай тыйым салуы мүмкін деген қауіптен туындауда. Бұған дейін жапондар әлемге әйгілі өнімдеріне Қытай шикізатын пайдаланатын. Дағдарыс тұсында әрбір ел ұлттық экономикасын нығайту үшін макроэкономикалық саясаттарына өзгерістер енгізді. Қытай да бұдан қалыс қалмады.

Шетелдік басылым жапондықтар шикізат дефицитін ұсталған қалтафондардың құрамындағы элементтерді қайыра қолдану арқылы өтеуде дейді. Осы орайда біздің де елімізде қазір адамдар екінші, үшінші қалтафондарын пайдаланып жатқанда, оларды да өндіріске жарату жағын ойластырған жөн болар деген ой келеді.

Тошиба компаниясы қазір әлемді ірі атом реакторларын салушы компания ретінде танымал. Аз уақыттың ішінде жапонияның танымал компаниясы «Қазатомпроммен» байланысын да нығайтып үлгерді. Өкініщке қарай, біздің елімізде аталған келісімнен не ұтарымыз, жапондықтармен жасалған келісімнің нәтижесінде қазақ өндірісінің айы оңынан туар, тумасы белгісіз…

Leave a comment!

Add your comment below, or trackback from your own site. You can also subscribe to these comments via RSS.

Be nice. Keep it clean. Stay on topic. No spam.

You can use these tags:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

This is a Gravatar-enabled weblog. To get your own globally-recognized-avatar, please register at Gravatar.